"Мәтіннің түрлері (қазақ тілі; 2-сынып)"

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: қараша 2014 жыл

Пән: қазақ тілі

Пән мұғалімі: Тасыбай А.Қ.

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері

Сабақтың мақсаты: мәтін және мәтін түрлері туралы алған білімдерін пысықтау

Пәндік нәтиже: оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін - әңггімелеу мәтіні екенін түсіндіру

Тұлғалық нәтиже: мәтінге жоспар құра білуге үйрету, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, дәптер, суреттер

Сабақтың барысы:

Көркем жазу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Өткенді пысықтау.

Карточкамен жұмыс.

Берілген мәтінге тақырып қой. Құрылымын анықта.

Бір топ бала жасырынбақ ойнады. Алдымен Әсет көзін жұмып тұрды. Қалған балалар жасырынды.

Балалар жасырынып болған кезде Әсет көзін ашты. Ол балаларды іздей бастады. Азат теректің артына жасырынған екен. Оны Әсет тез тапты. Ал Әмірдің басы бұта түбінен көрінді. Тек қана кішкентай Алмас еш жерден көрінбеді.

Балалар оны бірігіп іздеді. Оларға Әсеттің иті Ақтөс те көмектесті. Ақыры Алмасты Ақтөс тапты. Сөйтсе, Алмас Ақтөстің үйшігіне жасырыныпты.

Жаңа сабақ.

Плакатпен жұмыс

Көл бетінде екі аққу жүзіп жүр.

Еркін майлы бояумен сурет салды.

Айша кітапханадан әдеби кітап алды.

Ерік атасымен тоғайға барды. Атасы екеуі тоғайдан қураған ағаштарды жинады. Оны арбаға тиеді. Қураған ағашты үйге алып келді. Оны отынға пайдаланды.

Оқушылардың назарын 1-бөлікке аударып, сөйлемдерді оқыту. Мәтін емес екенін анықтайды. 2-бөліктегі мәтін оқылып, оның мәтін екендігі және әңгімелеу мәтіні екендігі анықталады.

Тақтаға жоспар ілінеді.

  1. Пілдің мекені

  2. Пілдің қорегі

  3. Пілді адамдардың асырауы

Оқушылар жоспар бойынша мәтін құрастырады.

Мысалы: Піл Африкада тіршілік етеді. Оның ұзын тұмсығы бар. Тұмсығымен ағаштарды көтереді. Ол жас ағаштардың жапырағын, түрлі жемістерді жеп қоректенеді. Пілді адамдар қолға үйретеді. Қолға үйренген піл жүк тасиды.

  • Құрастырылған мәтін қандай мәтінге жатады?

Сергіту сәті

1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Оқиға реті бойынша әңгімеле. Мәтінді қалай атар едің?

  1. Жыртық сөмке

  2. Дананың әжейге көмегі

  3. Әжейдің батасы

  • Әңгімелеу мәтіні туралы не білдіңдер?

Ереже: Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады.

2-жаттығу. Мәінді оқы. Мәтін мазмұнын әңгімеле.

Жоспар:

  1. Суық тиген Ербол

  2. Бауыржанның бауырмалдығы

  3. Дәрігердің ризалығы

Сабақты қорытындылау

  • Мәтін дегеніміз не?

  • Абзац дегеніміз не?

  • Мәтін атауын басқаша қалай атаймыз?

  • Мәтін құрылымы туралы не айта аламыз?

  • Мәтін түрлерін айтыңдар

Үй тапсырмасы: 3-жаттығу. (69 бет ) Мәтін мазмұнына құрылған оқиға реті бойынша мәтін құрастырып жаз.

  1. Қыстың түсуі

  2. Құстардың ашығуы

  3. Адамдардың құстарға көмегі

Бағалау



© 2010-2022