Ғ әрпі мен дыбысы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Ғ ғ дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушылырға Ғ дыбысы мен әрпін меңгерту. ә) дамытушылық: сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. б) тәрбиелік: Ғ дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. Сабақтың барысы І Ұйымдастыру кезеңі. Тым еңкейме, қатты кетпе шалқаңа, Салмақ салма, беліңе және арқаңа, Зейінді бол оқығанда, жазғанда, Түзу, еркін, тыныш отыр партада. ІІ Өткен сабақта алған білімді тиянақтау. 1 қатар - «Жігер» тобы, 2 қатар - «Ықылас» тобы, 3 қатар - «Ақыл» тобы. Сұрақтар:
  1. Сөз нелерден тұрады? (дыбыстардан)
  2. Сөздер нелерге бөлінеді? (буындарға)
  3. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге: дауысты, дауыссыз дыбыстар)
«Үндемес» ойыны. Мақсаты: дауысты, дауыссыз дыбыстарды сигналды көрсеткіш белгілерімен көрсету. Әріптерді дыбыстау: А, О, Р, Л, Ш, С, У, Ы, Д, Т, М, Н, Ң... «Кім жылдам?» ойыны. Үш топтың оқушылары жарысып, тақтаға өткен сабақта өтілген ң әрпі бар сөздерді тез-тез жазады, ауызша дыбыстық талдау жасайды. Сергіту сәті. ІІІ Жаңа сабақ. Балалар білім қоржынымызды біраз толықтырып алдық, қазір сендермен «Күн мен түн» ойынын ойнайық. Қане, түн болды, ұйықтаймыз. Түс көріп жатырмыз ғарыш туралы. Оқушылар бастарын партаға қойып ұйықтап, түс көріп жатқанда өлеңнен үзінді оқылады: Көркіне Жер - ананың Ғарыш жақтан қарадым. Қуат алып Отаннан, Көкті тіліп аттанғам. Күн шықты (оқушылар оянады) «Күн шықты» деген команда берілгенде, оқушылардан: Көрген түсімізде «ғарыш» сөзінде сөздің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз? 1. Буынға бөлу. Ға-рыш. - Бірінші буын қандай? (ҒА-РЫШ) - Ғ дыбысы былай таңбаланады (баспа және жазба түрін көрсету). Хормен айту. Ғ- Ғ- Ғ. Ғ дыбысын айтқанда ерніміз артқа қарай жиырылады. Ғ қандай дыбыс? (дауыссыз). Неге дауыссыз? (созылмайды, өлең айта алмаймыз) 2. Балалар, енді өздерің Ғ дыбысы бар сөздерді атап көріңдер. Қане, қай топтың оқушылары көп сөз айтады екен? - Ғ дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? (басында, ортасында) ІV Оқулықпен жұмыс. а) - Мынау не балалар? (сырға). 2 буын, 5 дыбыс, 2 дауысты. Ғ дыбысы екінші буында. ә) Оқушыларға оқулықтағы сөздерді кезекпен, хормен оқыту. «Он саусақ» әнімен сергіту минутын өткізу. Бір саусағым тіпті де, Ұстай алмас жіпті де, Екі саусақ бірікті Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ, жол салсақ. V Дәптермен жұмыс. Дұрыс отырғандарын қадағалап, дәптерде берілген тапсырманы орындау. А) Тақтаға әріптің басталуы , жазылу бағытын түсіндіру (бірнеше әріпті тақтаға жазып көрсету). Ә) Әріпті ауаға жазу арқылы қолдарын жаттықтыру. VІ Қорытынды. Жаңа сабақты бекіту. - Балалар, бүгін сендермен қандай әріппен таныстық? Ғ дыбысы қандай дыбыс? Сөздің қай жерінде кездеседі? ҮІІ Бағалау


© 2010-2022