По казакский языку на тема Денсаулық зор байлық ( 1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

: Дені саудың - жаны сау

Сабақтың тақырыбы: Дені саудың - жаны сау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттап, өз денсаулығын күте білуге, зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу, еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Денсаулық туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар, мақал - мәтелдер, жағдаяттық сұрақтар.
Барысы:
1 Ж: Армысыздар, аман - есен бармысыздар!
2 Ж: Құрметті ұстаздар және оқушылар!
1 Ж: Бүгінгі біздің «Дені саудың - жаны сау» тақырыбында өткізіліп отырған ашық тәрие сағатына қош келдіңіздер.
2 Ж: Денсаулық - өмір жалғасының сәулесі. Өз денсаулығыңа қамқор болсаң, жаныңа үнемі сәттілік серік болады. Әр адам өз денсаулығын сақтауы шарт. Ал, менің сөзіме нанбасаңыз өздеріңіз тыңдап көріңіздер.
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық-терең бақыт» деген сөзді,
Құры айтпаған ұлы Абай данамызда.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың бұл әлемде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
Денсаулықты сақтап түзу өсесің,
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,
Харамменен тәңірді улап не етерсің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді, жақсылыққа жетерсің.

Әлима:
Денсаулық-ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
Көңіл күйің жадырай
Денсаулық - ол жүруің,
Ешбіржерің ауырмай.

М. Жасмин:
Болсаң да әлі қаршадай,
Ойнау үшін шаршамай.
Оқу үшін мектепте,
Ашу үшін тәбетті.
Құру үшін сен саулық,
Керек мықты денсаулық.

1 Ж: Әсем әнім сырнайды,
Әлем сүйіп тыңдайды.
Тамылжытып ән салмай,
Күнде думан болмайды.
Ән: Жаса Қазақстан

2Ж. Әр адам өз денсаулығын сақтауға және ғұмырын ұзартуға жауапты. Денсаулықтың жақсы деңгейіне жету және жайлы болуына жету - бұл нақты өмірлік ұстаныммен тәртіптен тұратын үзіліссіз үдеріс.
Денсаулық - бақытты болудың алғы шарты.

Гүлдана:
Денсаулық - қашаннанда алтынға тең
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел.
Асыл:
Денсаулықтың қадірін,
Ауырғанда білесің.
Жастық шақтың қадірін,
Қартайғанда білесің.
Отыз тістің қадірін,
Қақсатқанда білесің.

Ж.Назерке:
Боларсың шымыр шынықсаң,
Денің сау болар балғадай.
Түсініп сырын сен ұқсаң,
Темекі досың болмағай.

К. Жасмин:
Улап қоймай өзіңді,
Жұртқа да тиер кесірің.
Жаман әдет жұққышы,
Болмасын шылым жан досың.

2 Ж: Құлақтан кіріп бойда алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,-деп Абай атамыз айтқандай,келесі кезекте
Ән: Әбіхан Лаура

1 Ж: 1 - ші байлық - денсаулық ,
2 - ші байлық - ақ жаулық,
3 - ші байлық - он саулық,- демекші
«Мақал - сөздің мәйегі»
Мақал - мәтел айтайық.

«Аурудың бәрі жүрекке тиеді»
«Ескі ауруды емдеу қиын»
«Ас - елдің құты»
«Демі бардың, емі бар»
«Шымырдың сезімі сергек» т.б.

2 Ж: Денсаулық туралы сөз қозғағанда адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жан дәрігерлердің еңбегін атап өткеніміз жөн болар. Олар бар күш - жігерін адам денсаулығын сақтап қалуға жұмсап, күні - түні аянбай еңбек етуде. Денсаулық төңірегінде сұрақтарыңыз болса дәрігерлерге қоюларыңызға рұқсат.
(Дәрігерге сұрақтар қойылады.)
1. Салауатты өмір салты деген не?
2. Денсаулық үшін не пайдалы, не зиянды?
3. Тұмау деген не? Оның таралу жолдары қандай?
4. «Ауру - астан»демеп пе еді халқымыз, тамақтану гигиенесы туралы не айтасыздар?
5. Дұрыс тамақтанбағаннан қандай аурулар пайда болады?

2 Ж: Күй нөсерін төгейік,
Жырдан нөсер төгейік.
Уа, жамағат, ал енді,
Биге кезек берейік.
Би: Қазақша.
1 Ж: «Деніміз сау болу үшін қозғалу керек. денсаулыққа тек шынықтыру арқылы ғана жетуге болады.» деген екен әйгілі ғалым Н. М Амосов.

Денің сау болсын десең,
Ұзақ өмір сүргің келсе,
Жаңа достар тапқың келсе,
Көңілің сергек болсын десең,
Зиянды әдеттерден аулақ болғың келсе,
Салауатты ғұмыр кешем десең,
Арманыңа жетем десең,
Үлгілі болам десең,
Таза болам десең,
Өнерлі болғың келсе,
Барлығы бірге:
Өз еркіңе тоқтау салып спортпен шұғылдан!
1 Ж: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен бақытты болады өмір» дегендей, дені сау, құрыш білікті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік.
2 Ж: Осымен 6 а сыныбының «Дені саудың - жаны сау» тақырыбында өткен ашық тәрбие сағаты аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға көп

© 2010-2022