Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

Мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , жол ережесіне арналған кітаптар.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе : - Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны , қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.

ІІ. Негізгі бөлім:

Жұмбақтар

1. Ала таяқ ұстаған, 2. Көше бойлап аяңдайды,

Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялайды.

Өміріңді күзеткен, (Автобус)

Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

Мұғалім : 1. Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек. Неге ?

Біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.

3. Жиек жол деген не ? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол )

4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

Бағдаршам кейпіндегі оқушылар шығады.

1) Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем баспа алға !

2) Сары көзін ашқанда ,

Қарап қалма аспанға !

3)Жасыл көзін ашқанда ,

Өте бергін , жасқанба ! Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.

Мұғалім : - Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?

Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\

Оқушы қалай өтетінін көрсетеді.

ІІІ. Қорытындылау.

  • Балалар, бүгін не жайында өттік? Сендерге сабақ ұнады ма? Неліктен?

Ән «Әрқашан күн сөнбесін!»

© 2010-2022