Ашық сабақ Астана тақырыбында. Пәні: Әдебиеттік оқу (4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың мақсаты: Астана .

Білімділік: Саналы түсініп оқу,мәнерлеп оқу және дұрыс оқу машығын жетілдіру.Өлеңдегі негізгі ойды таба білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Дамыту оқытуға негізделген шығармашылық қиялын жүйелі ойлау қабілетін,сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: Дана жазушының ұлылығын,кемеңгерлігін дәріптеу,оқушыларды өз елін туған жерін,табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Н.Ә Назарбаев портреті,тірек сызба,ребустар,Астана суреті.Байтерек.

Сабақтың түрі:Ойнайықта, ойлайық.

Сабақтың типі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау,мағынаны тану,ой толғаныс,ребустар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. ( Ант айтқызу)

  2. Оқушыларды сабақтан ауытқыту жаттығуы

Балалар алақанымызды бір-біріне түйістіріп көрейікші.Не сезіп тұрсыңдар

Балалар: Жылулық.

Осы алақан жылулары арқылы бр-бірімізге игі тілектер мен жылы лебіздер білдірейік.

-Күніміз жарық болсын !

-Аспанымыз ашық болсын !

- Жұлдызымыз жарық болсын !

- Деніміз сау болсын !

-Еліміз аман болсын !

-Ағымыз мол болсын !

Рахмет түлектерің қабыл болсын,деп сабағымызды бастаймыз.

  1. Үй тапсырмасын сұрау,мағынаны тану стратегиясы

Үйге 3 бөлімнен тұратын Кімнің мекені жақсы ? Сәкен Жүнісовтың ертегісі берілген.

3 бөлімді оқушылар түсінікке айтып шығады.



  1. Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Үлкен шеңбер құрамыз.

Бір отырып,бір тұрып

Оңға солға бір қарап,

Аяғымыздан тік тұрып,

Орнымызды табайық.



  1. Жаңа сабақ.


Ой толғаныс стратегиясы бойынша. Ребустарды шешу.

  1. Ас, , на Астана
  2. Алма, т ы Алматы.


Осы екі қала туралы не білеміз ?

Бүгінгі өтетін сабағымыз Күләш Ахметованың "Астана " өлеңі. Мәнерлеп оқып шығу.

А Сарыарқа Алатау Алматы Есіл Алматы Астана Астана

Бәйтерек

Тірек сызбаға толық тоқталу.Бәйтерек туралы қысқаша тоқталу.Түркі халықтарының аңызы бойынша осы алып ағаштың "ұшар басына аңыздағы Самұрық құс жыл сайын жалғыз ғана жұмыртқа салады екен.Сол жұмыртқа өмірдің символындағдай бүкіл тіршілікке жан беріп тұрады екен. Жұмыртқадан балапан жарып шаққан бойда бір айдахар- жылан алып ағаштың діңімен жоғары өрмелеп барып қорғансыз,күнәсіз балапанды жұтып қояды екен. Жер асты патшалығына түскен Ер Төстік балапанға ұмтылған айдахарды садақпен атып өлтіріпті. Бұған риза болған Самұрық балапанын ажалдан алып қалған үшін Ер Төстікті жер астынан жер үстіне алып шығады. Енді бұның биіктігі 97 м.Ал бұл сан елдің ордасы Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифрына 1997 жылға сәйкес келеді екен.

  1. Оқулықпен жұмыс.


Өлеңді 1-2 оқушыға оқыту .82-беттегі суретке зер салып қара. Сурет сенде қандай сезім туғызады. Ақынға ілесіп,суреттен алған сезіміңді өлеңмен жеткізіп көр.

Сұраққа жауап беру арқылы қорыту.

  1. Қорытынды:


Елбасымыз Әсем Бәйтерек Астана

Зәулім үйлер бақытты халқы бай Есіл өзені

  1. Өздерін-өздері бағалайды.
  2. Үйге тапсырма: Астанаға арналған өлең шығару.


  1. Ән: "Туған елдің құшағы" Хор.




© 2010-2022