Тұқым және жеміс. 2-сынып. Дүниетану сабағы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Нурбосынова Айнұр

Ақтау қаласы

28 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Өсімдіктердің тіршілігі бөлімінде алған білім, біліктерін жүйелеу, қоршаған орта жайындағы танымдық әрекетін шыңдау. 2. Дамыту: Тұқым мен жемістің өсімдіктің өсіп-өркендеудегі пісіп жетілген кезеңі екендігін түсіндіру. Жемістер мен тұқымның маңызын білу. Тұқымның өсімдіктің өсіп-өркендеуіне керекті мүше екендігін ұғындыру. 3. Тәрбиелік: Қоршаған ортаның экологиясын сақтау, салауатты өмір салтын қалыптасып, сымбатты, дені сау азамат болып өсуге тәрбиелеу. Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, ойын сабақ, әңгімелеу, өз ойын ортаға салу, қортынды шығару. Сабақтың көрнекілігі: Өсімдік, жеміс суреттері, сызба, жеміс, көкөністер,слайдтар, интерактивті тақта, СТО технологиясының стратегиялары, Венн диаграммасы. Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру бөлімі. II. Үй тапсырмасын сұрау. «Қызығушылығын ояту» Үй тапсырмасын «Жапырақты жинау» ойыны арқылы жауап беру . Оқушылар бір-бірлеп келіп, жапырақты алып, жапырақтың артына тұрған сұрақтарға жауап береді. Балалар да қосымша сұрақтарын қойып отырады.
1 сұрақ. Жапырақ өсімдіктің қай мүшесінде орналасқан? 2сұрақ. Жапырақтың атқаратын қызметі қандай? 3 сұрақ. Жапырақ қоректі қайдан алады? 4 сұрақ. Өсімдітің өсіп жетілуіндегі жапырақтың пайдасын айт. 5 сұрақ. Қураған өсімдік қалдықтарының қандай пайдасы бар?
Үй тапсырмасы «Жапырақтан» кейінгі өсімдік мүшесі тұқым мен жеміс екенін балалар өздері табу. III. Жаңа сабақ. «Мағынасын ашу» Жаңа сабақты түсіндіру. Мәтіннің мазмұнын ашу.
Өсімдік мүшелері : тамыры сабағы жапырағы гүлі тұқымы бар жемісі.
а) Тамыр - бәрінің негізі, жер астында жатқандықтан көрінбейді. ә) Сабақ - өсімдікке пішін береді, ол жапырақтар мен гүлдерді ұстап тұрады. б) Жапырақ - сабаққа жабысып тұрады, оттегі береді. в) Гүлі - өсімдіктің әшекейі, өте қажет гүл түйіні. г) Жемісі - өсімдіктердегі адамдардың ең артық бағалайтын бөлігі, бізге тарататын сыйы.
Жеміс және тұқым туралы әңгімелеу. Жеміс- өсімдіктің бізге тартатын сыйы. Оларды жақсылап күтіп, баптап өсірсе мол өнім береді. Ал осы жемістер өсімдікте қалай пайда болады. Кез-келген гүлді өсімдікті байқап қарайық. Гүл сабақта жетіледі. Өсімдік жетіліп өсе келе гүлдің түбі түйінделеді. Бұл «гүл түйіні » деп аталады. Гүл түйіні үлкейіп өскен сайын гүлдің күлтелері солып, түсіп қалады. Сол түйінен жеміс өсіп жетіледі. Жемістің ішінде тұқым болады. Балаларға бейнеролик арқылы тұқым мен жемістің өсіп жетілуін көрсету. Әр жемістің ішінде дәндері мен сүйектері болады. Сүйек оның тұқымы болып табылады. Одан жаңа өсімдік өнеді. Бірақ ол үшін тұқымдар жерге түсуі керек.Тұқым мен жемістің пісіп жетілуі әр өсімдікте әр түрлі. Ерте гүлдейтін өсімдіктердің тұқымы тез жетіліп піседі. Олар екі-үш аптада тұқым береді. Тұқым екіге бөлінеді.

Тұқым / \ Шырынды Құрғақ
Суретпен жұмыс. Суретке қарап құрғақ, шырынды жемістерді атау. Слайдтар арқылы құрғақ және шырынды жемістерді көрсету.
Шырынды жемістер шырыны мол, жұмсақ болады.
Құрғақ жемістер қабы қатты, сүректенген, құрғақ кебу болады.
Құрғақ жемістер: Емен жаңғағы, грек жаңғағы, бидай жеміс дәні, жүгерінің жемісі дәні.
Шырынды жемістер: Жүзім, құлпынай, алма, қарбыз, алмұрт, апельсин, шие және т.б.
Жеміс-жидектерді көрсету арқылы дәлелдеу.
Өсімдіктердің таралу жолдарын түсіндіру. Өсімдік тұқым арқылы таралады. Қайың, жөке, тал, көктал ағаштарының тұқымдарында ұшатын «қанатшалары» бар. Бақбақ, қоға өсімдіктерінің тұқымдары үлпілдек түкті болады. Шамалы жел соқса, ұша жөнеледі. Кейбір тұқымдарды жел айдап талай жерге апарып тастайды. Селеу, қара сұлы сияқты өсімдіктердің тұқымы желмен ұшады да, үшкір ұштарымен топыраққа қадалады.

IV. Сергіту сәті
V. «Ой қорыту». Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы мәтінді балаларға оқыту.
Балалардан жемістердің пайдасы туралы білетіндерін сұрау. Жемістердің пайдасы туралы әңгімелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы дұрыс тамақтана білуге шақыру. Көкөністер мен жемістерде ағзаға қажетті микроэлементтер мен түрлі витаминдер, минералдарға бай. Олар денсаулыққа пайдалы тағам ғана емес, сондай-ақ ауруға қарсы дәрі. Алма- асқазанға өте пайдалы, себебі оның құрамындағы қышқылдар шіріген бактериялармен күресуге көмектеседі. Пияз-бауырдың, қалқанша бездерінің жұмысын жақсартады. Пайда болған аурудың жайылуын тоқтатып, оны жойып жібереді. Сарымсақ-суық тигенде пайдалы, қан құрамындағы холестеринді төмендетеді. Сәбіз-көздің жақсы көруіне көмектеседі.Ол біздің ағзамызға сіңгеннен кейін А витаминіне айналады. Жаңғақ-жүрек жұмысын және көздің көру қабілетін жақсартады. Оның құрамындағы Е вимтамині есте сақтау қабілетін жақсартады. Банан-шаршағанңды басып, күш-қуатыңды арттырады. Оның құрамында А,С витаминімен қоса, адам ағзасына өте қажетті В6 витамині бар.Бұл жеміс миды оттегімен қамтамасыз етеді, гемоглобинді көтереді.





Дәптермен, тақтамен жұмыс. Құрғақ және шырынды жемістерді көрсету арқылы тақтаға жазу. Тұқым және жеміс. 2-сынып. Дүниетану сабағыТұқым және жеміс. 2-сынып. Дүниетану сабағы Тұқым Құрғақ Шырынды


Венн диаграммасы.
Тұқым және жеміс. 2-сынып. Дүниетану сабағыТұқым және жеміс. 2-сынып. Дүниетану сабағы
Тұқым және жеміс. 2-сынып. Дүниетану сабағы











VI. Қорыту. Сұрақтар қою. а) Тұқым мен жеміс өсімдіктердің қандай мүшелері. ә) Шырынды жемістерге мысал келтіру. б) Құрғақ жемістерге мысал келтіру. в) Өсімдіктер тұқымының таралуы жайлы әңгімелеу.


VII. Бағалау. VIII. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Шырынды және құрғақ жемістің суретін салу.

© 2010-2022