Тәрбиелік шара 2сынып Құқықтық бағыт бойынша

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімі: Б.Молдағалиева

Сыныбы: 2 «а»

Тақырыбы:Өз құқығыңды білесің бе?

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.Өз құқықтарын білуді үйрету.Ата Заңымыздың түрлі баптарымен таныстыру. Құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру және аулақ болуға , Қоғамның заңдарымен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

-оқушылардың бойында жағымды қасиеттерді жетілдіру.

-құқықтық нормалар және заңның талаптарына сәйкес өзінің құқықтық білімін күнделікті өмірдің нақты жағдайларына пайдалана білуіне дағдыландыру.

Әдісі: ойталқы, топтармен жұмыс , пікірталас.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, сызба,бүктеме,интерактивті тақта;

Жоспары:

Кіріспе сөз:

II. «Баптар» сөйлейді

III.Көрініс және ойталқы

(Қойылымдар көру арқылы ойталқы.)

IV.«Сұрақ-бізден,жауап сізден» бөлімінде... Сұрақ - жауап.

V. «Суреттер сөйлейді» «Не істеуге болмайды?»
Барысы:

1.Ұйымдастыру

Кіріспе сөз:

Құрметті қонақтар,оқушылар!

Бүгін 2 а сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында тәрбиелік шараны «ойталқы-пікір айту» түрінде өткізгелі отырмыз.

Бүгінгі шараға құқық пәнінің мұғалімі Р.Бекболатқызын шақырып отырмыз. Мұғалім сөзі: Жеке тұлғаны жан-жақты дамытатын тәрбие саласының бірі-құқықтық тәрбие. Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді.
Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Ол - конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы - Конституциясы бар. ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлім, 98 баптан тұрадыКонституция - барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары - басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі. Конституция дегеніміз - қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.
Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған .Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Егеменді Қазақстан Республикасы Ата Заңына сәйкес азаматтарының құқығы мен талап тілегін, мұқтаждарын қорғап, оларды қамқорлығына алады.Әрбір азамат өз мемлекетінің Заңына жауапкершілікпен қарап, оны орындауын өз міндеті деп есептеуі керек Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік биіліктің қайнар көзі - өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн демалыс, мемлекеттік мереке, ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. -30 тамыз Ата Заңымыз қабылданған күн. Заң болмаса, адам құқығы қорғалмайды, дүниеге келген бірінші күннен бастап сендер мемлекеттің қамқорлығындасыңдар. Сондықтан,Адам дүниеге шыр етіп келген күннен оның өмірін,денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата Заңы- Конституция қорғайды.

Адамдардың не нәрсеге құқығы бар, не нәрсеге құқығы жоқ?

II. «Баптар» сөйлейді

1-оқушы

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз Қ. Р - ның конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлім 30 бабы құқыққа арналған. Соның ішінде Қ. Р - дағы баланың құқықтары туралы айтылған.

2-оқушы

Ал енді өзіміз, құқық туралы не білетінімізді ортаға салайық.
Ең бірінші барлық адамдар бір-бірімен достық қарым - қатынаста болуы керек.

3-оқушы

Басқа адамға жәбір көрсетуге, кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ.

4-оқушы

Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға ешкімнің құқығы жоқ.

5-оқушы

Әрбір адам өз пікірінде болуына және ойындағысын еркін айтуға құқықты.

6-оқушы

Сенің мектепке баруға, ақысыз оқуға және мамандық алуға құқығың бар.

7-оқушы

Мектеп бала қабілетін жан-жақты дамытып көмектесуге тиіс. Олардың құқығы мен бостандығын сыйлауға,өзара түсіністікке, бейбітшілікке баулуға тиіс.

8 - оқушы.

Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оның тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.

9 - оқушы.

10- бап. Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір - қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы.

10 - оқушы.

9 - бап: Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы бала туған сәтінен бастап ат - жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР - ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, денсаулығына, ата - анасына қатысты мән - жайларға қарамастан бала тең құқылы.

11 - оқушы:

11 - бап. Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар - ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР - ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

13-оқушы

15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

14-оқушы

16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

15-оқушы

19 бап: Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

16- оқушы.

19 бап: Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.

17-оқушы

29 бап. 1. ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы.

18-оқушы

30 бап: Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алу міндетті.

III.Көрініс және ойталқы

(Қойылымдар көру арқылы ойталқы.) 1-көрініс. ( Екі оқушы аулада ойыншықпен ойнаған сәбиді жолықтырады. ) Ойыншығың әдемі екен кім алып берді? Ата-анам Ата-анаң тағы не үйретті? Үлкендерді сыйлауды

Біз үлкенбіз бе?

Онда аяқ-қолыңды көтеріп тұр.

(Қолын қайырып байлап,ұрып-соғады)

Сәби аяқ-қолын көтеріп тұрады. Оқушылар мазақ етіп кетіп қалады.

Сұрақ:

-Қандай жағымсыз әдет көрдіңдер? Бұл заң бұзушылыққа жата ма? -

Учаскелік полиция пікірі:

Түйінді ой: Балаларды ата-анасы дұрыс тәрбиелепті. Бірақ Ата-Заңымыздағы 17 және 27-бапты үйретпепті. Ата Заңымыздың 27-бабында «балаларды тәрбиелеу ата-ананың басты міндеті» делінген. Ата-заңымыздың 17-бабында «ешкімді азаптауға,оған зорлық- зомбылық жасауға, адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды» делінген.

2-көрініс.

Үш оқушы келе жатыр. Олардың біреуі :

-Бүгін демалыс қой, қалай демаламыз? Ішім пысты. Бірдене жасайықшы.

Екіншісі: - Биік жанатын алау жасайықшы.

Үшіншісі: -Таптым,таптым бәрің ауыздарынды ашып қаласыңдар, мына үлкен ағашқа от тигізсек үлкен алау болады. От тигізейік, - деп жүгіре жөнеледі. Қалған екі оқушы «мұндай қызығынның керегі жоқ»деп оны әрең тоқтатады.

Сұрақ:Қандай жағымсыз әдеттер байқадыңдар?

Бұл заң бұзушылыққа жатама? ( Оқушы пікірлерін тыңдау)

Учаскелік полиция пікірі:

Түйінді ой:

Балалар 24-бапты білгенімен, 38-бапты білмейді екен.

Ата Заңның 24-бабында «Әркімнің тынығу құқығы бар».делінген.

2. Ата Заңның 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға міндетті» делінген.

3-көрініс:

Баласы көршісінің тауық қорасынан жұмыртқа ұрлап әкелді де, шешесіне жұмыртқа қуырып беруін сұрады. Анасы жұмыртқаны қуырып береді...

Сұрақ. Жігіттің ұры болып өсуіне кінәлі кім? Өзі ме, әлде анасы ма? (Оқушы пікірін тыңдау.)

Учаскелік полиция пікірі:

Түйінді ой:

Бұл жерде ұрлық туралы айтылып отыр.Ұрлық жасағаны үшін азамат жауапқа тартылады» деген заң бар.Мысалы:

«Сұрақ-бізден,жауап сізден» бөлімінде... Сұрақ - жауап.

1.Балалар неше жастан бастап жауапқа тартылады?

2.Мектеп жасындағы бала ұрлық немесе ұрып-соғу сияқты әрекеттер жасаса қалай жазаланады?

1) Мектепте үзіліс кезінде Жарас Қайраттың кітабын ұрлап алды. Қайрат кітабының жоғалғанын сынып жетекшісіне айтты. Сынып жетекшісі жұмыс жүргізе келе кімнің ұрлағанын анықтады.

Сұрақ: Сенің ойыңша қай бала жауапқа тартылуы керек?

2) екі жасөспірім кешке өз аудандарында серуендеп жүріп, көшедегі тұрған заттарды,плакаттарды бүлдіріп тынады. Ол тірліктері учаскелік полицияның көмегімен тоқтатылады.

Сұрақ: кім және қандай тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

«Суреттер сөйлейді» «Не істеуге болмайды?»
1) Өрт
2) Жолда жүру ережесі
3) Ұрлыққа байланысты

Қорытынды
Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Құлақ түрем елімнің тынысына,

Мақтанам, қуанамын табысына.

Елбасы мен халқымыз аман болса,

Айналар Орта Азия «барысына»

Біз намыскер қазақ елі ұланымыз,

Қорғайтын жерді оттан Ұранымыз.

«Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым»

Деп Ұлы Абай айтқан ұланымыз.





© 2010-2022