«Заттың атын білдіретін сөздер»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Заттың атын білдіретін сөздер»«Заттың атын білдіретін сөздер»«Заттың атын білдіретін сөздер»«Заттың атын білдіретін сөздер»Алмағамбетова Р.А.

№61 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. 133-135 жаттығу.

Домалақ ана

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға қанша? Неше? Нешінші? сұрақтары

Заттың санын білдіретінін дұрыс игертіп, түсінік беру.

ә) Өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын

қалыптастыру.

б) Домалақ ана туралы түсінік беріп «әулие» анамыздың

әруағын құрметтеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі. Сөзжұмбақ, ойын, кесте, Домалақ ана мазарының

суреті.

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы.: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

2. Өткенді қайталау.

« Гүл жинау» ойыны.

-Өлкеге қай мезгіл келді?

-Көктем

-Көктемде қандай өзгеріс болады?

-Ең алғаш гүлдейтін гүлді атаймыз№

-Бәйшешек

-Тереміз де құмыраға жинаймыз

.

«Заттың атын білдіретін сөздер»

Ол үшін сұрақтарға жауап береміз

  1. Адамдар туралы сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?

  2. Заттар мен жануарларға қандай сұрақ қойылады?

  3. Қандай сөздер бас әріптен жазылады?

  4. Қандай сөздер тасымалданбайды?

3. Жана сабақ

Заттың санын білдіретін сөздер.

а) Дәптерлеріне бүгінгі күн реті мен сабақтың тақырыбын жаздыру.

Заттың санын білдіретін сөздерге Неше?,Қанша?,Нешінші? деген сұрақтар қойылады. Мысалы:

-Меруерт сен нешінші партада отырасын?

-Әлішер сен неше жастасың ?

Тақтаға сурет ілініп, Суретепн жұмыс.

Қоянның сәбізінің санын білу.-Қоянда неше сәбіз бар?

-Қоянда үш сәбіз бар.

-Үш деген сөзге сұрақ қояйық?

-Неше? Деген сұрақ қойылады.

ә) Оқулықпен жұмыс.

133- жаттығу. Берілгенін оқушыларға оқыту.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу.

Біздің сыныпта. . . . оқушы бар. Сыныпта . . . . парта тұр. Әр партада . . . . бала отырады.

« Кім тапқыр ?» ойыны

Шарты: мына берілген сандардан сөз құрау.

6

4

6

А

Т

А

1

6

4

6

Б

А

Т

А

8

3

4

С

Ү

Т

134- жаттығуды ауызша орындау.

Үй құстары туралы оқушыларға әңгімелету.

-Құстар туралы қандай тақпақтар білесіндер?

-Ауыл маңында қандай құстарды кездестіресіңдер?

Оқулықтағы суретпен жұмыс. Сұрақтарға жауап алу.

-Үйрек нешеу?

Үйрек екеу.

-Қаз нешеу?

Қаз үшеу.

-Оқушылар, Нешеу? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді атайық.

Біреу,екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.

Оқулықтағы ережемен таныстыру. Ережені 1-2 оқушыға оқыту.

«Сергіту сәті!

Орнымыздан тұрайық

Қарлығашқа ұқсайық

Ұшып-ұшып алайық

Орнымызға қонайық

«Кім көп біледі?» ойыны

Шарты: к,а,б,с,е,т әріптерін пайдаланып заттың санын білдіретін сөздер ойлап жазу.( Оқушыларға жазғандарын оқыту.)

Т.Молдағалиев «Домалақ ана» өлеңі.

Оқушыларға өлең авторы туралы қысқаша түсінік беру.

-оқушылар, Т.молдағалиев аталарыңның қандай өлеңдерін оқыдық?

-«Біздің ту», «Елтаңба» өлеңдерін оқыдық.

Бүгін ақын ағаларыңның «Домалақ ана» өлеңін оқимыз.

Өлеңді оқымас бұрын оқушыларға Домалақ ана туралы түсінік беру.

Домалақ ананың шын аты Нұрила. Түркістан топырағында дүнтеге келген. 10 жасында көріпкел әулие атанған. Домалақ ана елге ақылдылығымен, тазалығымен аты шыға бастады. Домалақ ана кесенесі- Қаратаудың бойында, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан.(кесене суретін оқушыларға көрсету)

-Оқушылар қазақтың біртуар ақыны Т.Молдағалиевтің «Домалақ ана»өлеңін оқиық.

(Домалақ анаға мінездеме жасату.)

Әулие

Домалақ ана

Мейірімді

Қасиетті

Ақылды Таза аяулы ұлы

(Осы кесте бойынша өлең мазмұнын талдау.)

-Оқушылар, заттың санын білдіретін сөздермен таныстық.

Тақтадағы суреттен заттың аты, санын, қимылын айтқызу.

«Заттың атын білдіретін сөздер»

Аты сыны қимылы саны

Қорытынды:

Бүгінгі сабақты тест тапсырмалары бойынша қорытындылау.(Оқушылар қолдарындағы 1,2,3 сандарын көрсету арқылы тестің жауабын айтады)

  1. Оқушылардың білімін бағалау.

  2. Үйге тапсырма: 134-жаттығу.Ережені жаттау.»Домалақ ана» өлеңін оқу.

Қызылорда облысы

Арал ауданы Аралқұм ауылы



© 2010-2022