Ашық сабақ Қазақтың дәстүрлі өнері

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақсу ауданы

Бағыты: еңбекке баулу

Бағдары: қолөнер

Қазақтың дәстүр өнері

(қолданбалы курс бағдарламасы, 5 сынып)

Түсінік хат

Көптеген тәрбие жұмыстарының бір саласы өскелең ұрпақты халқымыздың ұлттық қол өнеріне баулуға бағытталады.Баланың білімін тереңдету, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарлату барысында қолөнер үйірмесінің орны ерекше. Үйірме жұмысының іс тәжірибесіне көңіл аударар болсақ, баланың шығармашылық кезеңдеріндегі танымдық мүддесінің дамуы - бейнелеу өнері, геометрия, математика, жануартану, өсімдітану, сызу, т.с.с пәндерге тікелей байланысты болатындығы аңғарылыды. Бала оқу процесінде алған білімін үйірмеде іс жүзінде қолданып, қолөнер бұйымдарын дайындау кезеңдерінде пайдаланады

Мақсаты:

Халық қолөнерін игеру арқылы оқушыны еңбексүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу, оқушыларды өздігінен еңбек етуге дайындау, кәсіпті игеруге көмектесу, оқушылармен жеке жұмыс жасау арқылы олардың шығармашылық ой-қиялдарын дамытып, табиғи қабілеттеріне сай еңбек етуге мүмкіншілік жасау.

Міндеттері:

- Қол өнер туралы білімдерін тереңдету;

- Оқущыларды өздігінен еңбек етуге баулып, ою-өрнек түрлерін үйрету;

- Тұтыну бұйымдарын, ұсақ бұйымдарды өз қолдарымен жасай білуге үйрету;

- Оқушылардың бойына ізгілік, адамгершілік, еңбекқорлық пен төзімділік қасиеттерді қалыптастыру.

Нәтиже:

Оқушылардың жасаған жұмыстарын жинақтау. Шығармашылық жұмыстар жүргізу.Аудандық көрмелерге қатысу.



Тақырыптық күнтізбелік жоспар

Р/с

Тақырыбы

Сағат саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

Ою-өрнек салып үйрен

«Мүйіз» ою-өрнегі

«Сынық мүйіз» ою-өрнегі

«Құс қанаты» ою-өрнегі

«Қос алқа» ою-өрнегі

«Төртқұлақ» ою-өрнегі

Оқушыларға ескертпелер

«Дөңгелек» ою-өрнегі

«Ойма» ою-өрнегі

«Шетою» немесе шесіздікке ұластыра ою-өрнегі

«Қима» ою-өрнегі

«Ромб» ою-өрнегі

«Төртбұрышты» ою-өрнегі

«Шаршы» ою-өрнегі

«Бесбұрыш» ою-өрнегі

«Алтыбұрыш» ою-өрнегі

«Сегізбұрыш» ою-өрнегі

«Онбұрыш» ою-өрнегі

Дербес компьютерге ою салу

Ою-өрнектің орындалу тәсілін әдістемеліктен оқып үйрену

Ою-өрнек. Элементтерін қағазға ою, сызу, қию әдісі

Сырмақ қалай жасалады?

Ежелгі ою-өрнектің атауы, үлгілері

Ою-өрнектің даму тарихы

Қазақ ою-өрнегінің ежелгі нұсқасы, атауы

Түркі белгілерінің қазақ ою-өрнегіне кескінделуі

Кілемнің бетіне салынатын ою

Қазақ ою-өрнегінің көне атауы

Ағаштан жасалған бұйымдар

Теріден және ағаштан жасалған бұйымдар

Зергерлік бұйымдар

Жүннен жасалған бұйымдар

Ою-өрнек атауларының түсіндірме сөздіктері

Қайталау

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Қолданылған әдебиеттер:

1.Технология пәні бойынша 5-6 сынып оқушыларын кәсіпке оқыту бағдарламалары

2.Дәстүр №1. (32) 2014ж

3. Дәстүр №3. (34) 2014ж

4. Қазақ халқының дәстүрлі өнері. М.Ш.Өмірбеков. Алматыкітап. 2004



© 2010-2022