Ашық сабақ Топырақ. 2 сынып дүниетану

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Топырақ. 2 сынып дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Топырақ

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға топырақ туралы түсінік беру.

  2. Топырақтың табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру.

  3. Ұқыптылыққа, топта жұмыс істеуге және табиғатты қорғауға баулу.

Жұмыс түрі: әңгімелесу, талдау-жинақтау, топта талқылау, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс.

Қажетті құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, үлестірмелі парақшалар, видео сюжеттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Алдымыздан кездескен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

Бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндіру.

Өткен тақырыптарды пысықтау. Сұрақ-жауап.

Біз қазір қандай тарауды өтіп жатырмыз?

  1. Табиғат дегеніміз не?

  2. Көкжиек және көкжиек сызығы дегеніміз не?

  3. Көкжиектің неше тұсі бар?

  4. Көкжиектің түсін анықтайтын құрал қалай аталады?

  5. Сурет, сұлба дегенімізді қалай түсінесің?

  6. Жергілікті жердің сұлбасын жасау үшін нені пайдаланамыз?

  7. Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды не дейді?

Өзіндік жұмыс. Сәйкестендіру.

1.Ауаның қасиеттерін ата.

2.Су деген не?

Су-біздің ғаламшарымыздағы маңызы зор сұйық зат.

3.Суды неге ерекше зат дейміз?

Жер бетіндегі көптеген заттар сұйық, қатты, не газ күйінде кездеседі. Ал су осы үш күйде де болады. Ол қатты, сұйық және газ күйінде кездесетін ерекше зат.

4.Жер бетінде судың қандай маңызы бар?

Судың маңызы.

Су туралы мақал-мәтел.

Өзіндік жұмыс. Тест.

Топқа бөлу. Ой қозғау.

Логикалық тапсырма.

Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарынан өзен ағып жатыр. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті. Неге? Қандай жағдай болды.

Сергіту сәті.

Жаңа сабақ. Топырақ.

Сен білесің бе?

  1. Топырақ деген не деп ойлайсың?

Оны қайдан көруге болады?

  1. Оның табиғатта қандай маңызы бар?

  2. Адамдар топырақты қалай пайдаланады?

Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс.

Мәтінді үш топқа бөліп іштей және әр топтан бір оқушыға дауыстатып оқыту.

1-топ. Топырақ-жердің өсімдік өсетін үстіңгі құнарлы қабаты. Топырақтың құрамында құм, саз, майда тастар, өсімдіктер мен ұсақ жануарлардың шіріген қалдықтары болады.

Дәптермен жұмыс.20-бет 1-тапсырма.

Топырақтың құрамында нелер бар?

Құм,саз,майда тастар,шіріген қалдықтар,ауа,су.

2-топ. Құнарлылық-топырақтың ең басты қасиеті. Шіріндісі көп топырақта өсімдік жақсы өседі. Топырақта су және өсімдіктердің өсуіне қажетті қоректік заттар бар.

3-топ. Кейбір құрттар мен бунақденелілер топырақ арасында тіршілік етеді. Көптеген жануарлар топырақтан ін қазып өзіне баспана жасайды.

Адамдар топырақты әртүрлі жолмен пайдаланады. Олар топырақта жеміс-жидектер өсіреді, құрылысқа пайдаланады.

Видео

Сабақты қорыту.

Иә, жоқ кестесін толтыру.

  1. Топырақ-жердің құнарлы борпылдақ қабаты.

  2. Топырақтың ішінде ауа және су бар.

  3. Шіріндісі көп топырақты өсімдік жақсы өседі.

  4. Құнарлылық топырақтың басты қасиеті.

  5. Топырақтың құрамында әртүрлі заттар бар.

Рефолексия.

Мен білдім..........

Маған ұнағаны.............

Мен білгім келеді...............

Бағалау.

Үй тапсырмасы. Топырақ. 20-бет 2-тапсырма



Бағалау парақшасы



Жеке жұмыстар



Топтық жұмыстар



Қорытынды


сұрақ-жауап

сәйкестендіру



тест




Логикалық тапсырма

Сен білесің бе?

Жалпы ұпай саны.
















Бағалау парақшасы



Жеке жұмыстар



Топтық жұмыстар



Қорытынды


сұрақ-жауап

сәйкестендіру

тест




Логикалық тапсырма

Сен білесің бе?



Жалпы ұпай саны.



















Бағалау парақшасы



Жеке жұмыстар



Топтық жұмыстар



Қорытынды


сұрақ-жауап

сәйкестендіру



тест




Логикалық тапсырма

Сен білесің бе?

Жалпы ұпай саны.

















1-тапсырма Сәйкестендір

құбыланама Жай көзбен қарағанда көз жететін жерге дейінгі кеңістік.

сурет

Көкжиек тұстарын анық-тайтын құрал.

көкжиек Бір заттың үстінен қара-ғандағы көрінісі.

сұлба Кеңістіктің аспанмен ас-тасқан жері. Кез келген заттың бейне-ленген көрінісі.

көкжиек сызығы





2-тапсырма Тест

  1. Ауаның негізгі қасиеті.

а) көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз ә) ауыр б) көрінеді, дәмді



  1. Қатты суықта су неге айналады.

а) буға ә) мұзға б) өзгермейді



  1. Суда тұрақты пішін.

а) болады ә) ұқсайды б) болмайды



  1. Судың қасиеттерін ата.

а) ақ, мөлдір, иісі бар ә) сұйық, иіссіз, мөлдір б) көзге көрінбейді, ақ, мөлдір



  1. Су табиғатта неше күйде кездеседі

а) 2 ә) 3 б) 4

Логикалық тапсырма.

Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарынан өзен ағып жатыр. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті.

Неге? Қандай жағдай болды? Түсіндір.

Сен білесің бе?

  1. Топырақ деген не деп ойлайсың?

Оны қайдан көруге болады?



  1. Оның табиғатта қандай маңызы бар?



  1. Адамдар топырақты қалай пайдаланады?



© 2010-2022