Тақырыбы: Өтілген бір сабақ бойынша рефлексивті есеп

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы ,Ақтау қаласы

« Гимназия сыныптары бар №28

жалпы орта білім беретін мектеп »ММ

бастауыш сынып мұғалімі

Айжанова Базархан Жапарқызының

Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша рефлексивтік есеп

Мұғалімнің ойы

Білім адамға өз идеяларын құру ,дамыту

еркіндігін арттыруға көмектесуге тиіс

Лауренс Стенхауз

Бастауыш мектеп-оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.Бастауыш сыныптағы оқыту мазмұнында ерекше орын алатын пән-Дүниетану. Бағдарлама модульдері негізінде оқыту-мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісі құрылымын түбегейлі өзгертуге, дүниетанымдарын кеңейтуге,жеке қабілеттерін көре біліп,оны дамытуға толық жағдай жасауы.Сонымен қатар негізгі ерекшелігі-бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге ,өз жұмысының нәтижесін көріп,өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беруі. Шығармашылығын шыңдауы. Дьюидің көзқарастары өте өзекті мәселердің шешімінің айғағы.Ол«Белсенді сабақтарды жүргізу, табиғатты,жаратылыстану ғылымы пәндерін оқу,қарапайым бейнелеме және ауызша сабақтардан арылу және оларды екінші жоспарға ауыстыру ; мектептегі рухани атмосфераны өзгерту,оқушы мен мұғалімдерге келетін болсақ-тәртіпті өзгерту;өте белсенді факторларды, дәлдікті және өзін-өзі басқаруды енгізу - бұның барлығы кездейсоқ емес, өте ауқымды өзгерістер үшін қажетті нәрселер болып табылады» (1990), Выготскийдің (1987)әлеуметтік сындарлы теориясы сияқты Дьюи жаңа тәжірибемен үнемі алмасу және жаңа тәжірибені алуға белсенді ат салысу арқылы білім тез алынады деп санады.Оның ықпалы Американдық психолог Карл Роджерс(1960) еңбектерінен көрінді.Оның тұжырымдамалары бүгінгі таңда «оқушыға бағдарланған» оқыту және «тәжірибелі» оқыту ретінде әйгілі болған тұжырыммен,білім беру саласындағы үдемелі қозғалысқа күшті ықпал еткен тұжырымдамалармен мәндес. Міне ,осындай Роджерстің оқушылар тарапынан айтылған басты тілек ретінде анықтағанын ,тізбектелген сабақтар топтамасындағы бірінші сабағымда басшылыққа алып,Блум таксономиясы негізінде өткіздім.Бұл анықтама негізіндегілер жаңа іс-тәсілдердің нәтижелерімен сабақтас екені даусыз.Жеке тұлғаға бағытталған оқыту мен оқуда; *Оқушылар өздеріне сенгенді және құрметтегенді қалайды.Олар мұғалімнің өздеріне деген қамқорлығын сезінгісі келеді,көмектесуге деген ниетін оларды кейін қалушы емес,үлгеруші ретінде көргісі келетінін білдіргенін қалайды. *Олар барлық қатысушылар бірлесе жұмыс істей алатындай қоғамдастықта болғанын қалайды. *Оқушылар рұқсат беруді емес,еркіндікті, мақсатқа қол жеткізу үшін өз ойын айту еркіндігін қалайды. *Оқушылар жауапкершілік алу мүмкіндігі берілгенін қалайды;олар оқыту туралы шешім қабылдауға белсенді қатысушы болу үшін жеткілікті түрде оларға сенім білдіргенін қалайды. *Оқушылар таңдау жасағанды қалайды. Олар белгілі бір дәрежеде өз оқуын басқаруды қалайды. Джером Брунер теориясының ажырамас бөлігі ретінде «жаңалық ашу»және «егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзіне өзн ашушы болуға рұқсат етілсе, алынатын шынайы нәтижелер» деген ұғымдар болды.(1962).Оқытудың мұндай типінің артықшылығының төрт маңызы:біріншіден,зияткерлік мүмкіндіктердің өсуі арқылы ;екіншіден , сыртқы марапаттаудан ішкі марапаттауға өту арқылы;үшіншіден,жаңалық ашу арқылы;және соңғысы,жадыны дамыту үшін осындай оқытудыңтиімділігі арқылы қол жеткізуге болатын «болжаулық» тәсілді ұсынатын оқу ретінде сипатталды.Британдық ойшыл Лауренс Стенхауз «мектеп мәдениеті жеке тұлғаның дамуы үшін кең мүмкіндіктер ұсынуға тиіс,олай болмаған жағдайда,бейімделу үдерісі шектеледі.Сыныптағы өзара байланыс кезінде еркіндік көбірек қажет.Ойлану,басқалармен көңілді және жемісті өзара әрекет ету арқылы тәжірибені байытуға тиіс» (1971).Міне,осындай ойшыл зерттеушілердің еңбектерімен таныса отырып,ой пікірлерін сабақ жоспарын жасау да басшылыққа алдым.Құзырлы оқытудың маңызды факторы-мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өзбетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Бұл тәсіл үдеріске оқушының өзінің қатысуын талап етеді.Осылайша,оқушы өзінің оқуы үшін өзі жауапты болады.Оқушы жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп,қабылдайды. Қазіргі бастауыш мектептердегі жаңа өзгерістер өлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып,баланың жеке дара күшін дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағытты ,жобаны іздестіру және оны қолдануға бағытталған Республиканың «Білім туралы»Заңында «Білім беру-бұл қоғам мүшелерінің,интеллектуалдық мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың үздіксіз үдерісі» делінген. Әр баланың жеке қабілетіне қарай тұлғалық дамуы,жеке адамның дарындылығын дамыту ,білім саясатының басты ұстанымы. Мектептегі оқу үдерісіні негізгі мақсаттары-баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру,сол арқылы таным әрекетін белсендіріп,шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.Шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады. 1.Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.\топтау,бақылау, қалыптастыру\ 2.Қызығушылық пен таным белсенділігін арттыру. 3.Оқушы бейімділігі мен икемділігіне сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату 4.Мұғалім өз ісіне іздемпаздықпен қарап,сабақты шығармашылықпен өткізу. Жалпы өз іс-тәжірибемде байқағанымдай,оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру-іс-әрекеттер барысын оқушының іздемпаздығы,бейімділігі,жаңа нәрсені жасауда қажеттіліктердің пайда болуы арқылы дамиды. Осы деңгейге жету үшін Б.Блумның бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесін сабағымда пайдалануды жөн көрдім.

«Блум таксономиясы» кестесі

Мақсаттар жүйесі Оқушылардың іс-әрекеті Білім Оқушы меңгеретін және оған берілетін білім негізі Түсінік Оқушы білімді қабылдайды,түсінеді,түсіндіреді. Қолдану Алған білімді қолданады. Талдау Білімді талдайды,саралайды,салыстырады. Жинақтау Алған білімнен жаңа түйін жасап шығарады. Бағалау Өз пікірін білдіреді,сынайды,мақұлдайды,өзгертеді.

Сабақты 2«Б»сыныбында өткіздім.Сабақ тақырыбы: Маңғыстау. Тақырып оқушылар үшін өте таныс.Оқушылар сабақ үдерісінде өзін еркін сезіну үшін алдын ала олардың сәби қиялын өрістетуге және туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал ету мақсатында сынып сағатында «Маңғыстауға-40 жыл», «Ақтауға-50 жыл» шараларына орай «Болашақ зерттеуші» атты өз қалаулары бойынша ізденіп, шығармашылық тапсырмалар орындап келу тапсырылды. Сабақ мақсаты:Маңңыстау «қара алтынның»өлкесі екенін білу,өлке туралы білігін зерттеу-зерделеу,бақылау әдістері арқылы меңгерту. Күтілетін нәтиже: 1.Қазақстандықтар үшін Маңғыстау байлығының мәнін түсінеді. 2.Білімді өз беттерімен меңгереді. 3.Пайдалы қазбаларды табу әдістерін көрсетеді. 4.Мұнай қасиеттерін анықтайды.\тәжірибе жасайды\ 5.Сыни ойлайды.Сөздік қоры артады. Әдісі:Блум таксономиясы,АКТ,әңгімелесу,диалогты оқыту т.б Сабақты ынтымақтастық ахуал орнатудан бастадым. \Шеңберге тұрып,қол қимылдары арқылы орындау.\ Қуанамын мен де, Қуанасың сен де.



Жайнап тұрған мынау, Жарқыраған күнге. Топқа «Ойыншықтар» суреті арқылы бөлінді. \Алма,күшік,үйшік,доп.\ Топ ережелер мен бағалау критерийлерімен алдын ала таныстырылды,сабақ міндеттері айқындалды. Әр топ мүшелері өз басшы,хатшы,бақылаушы,репортерларын сайлап алды.Топқа бөлініп отырудың өзі оқушылардың қызығушылығын арттырды.АКТ-ны пайдалану арқылы «Маңғыстау кеше және бүгін»атпен визуалды айғақтар- фото суреттерді пайдаланып,ықтимал сұрақтар қойылып,жауап алынды.Мақсат: *Бастауыш сынып оқушыларын ақпараттық танымға бейімдеу; *Ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту; *Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып,әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау;

Тақырыбы: Өтілген бір сабақ бойынша рефлексивті есеп

Тапсырмалар;сурет бойынша не айта аласың? Сурет қай кезде түсірілген? «Қызыл кітапқа» енген жануарларды ата.Киік туралы не білесің? Мүйізін не үшін пайдаланады?,Арқар туралы әңгімеле. Қасқырды неге «емші» дейді?Төрт түлік суреті не үшін берілген? Не өзгерді? Ненің орнын не басты? Неге?екінші суреттер бойынша сұрақтарға оқушылар зеделеп қарап ойлана жауап іздеді. Әр топтан шыққан оқушылар бір -біріне сұрақ қойып,жауаптар алынды.Осылай «Миға шабуыл» оқушылардың белсенділігін сенімін өздеріндегі білімді еркін көрсетуі бір-біріне көмегі,топ алдындағы жауапкершілігін түсінуі білуге деген құштарлығын арттырды. Суреттерде қай жер бейнеленген?деген сұраққа Маңғыстау деген жауап алынып,жаңа тақырып атауын өздері ашты. Бағалау бетшелерінде сұрақ-жауаптарды қолдануда формативті бағалау жүріп отырды.



Тақырыбы: Өтілген бір сабақ бойынша рефлексивті есеп Оқулықпен жұмыс.Мәтінмен оқып танысып шығу.Топ басшысы азат жолдар арқылы мәтінді бөліктерге бөліп,ресурстар дайындап берді.Оқи отырып «түртіп алу»тәсілі арқылы түсніксіз сөздерді белгілеп отырды.Талдап ,тақылады.Өзбеттерінше оқып дайындалып Өз топтарында кейін топтар арасында түсіну дәрежелерін мазмұнын айту арқылы жеткізді. Сабақ бір сарынды болып кетпеуін қадағалау арқылы топтардың айтпай кеткені немесе жеткіліксіз айтқандары болса соны жеткізуді бақыладым.

Тақырыбы: Өтілген бір сабақ бойынша рефлексивті есеп

Түсіну дәрежелерін анықтау үшін бірінші модуль тәсілдерін қолдандым.Диалогты оқыту,сыни ойлау ,кейс тәсілдерін ішінара пайдаландым. «қара алтын»дегеніміз не?Мұнай неліктен қара алтынға теңелген? деп проблемалық сұрақтар қойып,топта талдап.бір-біріне ұқсамайтын дәлелдеме дәйектер айтылып,проблемалық сұрақ түйінін шешу іс-әрекеті өріс алды. Образға кіру-жансыз заттың орнына,өзін қою,олардың қандай күй кешіп,қандай қызмет атқаратынын сезіну.Мұнай туралы Айгерім деген оқушы;Мен-мұнаймын.Мен-байлықпын,мекенім-жер,мені бұрғылайды,құбыржібереді,содансорапқабарамын,пойыз,құбырлар, кемелер арқылы тасымлдайды.Елге қызмет етемін ,пайдам мол, менен көп зат алынады,адамдар пайдаланады,кен орнында жұмыс істейтіндер жалақысы жоғары болған үшін қуанып,шаттаннады. Адамдарға шаттық сыйлаймын. Сондықтан мені алтынмен теңестіреді.Менің Қазақстан үшін пайдам мол. «Жері- байдың, елі -бай»деп түйіндеді.\кейс\Осындай жас ерекшелігіне сай емес өткір пікір айтқан оқушыларымның бойынан көшбасшылық,тез икемделіп, бейімделгіш қасиеттерді байқадым.Түсіну деңгейін дамыту сұрақтары мен тапсырмалар көшбасшылық қабілетті байқау жолы ма деген ой туындады.Қабілет әр баланың бойында болуы мүмкін біздің міндет соны ашу.Сабақ барысында ата-аналар көмегімен ғаламтор арқылы біліп келгендерін ортаға салды. Алынған білімді қолдануда оқушылар мұнай неден пайда болатынын ғаламтор арқылы біліп келгендерін айтты.Елнұр деген қазақ тілінде еркін сөйлей алмайтын оқушым.Өз тобынан суырылып шығып, «мұнайдың ұзақ жылдар бойы жинақталған өсімдік қалдықтары мен жер асты жәндіктерінің өлекселерінен пайда болатынын ғаламтор арқылы біліп келдім»қуана хабарлауы бүкіл сыныпқа әсер етіп ешбір қайталауды қажет етпей мұнайдың пайда болуы оқушылар есінде қалды,оларға бұл ақпарлама тың жаңалық боп әсер етті. Қолдану бөлімі бойынша сұрақ-тапсырмалар топтарға жалпылама қойылып, талқыланды,оқулықтан тыс айтатындары бар топ мүшелері тыңдалды. Зауыттарда мұнайдан не істелінеді? Жергілікті өлкеде қандай мұнай кен орындары бар?Мұнайшылар қандай қандай жұмыстар істейді деп ойлайсың? Мұнай қалай тасымалданады?Сен оны көрдің бе? деген сұрақтар жөнінде « нақты қысқа сұрақтар мен жауаптар» деген дидактикалық ойын түрінде жарыс ұйымдастырылды.Себебі сыныбымдағы оқушыларымның жартысының ата-анасы мұнайшы. Мақсатты түйін кәсіптік бағдар беру,еңбекті қадірлеу,ата-ана қамқорлығын сезіну,табиғаттың байлық көздерін тану. Өзін-өзі, бір -бірін бағалады. Талдау-қиялдау . Мәтінмен жұмыс.Оқушылардың қабілетін ой-санасын,шығармашылығын дамытуда мәтіннің рөлі зор.Талданбаған мәтін бала жүрегіне жетіп оны ойландырмайды.Оқушылар топ басшысы бөліп ресурстар бойынша топтық талдау нәтижесінде түсініп,INSERT арқылы сөздік жұмыстар жүргізіп,мұғалім көшбасшылығымен,құрдастарының оқытуы арқылы талдап,сөз мағыналарын ашты.Мысалы: сорап-мұнай айдайтын қондырғы,бұрғылау-жер қазу тәсілі,жерге құбыр жіберу.Кен орны-мұнай шыққан жер,жұмыс орны.Глосарий әдісін қолданылды.. Мәтіндегі суреттерді танып,талдау.Құбыр мен сорап қызметін талдап көрсетуді меңгерді.Қосымша сұрақтар арқылы жетілген қандай қондырғы ұсынар едің деп қиялын өрістету шаралары қарастырылды.Оқушылар шама-шарқынша жауап берді.Сонда қазіргі таңда көретін шағынфильмдердің ықпалы байқалды. Менің ойымша көгілдір экраннан берілетін балалар бағдарламасын дайындайтын мамандардың да қосымша осы Кембриждік жоба туралы біліктілігін арттырса деген ой тұрды.Егемен елдің болашағы-осы мектеп партасында отыр.Ел боп атсалысу қажет деп ойлаймын. «Ойында ой өсіреді» дейді халық даналығы.Ынтымақтастық атмосферсында «Сергіту»сәтін өтткізіп отыру оқүшыларға жақсы Физиологиялық ықпал етеді екен.Өзім сергітуді тақырып аясында болу үшін төрт жол өлең шумағын шығарып,сөзіне қарай қозғалыс жаттығуларын жасадым.Елін,жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелік ықпалы болар деп ойлап көшбасшылық жасадым. Жақсы көрем Ақтауымды, Тоқындаған Каспийді. Шағаласы шарықтаған, Аққу құсы қалықтаған. Мақтан етем Маңғыстауды. Оқып-танып білгенін зертеп-зерделеп бақылап,нәтижесінде тәжірибе арқылы талдап ,танып білу бүкіл сабақ үдерісін талдау деп ойлаймын.Сондықтан оқушылардың сабақ үрдісінде танылған шығармашылық қабілеттерін басшылыққа ал отырып оқу мен оқытудағы әдіс -тәсілдер қорытындысы ретінде төрт топқа тапсырма берілді.Тәжірибе жасау.

Тақырыбы: Өтілген бір сабақ бойынша рефлексивті есепТақырыбы: Өтілген бір сабақ бойынша рефлексивті есеп 1-ші топ.Мұнай қасиеттері; 2-ші топ.Мұнайдың жанғыштығы; 3-ші топ.Мұнайдың жұққыштығы; 4-ші топ.Мұнайдың сумен араласуы; *1-ші топ. Мұнай қасиеттерін анықтау үшін Қаражанбас мұнай кен орнынан әкелінген « табиғи мұнаймен» тәжірибе жасаған оқушым Рамазан,ыдыстағы мұнайды оқушыларға көрсетіп,мынадай қасиеттерін: а) түсі;ә) күйі;б) иісі ;в)сипатын айтып берді. *2-ші топ.Мұнайдың жанғыштық қасиетін анықтау үшін алдымен шыны ыдыс алып, үстіне екі-үш тамшы мұнай тамызып,жағу арқылы тәжірибе жасалды. Оқушым Мейрамбектің өзі тәжірибе барысын баяндап,айтып бұл қасиеті оны жанғыш отын бензин,керосин ретінде пайдаланылатынын атап көрсетіп,көлік қатынасындағы рөлін айтып өтті. *3-ші топтан шыққан Дархан .Мұнайдың жұққыштық қасиетіне тәжірибе жасады.Ақ қағаз бетіне арнайы түтікшемен мұнайды жағып көрсетіп,бұл қасиеті сабын,кір жуатын заттар,тіс пастасына қосымша пайдаланылуы мүмкін деп дұрыс шешім айтты. *4-ші топтан шыққан Альбина .Мұнайдың судан жеңіл екеніне тәжірибе жасады.Шыны стакан алып,ішіне су толтырып,үстіне мұнай құйып араластырғанда мұнай су бетінде қалатынына оқушылардыың көзін жеткізді.Ол бұл тәжірибесінің жағымсыз жағын атады.Каспий теңізінен алынатын мұнай суға төгілсе су бетінде тұрып, судағы балықтар мен өсімдікке зиян деп ойын түйіндеді.Топтар өзара « Бағдаршам көздерімен» бірін-бірі бағалады.Жасыл-5,қызыл-4,сары-3. Тәжірибені көріп,жасап, талқылау барысында оқушылар ерекше ынта-ықыласпен қызығушылық танытты.Оқушылар бірін-бірі өз ара қолдап,қажетті кері байланыс орнатуға ,сөйлесу,талқылау,түсіндіру және бірін-бірі сыни бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етті.Тиімді жасалған өзара бағалау алдағы оқу кезеңдерінде оқушылардың одан әрі алға ұмтылуға деген жауапкершіліктерін дамытуға көмектеседі.

Тақырыбы: Өтілген бір сабақ бойынша рефлексивті есеп Жинақтау Тапсырма.Топтармен жұмыс. Постерде орындау, сюжетті кескіндеме дайындап,білімдері мен өздерінде бар ақпарат қорларын жинақтап, пайдаланып, қорғау 1-ші топ.Тәжірибені қорытындылау. 2-ші топ.Мұнай өнімдері 3-ші топ.Тасымалдау жолдары. 4-ші топ.Қазыналы өлке байлығы. 1-ші топ аз уақыт ішінде тәжірибе бойынша қорытынды жасап постерде орындап,топпен қорғап шықты.Тәжірибе қорытындысы күнделікті өмірде қалай көрініс табатынын әр топ мүшесі әңгімеледі. 2-ші топ мәтін бойынша мұнайдан алынатын өнімдер туралы постерде бейнелеп,қолданылатын орындарын атап көрсетті.Топтық жұмыс орындалды.Суреттер сызбалары үшін еңбек сабағында жасалған шаблондар қолданылды.Мұнда оқушылардың бейнелеу және еңбекке баулу пәндері бойынша бейімділіктері мен икемін,ойлау қабілеттерін көркем өнермен ұштастырып,көрсете білуі аңғарылды.Білімдерін жинақтап нәтижесін көрсетті. Түйін.Мұнай шикізаты бар салаға өте қажет.Әр түрлі жолдармен көптеген өнімдер алынады.Табиғат -біздің асыраушымыз деді топ басшысы Тұрар. 3-ші топ мұнайды тасымалдау жолдары туралы білік дағдыларын тақтада кеспе суреттер мен өз қолдарымен дайындаған құбырлар арқылы орындап ,мазмұнды түрде сюжетті кескіндеме бойынша әңгімеледі.Тапсырманы орындауға топ мүшелері түгел қатысты. Түйін.Тасымалдауда өте ұқыпты,жауапты болу керек.Қазақстан үшін «қара алтынның »маңызы зор деп пікір білдірді Айымгүл. 4-ші топ «қазыналы өлке байлығы» атты тақырыппен таратылып берілген бірнеше жануарлардың ішінен тек Маңғыстауда барларын ғана топ мүшелері өз кезегінде алып,шығып олар туралы қысқа-нұсқа түсінік берді. Мысалы:Арқар тауда болады. «Қызыл кітапқа» енген .т.б.Түйін.Байлық тек мұнай мен газ емес,жануарлар да.Табиғатты қорғау біздің міндетіміз деді топ басшысы Клара. Топтар бірін -бірі бағалады.Формативті бағалаумен қатар жинақтық бақылау жүрді. Бағалау .Салыстыру.Пайдасы мен зияны.Әр топ бір-бір ауыз сөзбен айтып шықты. Кері байланыс. INSERT картасын толтыру.Не үйрендім? Не үйренгім келеді? Олар неге алтындар?Болжау,іздену.Визуалды айғақ «Қара алтын-мұнай», «тірі алтын-бекіре»

Бағалау критерийлерін ұсыну

Ойлау деңгейі

Сұрақтар мен тапсырмалар


Білу «Маңғыстау кеше және бүгін»Қара алтын деген не? 5

Түсіну

Неден,қалай пайда болады?

Жердің қандай қабатында ?

Қалай өндіреді?\тәсілі\

2

1

2

Қолдану

Мұнай шикізатын қандай өнімдер алуға қолданады?

Жергілікті өлкеде қандай мұнай кен орындары бар?

Мұнайшылар қандай жұмыстар атқарады?

Қалай тасымалдайды?

2

1

2

Талдау,

қиялдау

Мәтінмен жұмыс.Құбыр мен сораптар қызметі.

Суреттерді көре отырып,өздері қорытынды жасау.

Болашақтың өндірістік машиналары.Қиялдау.

Тәжірибе .Төрт топ әр қасиетіне жасайды.

№1.№2.№3.№4

/Мұнайдың жанғыштық,жұққыштық,жеңілдік үш қасиеті және сипаттама/

5

2

5

5

Жинақтау

Топтармен жұмыс.1-4 топтар.

Постер,сюжеттік кескіндеме,өлке байлығы жануарлар туралы орындап, қорғау.

№1 -ші топ тәжірибені қорытындылау.

№2 -ші топ мұнай өнімдері.

№3-ші топ тасымалдау жолдары

№4-ші өлке жануарлары-байлық

5

Бағалау

Салыстыру.Пайдасы мен зияны.

з

Кері байланыс

Не үйрендім? «қара алтын-мұнай»

Не үйренгім келеді? «тірі алтын-бекіре».болжау

Бағалау

Критерий бойынша оқушылардың өзін-өзі бағалау қорытындысына талдау,қорытынды баға

Білу

5 балл


Түсіну

5 балл


Қолдану

5 балл


Талдау,қиялдау

17 балл


Жинақтау

5 балл


Бағалау

3 балл


Жалпы ұпай

40 балл




30-40 балл «5»,19-29 балл «4»,8-18 балл «3», 0-7 балл « бағасыз». 20 оқушы бағаланды. «5»--7 оқушы, «4»-9 оқушы, «3»-4 оқушы Үйге тапсырма: Оқу.Сурет салу. «Ақтауға-50 жыл»













© 2010-2022