Өтілген материалды бекіту. 4 класс

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өтілген материалды бекіту. 4 классӨтілген материалды бекіту. 4 классӨтілген материалды бекіту. 4 классӨтілген материалды бекіту. 4 классӨтілген материалды бекіту. 4 классӨтілген материалды бекіту. 4 классСабақтың тақырыбы:

Өтілген материалды бекіту.

Есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Өткен материалды қайталау арқылы әртүрлі шамалар арасындағы байланысқа берілген есептерді , теңдеу құрастыру және оны шешу, амалдардың орындалу реті және жақшалы өрнектерді шешу дағдыларын бекітеді.

Дамытушылығы: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу,есептеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелігі: Жеке, және ұжымда бірлесе жұмыс істеуге, өз пікірімен бөлісіп, дәлелдеуге, өзгелердің ойымен санасуға тәрбиелеу.

Оқушыларды

Түрі: ойын сабақ

Әдісі: жеке, өзіндік, ұжымдық жұмыстар

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Психологиялық дайындық. «Сиқырлы сұрақтар»

3. Үй тапсырмасы: № 6 (33 бет)

Балалар менің сендерге әкелген сиқырлы сандықшам бар. Сандықшаны ашып, ішінде не бар екенін білу үшін мына жұмбақты шешейік.

Ағашта саңырауқұлақ кепті,

Жаңбыр жауып оны жұмсартып кетті.

40-ы қызыл,8-і сары,20-сы жасыл еді.

Тиін мен тышқан 7-еуін жеді,

Қалды екен нешеу ағашта ғой енди?

(61саңырауқұлақ)

Сандықшаны ашайық. Сандықшадан бүгінгі сабақтың жоспары шығады.

-Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше өтпек. Осы жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.

Жоспары:

  1. Бәйге

  2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

  3. Білгенге маржан, білмеске арзан.

  4. Бойы сергектің, ойы сергек.

  5. Еңбек түбі - береке.

  6. Қызықты есептер.

  7. Сандық ақпараттар.

-Дәптерімізді ашып,күннің жадын, тақырыпты жазайық.

1. «Бәйге» ойыны. (өткенді қайталау) (смайликтер үлестіру)

1.Қарама- қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз?

(тік төртбұрыш)

2.Ауданды қалай табамыз? (ұзындығы мен енін көбейтеміз)

3.Көлемді қалай табамыз? (ұзындығын, енін, биіктігін көбейтеміз)

4.Фигураның периметрін калай табамыз? (барлық қабырғаларын қосамыз)

5.Теңдеу дегеніміз не?

(теңдеу дегеніміз құрамына енетін әріптің мәнін табу болатын теңдік).

Неше түрі бар? (2 түрі)

2.Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Есеп шығару. Оқулықпен жұмыс. Есеп №1

І баған ІІ баған ІІІ баған

3* 23 = 69 4 * 14 = 56 5 * 18 = 90

3 * 34 = 102 4 * 21 = 84 5 * 24 = 120

3 * 18 = 54 4 * 61 = 244 5 * 31 = 155

3 * 54 = 162 4 * 72 = 288 5 * 42 = 210

3 * 33 = 99 4 * 55 = 220 5 * 23 = 115

3 * 22 = 66 4 * 15 = 60 5 * 44 = 220

№ 2 (34 бет) Оқулықпен жұмыс.

І баған ІІ баған ІІІ баған

230 · 3 = 690 380 · 2 = 760 (3 + 6) · 20 = 180

490 · 2 = 980 30 · 21 = 630 (200 + 40) · 3 = 720

17 · 40 = 680 12 · 30 = 360 (20 + 40) · 5 = 300

50 · 12 = 600 35 · 20 = 700 (12 + 28) · 6 = 240

3.Білгенге маржан , білмеске арзан.

- Қазақстан Республикасында неше облыс бар? (14)

- Біздің облысымыз калай аталады? (Ақтөбе обылысы)

- Қай қалада тұрамыз? (Шалқар қаласы)

-Жер көлемі канша? Көлемі - 61,9 мың шаршы км. Халық саны - 46,8 мың адам

4. Еңбек түбі - береке.

А)Қарындыш - 3қ, 120тг

Фломастер - 4қ, 150 тг ?тг артық жұмсалды

Ш: (150 · 4) - (120· 3) = 600 - 360 = 240 тг

Ж: 240 тг артық жұмсалды

Ә) Қарындыш - 3қ, 120тг ?тг кем жұмсалды

Фломастер - 4қ, 150 тг

Ш: (150 · 4) - (120· 3) = 600 - 360 = 240 тг

Ж: 240 тг кем жұмсалды

№4. Теңдеу құрастыр және оны шығар.

Х + 450 = 735

Х = 735 - 450

Х = 285

285 + 450 = 735

5. Бойы сергектің, ойы да сергек

№5. Өрнектерді баған түрінде жаз және есепте.

+124 +206 +227 + 67 +349 + 62

249 56 306 346 218 416

+373 +262 + 533 +413 + 567 +478

451 387 419 259 108 254

824 649 952 672 675 732

6.Қызықты есептер.

1.Су жағасына тауықтың, үйректің 7 балапаны келді. Суда бірақ 5 балапан жүзіп жүр. Сонда екі балапан қайда? ( 2 балапан тауықтікі)

2.Бөлменің ұзындығы 7 м, ені 5м, биіктігі 3 м. Бөлме еденінің ауданын тап. (ш: S=7*5=35м )

3.Бөлме еденінің ауданы 12м , ені 3 м. Бөлменің ұзындығын тап. (Ш: 12:3=4м)

7.Сандық ақпараттар.

1941, 1945, 25 -осы сандар туралы не білеміз? Сандарға қарап ,оқушылар өз ойларын айтады.

Үйге тапсырма. №6. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте

Бағалау.


«№8 жалпы орта білім беретін мектеп»




















«Өтілген материалды бекіту»

(Ашық сабақ)



Өткізген: Махамбетова М.Қ



2015 - 2016 оқу жылы

© 2010-2022