Ашық өнеге сағаты: «Мақтанышым, айбарым, желбіре көк байрағым!. .. »

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Мақтанышым, айбарым, желбіре көк байрағым!...»

Мақсаты: Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу;Көп ұлтты Мемлекет екенін ұғындыруЫнтымақ, бірлігі жараса шалқыған елдің, көптеген ұлт өкілдеріне алтын бесік болған мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу; Тәуелсіздікті аңсаған ата - баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға, бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйретіп, ұлтжандылық, отаншылдық сезімдерін оятып, ұлтының салт - дәстүрін, діні мен тілін сүйе білуге, рәміздерді құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: Рәміздер авторларының суреттері, рәміздер суреттері, таңба-белгілер т.б.

Түрі: Топтық сайыс

Әдісі : сұрақ-жауап, ой бөлісу

:

Әнұраным, жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады
Осы көк туымызды желбіретіп ұстап, гимнді асқақтата шырқайтын

біздерміз.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады. Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін, Дәлелдеуде Қазақстан елдігін. Арман еткен, қыршын кеткен ағалар, Елің алды егеменді теңдігін - деп бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Мақтанышым, айбарым, желбіре көк байрағым!...» тақырыбында ашық өнеге сағатымызды бастаймыз. Ойын: «Шаңырақ» Мақсаты: Шаңырақ құрып, уық арқылы оқушылар Отанға деген өз тілектерін білдіреді.

  1. Отанымыздың шаңырағы биік болсын;
  2. Қазақстан көгінде бейбітшілік жалауы желбіресін;
  3. Еліміз тыныш, соғыс болмасын:
  4. Ата-анамыз, тума- туыс аман болсын,
  5. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын,Еліміздің мәртебесі асқақтай берсін;

Кіріспе бөлімі:

-Қазақ елі ұлан- байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен оңтүстігіне 1600 шақырым, жалпы аумағы 2717.3 мың шаршы шақырым алып аймақты қалай әсірелесе де тұрарлық.
Осындай кең-байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі» бар. Ол- көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды. ҚР-ның Ата заңының 9-бабында « Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан -жерім,Отан - суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді - демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы -мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер -еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның ел басшысы - Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы -Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.

-Бүгінгі ашық өнеге сағатымыз 2- бөлімнен тұрады :

І бөлім «Рәміздер тарихы» тарихи шолу

ІІ бөлім «Мемлекеттік рәміздер-ұлттығымыздың белгісі» топтық сайыс

І бөлім «Рәміздер тарихы» тарихи шолу

Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.

1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ........... (Елтаңба)

2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту)

3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Гимн )


  • Сөз кезегі оқушыларда көрініс:

-Ту шығу тарихы

Ту өлең

Шыңғыс

Матасы қандай, матасы-көк түстерден таңдалған,
Қазақтың ою-өрнегі, қыраны және самғаған.
Күн күлімдеп әлемге төгіп тұрған арай нұр,
Туымды менің көргендер қызыға қарап таңданған.

Бектүр: Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков

Бейнеүзінді Рәміздер жөнінде

-Елтаңба шығу тарихы

-Елтаңба өлең

Перизат: Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде.

Гүлназым: Елтаңбаның авторлары: Шот-Аман Уалихан. Жандарбек Мәлібеков

Бейнеүзінді Рәміздер жөнінде

-Гимн шығу тарихы

Гимннің өлең

Гульназым: Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.

Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным алды жаулап ғұмырды .
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Гимн авторлары: Н.Назарбаев, Ж.Нәжмеденов, Ш.Қалдаяқов

-Топ би


ІІ бөлім «Мемлекеттік рәміздер-ұлттығымыздың белгісі» топтық сайыс
Топқа бөлу І топ - «Елтаңба» ІІ топ - «Ту» І бөлім: І-топ. «Елтаңба елі»
1.1991жылы 2-қазанда - Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады (1991 жылы 2 қазанда алғаш рет ғарышқа кім ұшты)
2.1991 жылы 1 - желтоқсанда - қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.( Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан қабылданды)

3.1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз Республика деп жарияланды.( Қазақстан тәуелсіз Республикасы қашан жарияланды)

4.1995 жылы 30-тамызда - Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданды.( Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды.)
ІІ-топ. «Ту елі»
1.1992 жылы 2-наурызда - Қазақстан Республикасы БҰҰ мүшелігіне қабылданды.( Қазақстан Республикасы БҰҰ мүшелігіне қашан қабылданды)
2.1993 жылы 15-қарашада - Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енді.( Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы - Теңге айналымға кашан енді.)
3.1994 жылы - Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді. ( Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары қашан дүниеге келді)
4.1998 жылы 6-мамырда - Елбасының жарлығымен Ақмола қаласы - Астана деп аталатын болды.

2.Мақал сөздің мәйегі: (Отан туралы мақал-мәтел айту).
3.Топтастыру
І-топ. «Елтаңба елі» ҚАЗАҚСТАН сөін топтастыру
ІІ-топ. «Ту елі»
ТУ мен ЕЛТАҢБА салыстыру ВЕНН диограммасы

Қазақстан Республикасының Ата Заңының 34-бабында «Әркім Республиканың Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» делінген.

Олай болса, өз мемлекетіміздің рәміздерін құрметтеп, қастерлейік!
Бұл - біздің Гимн!
Бұл - біздің Ту!
Бірге: Бұл - біздің Елтаңба!

Қорытынды:

Оқушылар!Бүгін біздер Отанымыз Қазақстан, оның Гимн, Туы, Елтаңбасы туралы әңгімеледік. Қазақстан - бүгін еліне достық туын тіккен жер. Ендеше Қазақстан Республикасының азаматы болғанымызды мақтан тұтайық. Үлкен азамат болыңдар! Хор: «Атамекен».


© 2010-2022