Конспекты Буквар казахский класс Г, М, Ю, С, Я открытый урок 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспекты Буквар казахский класс Г,М,Ю,С,Я открытый урок 1 классКонспекты Буквар казахский класс Г,М,Ю,С,Я открытый урок 1 классКонспекты Буквар казахский класс Г,М,Ю,С,Я открытый урок 1 классКонспекты Буквар казахский класс Г,М,Ю,С,Я открытый урок 1 классКонспекты Буквар казахский класс Г,М,Ю,С,Я открытый урок 1 классКонспекты Буквар казахский класс Г,М,Ю,С,Я открытый урок 1 классКонспекты Буквар казахский класс Г,М,Ю,С,Я открытый урок 1 классКонспекты Буквар казахский класс Г,М,Ю,С,Я открытый урок 1 классКонспекты Буквар казахский класс Г,М,Ю,С,Я открытый урок 1 классКонспекты Буквар казахский класс Г,М,Ю,С,Я открытый урок 1 классҚостанай облысы Рудный қаласы әкімдігі

«№19 орта мектебі » КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Игиликова Надежда Ерхазыевна

Білімі : орта арнаулы

Еңбек өтілімі : 32 жыл

Санаты : Бірінші





Сабақтың тақырыбы : Г дыбысы мен әрпі Ақ көгершін .

Мақсаты : Оқушыларға Г дыбысымен әрпін таныстыру . Сөз ішінде г дыбысының ерекшелігін менгерту . Сөздерге дыбыстық талдау жасау арқылы г дыбысының дауыссыз екенін байқату .

Дамытушылығы : Оқушылардың Сөйлеу мәнерін , байланыстыра сөйлеу дағдыларын сөздік қорларын , өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту .

Тәрбиелігі : Отанын , елін , жерін сүюге тәрбиелеу . Ұйымшылдыққа ұқыптылыққа тәрбиелеу . .

Көрнекілігі : Әріптер, суреттер , ребус , Ақ көгершін суреті .

Сабақтың типі : Жаңа сақты менгерту .

Сабақтың түрі : Дәстүрлі .

Сабақтың әдісі : Әңгімелеу , сұрақ-жауап , талдау , түсіндіру , оқу , жазу .

Пән аралық байланыс : Музыка , дүниетану .

Сабақтың барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық .

2. Үй жұмысын тексеру :



Сергіту сәті :

3. Жаңа сабақ







Оқулықпен жұмыс :



Сөз мағынасын ашу :



Сергіту сәті :

4. Дәптермен жұмыс





Дәптердегі суретпен жұмыс .

5. Сабақты бекіту :

6.Қорытынды кезеңі :



7. Үйге тапсырма

8. Оқушыларды мадақтау :

Сәлемдесу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабағымызды «Балдырғандар» әнімен бастаймыз .

-Балалар біз өткен сабақта қандай әріппен , дыбыспен таныстық .

Қандай дыбыс ?

Тілдің қатысына қарай қандай дыбыс ?

Жақтың қатысына қарай қандай дыбыс ?

Ерінмен езудің қатысына қарай қандай дыбыс ?

Дыбыс дегеніміз не ?

Әріп дегеніміз не?

Ү әріпі бар сөздер ойлау .

Үкі туралы әнгімелеу .

Үйрек сөзіне дыбыстық талдау жасау

Сөздерді тізбектеп оқу

Жұмбақтарды жатқа сұрау

Кім кінәлі ? мәтінін рөлге бөліп оқыту .

Қимыл қозғалысты жаттығу .

Жұпар иісі еседі

Жайнап бақта өседі

Қай әріптен басталған

Аты не кім шешеді? (Гул)

Балалар гул сөзінен құралған жұмбақты шешеді .

  1. Балалар мына суретте не көрііп тұрмыз ? (Галстук)

Қазір қандай мезгіл (күз)

Кіші сөзіне қарама -қарсы сөз (үлкен)

  1. Балалар енді мен сердерге әріптік жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар .

  1. Газда бар ауада жоқ .

  2. Гулде бар жуада жоқ . Бұл қай әріп . (Г)

  3. Аналарға сыйлайтын

Аралар бал жинайтын

Үзуге адам қимайтын- бұл не ? (Гул)

Гул сөзі қандай дыбыстан басталып тұр ?

Г дыбысын есітіп көрейік . Г Г Г

Г дыбы қандай дыбыс .

Г дыбысына дыбыстық мінездеме беру .

  1. Бұл дауыссыз дыбыс себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауақуыз .

  2. Үнмен салдырдың қатысына қарай-ұяң , себебі : бұл дыбысты айтқанда үннен гөрі салдыр басым

  3. Айтылу , жасалу тәсіліне қарай - шұғыл дауыссыз . Себебі бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне қатты соқтығысып ауа кілт үзіліп шұғыл шығады .

  4. Жасалу орнымен дыбыстау мушелерінің қатысына қарай тіл ортасы дауыссыз .

Бағандағы сөздерді оқу

Мен өзім оқимын

Хормен оқу

Мағынасын ашу

Тізбектеп оқу .

Оқулықтағы 93 беттеті сөздерді оқып беру мағанасын ашу

Ақкөгершін өлеңімен таныстыру .

Балалар көгершін деген не ? Құс

Қандай құс ? Бейбітшілік , әділет , бақыт құсы

Бұл өлеңнің сөзін жазған Нығмет Баймұхаммедов 1904ж Орал облысы Жымпити ауданында дүниеге келген .

Егеу - Үй шаруасында қолданатын құрал

Сегіз - сан

Шеге ағашқа қағатын зат

Кереге - киіз үйдің бөлігі

Бетеге - өсімдік , шөптесін өсімдік жерге жабысып өседі

Неге- сұрақ сөз .

Мезгіл - уақыт

Егіз - бір анадан бір мезгілде туылған балар

Аяқтармен топ-топ -топ

Ал қолменен қоп-қоп-қоп

Бір оңға, бір солға

Кел мұнда айналайық

Енді барлығымыз тақтаға назар аударамыз .

Г әріпінің баспа түрі , жазба түрі .

Жазба түрі үлкен Г екі элементтен тұрады. (жазып көрсеті )

Көмекші жолдың жоғарғы жағынан бір нүкте аламыз сол нүктемен жұмыс жолының төменгі сызығына дейін көлбеу сызық сызымыз . Жұмыс жолдық төменгі сызығына жеткенде солға қарай имек жасаймыз енді бас киімін жасаймыз яғни екінші элементті жазамыз . Ал енді барлығымыз ауада жазып көреміз . Колымызға қаламдарды аламыз үш саусақпен ұстаймыз . Сұқ саусағымыз қаламның үстінгі жағында бас бармақпен сол жағын ал ортанғы саусақпен оң жағын ұстап жазуға кірісеміз . Көмекші жолдың жоғарғы жағынан бір нүкте аламыз сол нүктемен жұмыс жолының төменгі сызығына дейін сызық сызамыз .

Жарайсыңдар ал енді көркем жазу дәптерімізді ашамыз дәптерді көлбеу қоямыз аяғымыз еденге тиіп тұрсын партаға жақын отырмаймыз қаламымызды ұстап г дыбысын бастырып жазып шығамыз , жазып болған соң қаламды партаның үстіне қоямыз . (көркем жазу г әріпінің үлкен кішісін жазу сөздерді жазу )

Көркем жазудағы суреттерді тақтаға ілу

Балалар барлығымыз тақтаға қараймыз ? бұл не? Қандай әріп түсіп қалған . Суреттерді атау .

Әр сутетте неше дауысты дыбыс бар ? нешінші әріп түсіп қалған түскен әріптерді жазу .

Жарайсыңдар балалар сендер өте әдемі , таза жазады екенсіңдер .

  1. Балаларға гүлдің суретін тарқату сол гүлге г дыбысынана келетін 5 сөз жазып оны тақтаға ілу .

  2. Адасқан буындардан сөздер құрау .

Е-гін , се-гіз , шең-гел , ке-ре-ге, мез-гіл.

Ой қозғау : Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық ?

Г дыбысы қандай дыбыс ?

Қалай айтылады ?

Г дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі ?

Г дыбысы дауыссыз дыбыс , өйткені созып айтуға келмейді .

Ұяң шұғыл айтылады , тіл арқылы жасалады деп сабақты қорытындылау

«Ақ көгершін» өлеңін жаттау , Г әріпін жазуға дағдылану

Сабаққа жақсы белсенді қатынасқан оқушыларды Формативті , сумативті бағалау .

Күні:

Тақырыбы: М дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: 1. М дыбысы және әрпімен таныстыр.Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Балалардың буын туралы түсінігін кеңейту.

2. Балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін артырып,тіл байлығын дамыту,байланыстырып сөйлеуге үйрету.

3.Ұқыптылыққа,әдептілікке, ұжымдылыққа,адамгершілікке тәрбиелеп баулу.

Әдіс-тәсілдері:әңгіме,әңгімелесу,түсіндіру,ойын элементтер

Көрнекі-құралдар: кеспе әріптер қалтасы,ойыншықтар,үлестірмелі суреттер,әліппе-дәптер.

Кезеңдері

Өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлемдесу,балаларды түгендеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де Қуанасын сен де Қуанайық достарым Арайлап аткан күнге.

Ұй тапсырмасын тексеру

-Сурет бойынша әңгімелесу

-Д- дыбысын бар сөздер ойлау,сөйлем құрастыру.

-Сөздерді тізбектеп оқу.

-Домбыра,дала сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Ойын:

«Жоғалған буындар»сөздер құрау

1-топқа.Қа,ра,ла,ло,қо,қал,лақ,нақ.

2-топқа:Да,до,ла,до,да,ға,уа,да,ғал,ду,лат,да,на.

3-топқа:уа,а,ау,т,на,уа,ра,на,уан,уан.

Сергіту сәті:

Добым,добым домалақ.

Тоқтамайсын домалап

Үстел үстін бүлдірдін.

Тәрелкені сындырдын.

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

Жаңа сабақ:

Ойқозғау;Жұмбақ шешіп көрейік

Өзі жап-жас,мұрты бар,

Ет пен сүтке ұмтылар.

Тастамайды жылы үйде,

Түкті тоным шұп-шұбар.(Мысық)

2.Адам пішіндес.Айтсақ түсінбес Киім токымас.Кітап оқымас

3.Түйенің суретін көрсету.Түйе өркешін қарайық,Ұқсайды оған қай әріп?(М)

Сұрақ-жауап:

• Мысық, Маймыл деген сөзде қай дыбыс құлағымызға бірінші естіліп тұр?

• М дыбысы қалай айтылып тұр?Кедергімен ба, әлде кедергісіз бе?

•Дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр.

•Өте жақсы,олай болса М дыбыс қандай дыбыс екен?

•М дыбысы дауыссыз дыбыс болса,онда оны қандай текшемен белгілейміз?

• М дыбысынан басталатын сөздер айту, сөйлем құрау.

-М м дыбысы-дауыссыз дыбыс,М-дыбысына дыбыстык мінездеме беру.

М дыбысы



  1. Бұл дауыссыз дыбыс Себебі,бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққын ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,,ауа қысылып шығады.

  2. Үн мен салдырдың қатысына қарай---- үнді Себебі,бұл дыбысты айтқанда салдырдан гөрі үн басым.

  3. Айтылу,жасалу тәсіліне қарай---мұрын жолды дауыссызы.Себебі,бұл дыбыссты айтқанда ауа мұрын арқылы шығады.

  4. Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай---ерін дауыссызы.

Ойын:

«Ыстық көл»

М дыбысына келетін адамдардың аттарын ойлау.(Марат, Майгул, Мұрат,Маржан т.б.)

Оқулықпен жұмыс:

--Сөздерді оқып,мағынасын түсіндіру.буынға бөлу.

--Моншақ сөзіне дыбыстық талдау жасау.

--Оқушыларға оқыту,іштей,дауыстап.

Сергіту сәті:

Керілді мысық Бізге көзін қысып Жүгіреді жылдам Көрінсе оған тышқан.

Дәптермен жұмыс:

Д д әрпінің жазу емлесін үйрету.-«Д д» әріпін ауада жазып көрейік.

Дәптерімізді ашайық Әдемі етіп жазайық.

--Қаламсапты дұрыс ұстап,жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп,нүктелерді бастырып жаздырту.

Ұйқасын тап.

Іші толған шәрбәт,

Дәмді қандай әйбәт.

Үзесің бірден жүзіп,

Оның аты-(жүзім)

Сұрақ-жауап арқылы балалардың өздеріне қорытынды шығару. «Жүзім»деген сөзде М дыбысы сөздің соңында кездесіп тұр.

М дыбысы сөздің басында,ортасында,соңында кездеседі.

Сабақты қорытындылау,бекіту.

Балалардың білімдерін бағалау.

Таяқшалардан М әрпін құрастыру.

Құмда бар да,суда жоқ,Менде бар да,сенде жоқ. Қандай әріп?(М әрпі)

Күні:

Тақырыбы: С дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: 1. Оқушыларды С дыбысы және әрпімен таныстыру, дауыссыз,қатаң дыбыс екенін таныту. С дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасату, дұрыс жазуға,есте сақтауға үйрету.

2. Қол жаттықтыру,С әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру,кіші,бас әрпін жазуды үйрету.

3.Балаларды бағыт-бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істету,ой-өрісін дамытып,қорытынды шығаруға машықтандыру.

Сабақтың түрі:дамытушылық ойын сабақ.

Көрнекі-құралдар: кеспе әріптер ,суреттер,буындар,баспалдақ ойынының үлгісі,түрлі-түсті бор.

Кезеңдері

Өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Жылулық шеңбері:

Кәне,шеңбер бойына тұрып,бүгінгі күнмен сәлемдесейік.

Алақанды ашайық,Күннің нұрын алайық Жүрекке жылу салайық,Жиналған жылы шуақты Бір-бірімізге шашайық.

--Өткенге шолу:

-Балалар,біз қандай дыбыспен таныстық-Б дыбысымен.

-Б дыбысына дыбыстық мінездеме беру.

-Сөздерді тізбектеп оқу.

-Орман мәтінін оқу-Орман мәтінін оқу Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Ойын:

«Екінші буыным кайда»ба,ла,та,ба,бо,та,бо,та,бал,қа,ба,бақ,та,ша,ға,бақ,ша,бақ.

Сергіту сәті:

-Бақа,бақа,балпақ,

-Басың неге жалпақ?

-Темір телпек көп киіп,

-Басым содан жалпақ.

-Бақа,бақа,балпақ,

-Бұтың неге талтақ?

-Су бетінде көп жүзіп,

-Бұтым содан талтақ.

-Бақа,бақа,балпақ,

-Көзін неге тоспақ?

-Көрінгенге көп қарап,

-Көзім содан тостақ

Жаңа сабақ:

Ой ашар. Сұрақ-жауап арқылы.

Қыздар құлағына тағады-Сырға.

Қыздар қолына тағады-Сақина.

Ақ,дәрумені көп,пайдалы сусын-Сүт.

Мектепте не оқыймыз-Сабақ.

Қыздар басына киеді-Сәукеле.

Уақытты көрсетеді-Сағат.

Сызуға арналған құрал-Сызғыш.

Кітаптарды қайда саламыз-Сөмкеге.

-Дұрыс,өте жақсы жауап бердіңдер,жарайсыңдар!

-Осы сөздердің барлығының бірінші дыбысы қандай дыбыс?

• С дыбысы калай айтылып тұр? Кедергімен бе,әлде кедергісіз бе?

•Дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр.

•Өте жақсы,олай болса «С»дыбыс қандай дыбыс екен?

•С дыбысы дауыссыз дыбыс болса.онда оны қандай текшемен белгілейміз?

•С дыбысынан басталатын сөздер айту, сөйлем құрау.

-С с дыбысы-дауыссыз дыбыс.С-дыбысына дыбыстық мінездеме беру.

С дыбысы

1.Бұл дауыссыз дыбыс Себебі,бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,,ауа қысылып шығады.

2.Үн мен салдырдың қатысына қарай---қатаң.Себебі,бұл дыбыс тек салдырдан тұрады.

3.Айтылу, жасалу тәссіліне қарай---ызың дауыссыз.Себебі,бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысып,ауа сүзіліп шығады.

4.Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай-тіс дауыссызы.

Оқулықпен жұмыс:

--Суретпен жұмыс

--Бағандағы сөздерді оқу.Сөздердің маңынасын түсіндіру..

-- Сөздерді буынға бөлу

Сергіту сәті:

Бас бармақ қойды баға ғой.

Сұқ саусақ,шөпті шаба ғой

Ортан қол,бара ғой.

Аты жоқ қолға жұмыс жоқ

Шұнашақ ұйықтап қала ғой.

Дәптермен жұмыс:

Білезікке қарайық,Ұқсайды оған қай әріп?Шешуі:С әрпі.

С әрпінің жазба түрін тақтаға жазып көрсету. Б әрпінің элементерін ауада жазу.Жазу дәптеріндегі үлгі бойынша С дыбысын бастырып жазу.Дәптерді көлбеу қойып,әдемі,таза жазамыз.

Буын ұйқасын табу. Оқушылардың шешімі:

-са -са -са -ызыңдайды маса.

-із -із -із -бақшадағы сәбіз

-ыс -ыс -ыс -келіп қапты қыс.

Баспалдақ ойыны.

С-

С- -

С - - -

С - - - -

Жауабы:су,саз,сақа,сәбіз.Дыбыстық талдау жасау

Бағалау. Қорытынды:

-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-С дыбысымен.

-С дыбысы дауыссыз дыбыс.

-Неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар

-Себебі созылмайды.

-С дыбысына дыбыстық мінездеме беру.

Үйге:

Бағандағы сөздерді оқып келу.



Сынып: 1 «а»

Пән: Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Ю дыбысы мен әрпін таныту, оның сөз ішіндегі ерекшелігін меңгерту.

Дамытушылық: Өлең оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу мәнерін , байланыстырып сөйлеуін, тіл байлығын, ой-өрісін, сөздік қорларын дамыту. Сауатты, ұқыпты, таза, көркем жазуға төселдіру.

Тәрбиелік мәні: Білімділікке, сауаттылыққа, ұқыптылыққа, алғырлыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Кеспе әріптер,ю әріпіне байланысты суретер,текше ойыншықтар

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын,

Кезеңдері

Сабақтың барысы

Психологиялық дайындық

ІІ.Өткен сабаққа шолу «Ой шақыру стратегиясы»

Ойын: «Үйшіктерге орналастыр»

Сергіту сәті


Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс


Қорытынды


Амансың ба,алтын күн,

Амансың ба,көк аспан.

Амансың ба,жер ана

Амансың ба,достарым

Сендерді көрсем қуанамын.

1.Ю ю қандай дыбыс?

2.Юю дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

3.Ю дыбысын айтқанда қандай қосарлы дыбыстар естіледі ?

4.Ю дыбысы бар сөздер ойлау,сөйлем құрау, сөздерге дыбыстық талдау жасау

5.Жақсы көрем өлеңін жатқа сұрау.

Өтілген әріптерге жуан,жіңішке, қатаң,ұяң,үнді

Жаңа сабақ:Ойқозғау.Сөзжұмбақ.Әдептілік ережесін есінде сақта

Көлденеңінен:

1.Ерте тұрғанда төсек -орынды .....керек. жию

2.Ертеңгілік жаттығу жасап, салқын суды....керек.кұю

Тігінен:

3.Кешкілік аяқ-киімді тазалап...керек.қою

4.Отанды...керек.сүю

---Бұл әріптің ерекшелігі я дыбысы сияқты қосарлы дыбыс естіледі Ю=й+у. Бірақ жазғанда бір ғана әріп жазылатынын ескертіледі.

---Жарыс мәтінін оқу

---Қасқыр не деді?

---Аю ненің ұясын бұзып кетті?

---Аю қалай жүгірді?

---Мәреге қай аң бірінші келді?

1,2,3 Бойға жинап күш,

Жалқаулықты тастаймыз

Қолға қалам аламыз

Әдемі етіп ю әріпін жазамыз


  1. «Қызығушылығын ояту»стратегиясы

Жұмбақты шешкізу

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

(Аю)

«Сөз ойла.тез ойла»

Қ( қою),т (тою) , Ұ( ұю) А( аю) О (ою)

«Адасқан буындар» ойыны

А ю о ю қо ю қи ю құ ю тү ю сү ю кү ю

-Қандай дыбыспен таныстық? Мадақтау

.

Сыныбы: 1 «А»

Пән: Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Я я әрпі мен дыбысы. Сұр қоян

Сабақтың мақсаты:

Біләмділігі: Я дыбысы бар сөздерді оқып, жаза білуге дағдыландыру. «Сқр қоян» өлеңің мәнерлеп оқи білуге, мазмұнын түсінуге уйрету. Я дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге уйрету.

Тәрбиелігі: Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Табиғаттың әсемділігін сезіне отырып, оны сүюге , қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылығы : Ойлау, зейін, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын арттыру.Сауатты адемі жазуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық. Я дыбысының баспа, жазба түрлері, семантикалық карта, сөзжұмбақ.
Сабақтың түрі: Дамыту сабағы. Пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі:Сқрақ -жауап, талдау,

Кезеңдері

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі


Үй тапсырмасын тексеру (Я дыбысы,әріпі.Ұя.).

Үй тапсырмасын тексеру

Ойын : «Ойлан,тап!»

Сергіту сәті:



Оқулықпен жұмыс


Сегіту сәті

Сабақты қорытындылау

Ойын: «Баспалдақ»

Балаларды мадақтау





Мұғалім балаларды «Шаттық» шеңберіне шақырады:

-Балалар амансыңдарма, мен сендерді көргеніме қуаныштымын.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де ,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

-Я дыбысы қандай дыбыс?

-Я дыбысын айтқанда қандай қосарлы дыбыстар естіледі?

-Я дыбысы бар сөздер ойлау, сөйлем құрау

-«Ұя өлеңін жатқа айту»

-Сөздерді тізбектеп оқу.

Қорыту: Құс қясын бұзба! Құстарды қорғайық!

Жаңа сабақ. Ойқозғау.Жұмбақ шешу

1.Жесең ащы,

Көзіңнен шығарар жасты(Пияз)

2.Есек кұлақты,

Ешкі құйрықты ,

Мысық аяқты ,

Көрдім жүйрікті (Қоян)

3. Тал басында

Тамаша үй.

  • Балалар ,осы сөздердің ішінде бір аңаның аты бар, соны кім табады екен? (Қоян)

  • Ендеше балалар, менің сендерге таныстырайын деген өлеңім не туралы болады?(Қоян)

-Сөздерді тізбектеп оқу, мағыналарын түсіндіру

-«Сұр қоян» өлеңін мәнерлеп оқуы

- оқулықтағы суретпен жұмыс

-Жер- су аттарымен танысу

-Суретші суретті немен салады?

-Бояумен (Бояу)

-Дыбыстық талдау

Дәптермен жұмыс

Я әріпі бар сөздерді байланыстырып жазуға үйрету

--Я қандай дыбыс?

--Я дыбысын айтқанда қандай қосарлы дыбыстар естіледі

Ұ я

А я қ

А я з

Т а я з

Қ и я р


  1. «Сұр қоян» өлеңін жаттап алу

  2. Кісі аттары мен жер-су аттарының жазылуын есте сақтау

  3. Бағандағы сөздерді оқу.

Сынып: 1 «а»

Пән: математика

Сабақтың тақырыбы: + 1+1;-1-1 түріндегі қосу мен азайту

абақтың мақсаты: Сандар қатарының негізінде бөліктер бойынша қосу,азайту тәсілдерін меңгерту.Тірек білімдерін бекіту

шапшандық дағдыларын арттыру. Мысалдарды математикалық тілде оқуларын қалыптастыру. Есте сақтау.логикалық ойлау қабілеттерін, сабаққа қатысу қалыптастыру.

Тапқырлыққа , бірін-бірі сыйлауға, пәнге дешген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

Кезеңдері

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі


Ауызша есептеу


Жаңа сабақ


Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті

<<Балық аулау>>ойыны

Оқулықпен және дәптермен жұмыс

Логикалық тапсырмалар

Қортынды

-Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Мен сендерді теңізге сахатқа шығуға шақырамын.нағыз теңізші болғыларың келе ме?(Мұғалім балаларға теңізші жағасын таратады) Ал қазір сабаққа дайындықтарынды тексерейін. (Қыздар дайынсыңдарма? Ұлдар дайынсыңдарма?)

Біз таңғажайып аралға жүземіз, ол аралдың қожайыны-математика ғылымы.өйткені біздің білімімізді сол ғана бағалай алады.

Кемені жүзу үшін,

Ұшақпен ұшу үшін,

Көп білу керек.

Көп нәрсе қолдан келу керек

Балалар , біздің саяхатымыз қызық әрі қауіпсіз болу үшін барлық білімімізді ортаға салу керек,өйткені қиындықтар кездесуі мүмкін

Ең тез тапқыш және өте ұқыпты оқушыға медаль таратылады. Сабақ соңында қорытынды шығарамыз

-Балалар саяхатқа дайынбызба? Саяхатқа аттанамыз, дұрыстап ыңғайланып отырайық(Музыка естіледі, экранда кеме пайда болады)


  • Міне біздің кеме

  • Кемемен жолға аттану үшін тапсырманы орындау керек.

Тікелей есептеу.(партада сандар жазыл5ан карточка 1 ден 10ға дейінгі сандарды ретімен қояды)

-Ал, осы сандар туралы не білесіңдер?

- Сандар қандай ретпен тұр? Өсу ретімен

-Сандар көршісін атандар?

-4,,,,,8,,,,,2,,,,?

-Алдыңғы сандарды ата ?

Жарайсыңдар ,біздің кеме жүзіп барады

Экранда кеме ,таңіз, бөтелке көрінеді

-Ой балалар бөтелкені қараңдар?Ол мұнда қалай пайда болды?

Негізінде бөтеленмен хабар жіберген. Көрейік,не бар екен?

(мұғалім пластмасса бөтелкені көрсетеді. Бөтелкеден картаны алады)

-Балалар мұнда карта. Егер тапсырмаларды дұрыс орындасақ, әрі қарай қайда жүретінімізді білеміз

Экранда карта пайда болды

Онда +1+1 -1-1 түріндегі қосу мен азайту

  • Бұл біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы

  • Қосудың компоненттерін атандар

  • Азайтудың компоненттерін атаңдар?

  • 1 тапсырма

  • 1+,,,=2 7-,,,,=6 4+,,,,=6 3+,,,=4

  • Карта өте ескі ң бөтелкеге су кірген , кейбір сандар мен таңба өшіріліп қалған . оны қалпына келтірейік

№2 тапсырманы орындату. Таңбаларды қою

9,,,,1=8 8,,,1=9 2,,,,1=3 9,,,1=10 8,,,1=7 3,,,1=2

Жарайсыңдар бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар.

(Компьютерде музыкасымен бірге ойналады)

Ары қарай жүргіземіз .

Экранда балықшалар, қайықтар

-Өй,бұл кімдер? Балықшалар. Олар балық аулап отыр.

Біз де балық аулай аламыз ба?

Біз де балық аулай аламыз.

-Балықтың түрлерін білесіндер?

-Балықтын қандай пайдасы бар?

-Менде балықтар бар. Кім балық аулағысы келеді? (Оқушылар мысалдар жазылған балықтарды алып, жауап береді)

Дәптердегі тапсырмаларды орындау.

№3 тапсырма 7-1-1=5 5+1+1=7 3+1+1=5 5-1-1=3 6-1-1=4 4+1+1=6

-Жарайсыңдар?

Әрі қарай қараймыз

-Бұл аралдын иесі қайда екен?

Математика аралының патшасы кіреді.

Мен сендерді манадан бері бақылап отырдым.

-Сендер тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.Жарайсындар!

-Сендерге арналған тағыда тапсырмам бар.

-Бұл тапсырма нағыз тапқырларға арналған.

-Мұқият тыңдаңдар.

1.Он асықтың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы,сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

-Сендерге саяхат ұнады ма?

-Математика ғылымы қызық ғылым ба?

-Ал,біздер қадап демалуымызға болады.Тамақтануымыз керек.

-Сабақ аяқталды.

Балаларға медальдар таратылады.

Сабақтын тақырыбы: М дыбысы мен әрпі

Мақсаты:М дыбысы мен әрпін таныту. Сөзге дыбыстық талдау жасау. М әрпі бар сөздерді оқи білуге,буынға бөліп оқуға жаттықтыру.

Дамытушылық:Өтілген дыбыстарды қайталау арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қаблеттерін, танымдық іс-әрекеттерін,шығармашылығын,сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, оқуға тәрбиелеу.

Сабақтын әдісі:Ой қозғау арқылы дамыта оқыту.

Сабақтын көрнекілігі:Суреттер сызбалар,сөзжұмбақ,шығармашылық жұмыс.

Сабақтын барысы:

Кезеңдері

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі:

Жылулық шеңбері

Үй тапсырмасын тексеру

Өткенге шолу:


Ойын:Кім шапшаң?


Жаңа сабақ:Ойқозғау;

Жұмбақ шешіп көрелік

Оқулықпен жұмыс:

Сергіту сәті:


Дәптермен жұмыс:


Шығармашылық жұмыс:

Ұйқасын тап

Сабақты қортындылау:


Үй тапсырмасы:

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.


Қане,шеңбер бойына тұрып,бүгінгі күнмен сәлемдесейік. Алақанды ашайық, Күннің нұрын алайық Жүрекке жылу салайық. Жиналған жылы шуақты Бір-бірімізге шашайық.

-Сурет бойынша әңгімелесу

-Мақта-бағалы өсімдік. Ол жылылықты,күн көзін ,құнарлы топырақты және ылғалды қатты ұнататын өсімдік. Ол суармалы жерлерде өседі.

-Ойын;<<Сөз ойла,тез ойла>>

ойны арқылы <<м>>дыбысынан басталатын сөзер айтқызу.

-Сөздерді тізбектеп оқыту

-Моншақ сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Ойыны сәйкестендір

Буыннан сөз құрау

А па

Та ла

Ал на

Да ға

Ай ра

Ой ша

Қа ма

Марат та өлең жаттады, Манас та өлең жаттады. Қай әріптен басталған. Екеуінің аттары?(м)

Ал енді балалар, түйе өркешіне қарайық. Ұқсайды оған қандай әріп?(м)

-оқулық бетіндегі сөздерді оқушыларға буынға бөліп оқытып,әр сөзге түсінік беру.

-Оқушыларға дауыстап, іштей оқыту.

Пеш үстінде мысық отыр,

Аяздап көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі онын қышып отыр.

Мысық-таза хайуан.Олар мұқият жуынады. Мысық тарғыл жолбарыс пен аң патшасы арыстанға өте ұқсас. Мысық тышқанның інін тапжылмай андып отырады.

-М м әрпі бар сқздерді байланыстырып жазуға үйрету

-<<Жоғалған әріптер>>жазу

Дәптерімізді ашайық

Әдемі етіп жазайық

-Қаламсапты дұрыс ұстап,жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп жазу.

Іші толған шәрбат,

Дәмі қандай әйбат.

Үзесің бірден жүзін,

Оның аты...(жүзім)

М дыбысы

-Дауыссыз дыбыс

-Ерін дауыссыз

-Үнді дауыссыз дыбыс

-Мұрын жолды дауыссызы

-Сөздін басында, ортасында және соңында кездеседі.

М дыбысы мен әрпін оқу





© 2010-2022