Сөз және оның мағынасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сөз және оның мағынасыСөз және оның мағынасыСөз және оның мағынасыСабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Сабақтың мақсаты: Сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету, сөз мағынасын айыра білуге жаттықтыру.
Білімділік: дыбысталуы бірдей сөздер туралы түсіндіру, ерекшеліктерін ұғындыру.
Дамытушылық: ауызша, жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, сауаттылыққа, көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: сандықша, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа әзірлеу. Бүгінгі сабақтың ашық сабақ екендігі, қонақтар келіп отырғандығы ескертіледі. «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады»,- демекші біз ұялмауға тырысайық.

ІІ Психологиялық дайындық

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.

(Ж. Молдағалиев)

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

а) «Сиқырлы сандық» ойыны ұйымдастырылады.

Оқушылар шығып, сандықшадан қағаздарға жазылған сөздерді алады.

ә) Үй тапсырмасын қорытындылау

Сөз дегеніміз не?

Сөз дегеніміз қайндай да бір заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы.

Сөз неден құралады?

Сөз дыбыстан құралады

Сөз нені білдіреді?

Сөз мағынаны білдіреді.

Сөз мағынасының қандай түрлері бар?

Мағынасы қарама-қарсы, мағынасы жуық, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер.

Сөз

Қарама- қарсы Мәндес Дыбысталуы бірдей,

мағынасы бөлек

Мысалдар келтіру:

1. Ұғымтал, алғыр, зерек

Момын, жуас, ынжық, қой аузынан шөп алмас

Бет, дидар, өң, рең, шырай

2. Мейірімді алғыс алса, (мейірімсіз)қарғыс алар.

Ақылды іс тындырады, (ақылсыз)тіс сындырады.

Жақсы аданың сөзі жібектей, (жаман)адамның сөзі білектей.

Жомарт дос көбейтеді, (сараң) мал көбейтеді.

3. Әуелей өссін құрма, әткеншек оған құрма.

Байлық - нан, сөзіме нан.

Болам десең ұста, балғаны нық ұста.

IV Жаңа сабақ

Бүгінгі осы сөз және оның мағынасы туралы сабағымызды одан әрі жалғастырамыз.

1)Ұқсас атаулар жайлы.

Бірі ағаш кесу құралы

Бірі-шырынды бал бұлағы. (Ара)

Ара-сайман

Ара-жәндік

Сөйлем құратып, дәптерге жаздыру.
Санасаң,бір үйде төртеуі бар.

Қаласаң,аузыңды өртейтін нәрі бар. (Бұрыш)

2.Дәптерді ашу, бүгінгі күннің жадын жазу

Көркем жазу

3.Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу ауызша орындалады.

2,3-жаттығуларды тапсырмаға сай жазбаша орындалады.

Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдік,

Төмен қарап жер көрдік.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.

Өзбетімен жұмыс 4 -жаттығуды орындайды

4.Мәреге жету ойыны

ІV. Қорытынды

Сөздердің мағынасын ашып айту

Түс (түс көру, қызыл түс, арбадан түс)

Бас, алма, үй, шаш, нан.

Үйге 5-жаттығу 62 бет



© 2010-2022