Ы. Алтынсарин. Малды пайдаға жарату

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат zip
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі:----------- Абдрахманова Л.Т Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин. Малды пайдаға жарату

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділігі:Мәтіннің мазмұнын ашу, оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру,

ә )Дамытушылығы:Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту.

б)Тәрбиелігі: Сұрақ қою арқылы ойлау қабілеті артады, жан-жақты ойлануға ,топтық жұмыс жасауға, бірін- бірі толықтыруға дағдыланады.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:Қима қағаздар,сызба,сөздік.

Пәнаралық байланыс:Халықтық педагогика,дүниетану.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу сабақ құралдарын,әзірліктерін тексеріп,зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Ы.Алтынсарин «Кел,балалар,оқылық»өлеңінің екінші шумағын жатқа айту.Автор туралы мәлімет жинау.

ІІІ Үй тапсырмасын бекіту.

1.Ы.Алтынсарин кім? Қандай шығармаларын білесің?

2.Білімнің пайдасы туралы Ыбырай ата не айтады?

3.Өлеңнің бірінші бөлігіне қандай ат қояр едің?

4.Өлеңнің екінші бөлігіне қандай ат қояр едің?

5. «Ата-енең қартайса-

Тіреу болар бұл оқу»деген өлең жолдарынан ақын ойын қалай түсінесің?

ІV Жаңа сабақ

«Біз көңілді баламыз» тренингі.

Біз көңілді баламыз» тренингін арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыруды ұйымдастыру

V Қызығушылықты ояту

Топқа бөлу.

Қостанай, ұстаз, 1841-1889, қазақ хрестоматиясы.

Оқушылар қима қағаздағы сөздер арқылы топқа бөлінеді

Қима қағаздар

VІ Ой шақыру

Балалар , бұл сөздер туралы не айтуға болады?

Топта Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет, өнер, білім туралы мақал-мәтелдерін талқылап, жинақтап әр топтпан 1-2оқушы қорғайды.

Сызба

VІІ Мағынаны тану

Өлеңнің ІІ бөлігінде не туралы айтылған?

«Ата - енең қартайса- Тіреу болар бұл оқу» - деген өлең жолындағы ақын ойын қалай түсіндіңдер?

Толығырақ түсіну үшін Ыбырай Алтынсариннің «Малды пайдаға жарату» атты әңгімесін оқимыз.

Оқушылар «Кел балалар оқылық!» өлеңінің

ІІ бөлігі бойынша түйген ойларын айтады.

VІІІ Дәптермен жұмыс

Күннің жадын,тақырыпты жазу.

Малды пайдаға жарату. Ы.Алтынсарин

Кітаппен жұмыс

1.Оқушылардың оқуы

2.Мағынасына тоқталу.

Түсіну

«Түртіп алу» тәсілі бойынша мәтінді өзіндік оқыту.

Жұп болып мәтін бойынша топтық әңгіме жүргізу.

Әр топ «Түртіп алу» тәсілі бойынша мәтінді өздері оқиды

Мәтіндегі мағынасы таныс емес сөздермен жұмыс

Сөздікпен жұмыс

1.Борыш-қарыз

2.Өсім-алажақ

Талдау

Дәптермен жұмыс жүргізу Оқу шылар дәптермен жұмыс жүргізеді, сызбаны толтырады.

Дәптер, сызба.

Бекіту бөлімі:

Мәтінді басқаша қалай атауға болады?

Ата - анаңның еңбегін қалай ақтар едің?

Бұл мәтіннің алдыңғы өлеңмен байланысын айт

Топтар бағалау түрлерін дайындап отырады (смайлинг, шапалақ, ишара, бағдаршам)

Үйге тапсырма

Ы. Алтынсарин. « Малды пайдаға жарату» түсінп оқу. Борыш, ата-ана туралы мақал-мәтел жазу.

Қорытынды:Бағалау,мадақтау.

© 2010-2022