Сабақ жоспары С. Бақбергенов Құрманғазы (4сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары С.Бақбергенов Құрманғазы (4сынып)Сабақ жоспары С.Бақбергенов Құрманғазы (4сынып)Сабақ жоспары С.Бақбергенов Құрманғазы (4сынып)Күні:10.11

Тақырыбы: Құрманғазы. Сәуірбек Бақбергенов.

Мақсаты: қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірімен таныстыру, мәтінді өздігінен оқып, мазмұынын ашуға, ізденіп жұмыс істеуге үйрету;байланыстырып сөйлеу, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру; Отан сүйгіш, елін қорғайтын азамат болуға, қазақ өнерін дәріптеуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: талдау, іздену, қолдану, топтық жұмыс, ой қозғау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: үн таспа , бейнематериал, интербелсенді тақта, смайликтер, постер, маркер.

Барысы

Сабақтың кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Білу»

Сергіту сәті

1 мин

7минут

Психологиялық жаттығу

Осындай көңіл-күйімізбен сабағымызды бастап, аталған қасиеттерімізді көрсете білейік.

Шерхан Мұртаза «Бала Тұрар» әңгімесінің мазмұнын айтады.

-Тұрардың фамилиясы не себепті Қырғызбаев болып өзгерген екен?

-«Сибирь» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды?

-Сахалин аралын неге сұрады деп ойлайсың?

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз,

Біз жігерліміз,

Біз өзімізге сенімдіміз,

Біз әрқашан көңілдіміз!

Оқушылар әңгімені рөлге бөлініп сахналайды.

Дайындап келген қосымша мәліметтерін айтады.

Музыка әуеніне қимыл- қозғалыстар жасайды.

Жаңа сабақ


«Түсіну»

Мәтінмен жұмыс


3 мин


2 мин

10 мин

а) Жаңа сабақты күй тыңдатудан бастау. (Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйі-48сек.)

-Бұл әуен шығарманың қай түріне жатады?

-Бұл кімнің күйі? (мақсатын хабарлау)

-Құрманғазы атамыз туралы не білесіңдер?

ә) Сәуірбек Бақбергенов туралы шағын мәлімет беріп кету. (бір оқушы)

б) Құрманғазы Сағырбайұлы туралы бейнематериал көрсету. (мәлімет толықтыру)

в) сөздік жұмысы

Суыт - асығыс.

Кілтипандарын - құпиясын.

Жігері құм болды - дәрменсіз күйге түсті.

Құқай - бұл жерде: қиындық.

Шылау - жүгеннің шаужайы, шылбыры.

Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйін тыңдайды.

Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен - саз күй деп аталады.


-іштей оқиды;

-мәтінді топпен бөліп оқып, талдайды;

-бір-біріне түсіндіреді;

-әр топтан бір оқушыдан шығып, мазмұнын баяндайды.

«Қолдану»

Үш қадамдық сұхбат

5 мин

Мәтін мазмұнына байланысты әр топ бір-біріне сұрақтар қояды.

Топпен ойланады, жазады,

қорғайды.

Талдау

5 минут.

-Құрманғазыны тұтқынға алып, қолын байлаған кездегі Динаның көңіл күйі қандай болғанын мәтіннен тауып оқы. -Құрманғазының түрмеге кетердегі сөзін дауыс ырғағына келтіріп оқы. --- -Бұл сөзді оқығанда өзің қандай сезімде болдың?

Қорытындылау

Рефлексия

3 мин

-Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

-Топпен жұмыс ұнады ма?

-Саған не түсініксіз болды?

-Сабақ соңында көңіл-күйлерің қандай?

Әр топ смайликтер арқылы сабақтағы көңіл күйлерін көрсетеді.

«өте жақсы» «жақсы» «түсініксіз

күйдемін»

Бағалау

1 мин

Мұғалім толықтырады.

Топ басшылары бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалап, қорытындысын шығарады.

Үйге тапсырма

1.Түсініп оқу

2. Құрманғазы күйлерінің атын дәптеріңе толықтырып жаз.

3. Құрманғазының Кенжеге айтқан ақырғы өтінішін дәптерге өз сөзіңмен хат түрінде жаз.


© 2010-2022