Ашық сабақ Бауырсақ ертегісіне саяхат

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КМҚК «Дәншік» балабақшасы

Ашық сабақ

Тақырыбы;

«Бауырсақ ертегісіне саяхат...»

«Балбөбек» 2- сәбилер тобы

Тәрбиеші-педагог ;

Кезенбаева Лаура Жомартқызы.

Самар ауылы 2014 жыл

Тақырыбы; «Бауырсақ ертегісіне саяхат»

Мақсаты; Балалардың ертегі бойынша танымдық қабілеттерін арттыру,тіл-байлығын,сөздік қорын,қарым-қатынастарын, көңіл-күйлерін ояту,балалармен уақытты көңілді ,әрі қызықты және тартысты өтуіне ықпал жасау.Ойын арқылы бір -біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. : Ертегі, әлеміне қызығушылығын қалыптастыру.Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту,актерлық шеберліктерін қалыптастыру,шығармашылықтарын дамыту.

Көрнекілігі;

Ертегі кейіпкерлерінің суреттері,хрестоматия.

Қолданған әдіс-тәсілдер;

Сұрақ-жауап,көрсету, түсіндіру,ойын-жаттығулар,диалог,көркем сөздер,актерлық шеберлік.

Қос тілдік компанент:

Колобок-бауырсақ,ертегі-сказка,ата-дедушка,әже-бабушка.

Аймақтық компанент: қоян,түлкі,қасқыр,аю,бауырсақ.

Тәрбиешінің әректі

Іс-әрекет кезеңі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы



Іздену- ұйымдастыру

















Рефлексифті коррекциялаушы



Кіріспе әңгіме:

Балалар, бүгін ерекше күн, бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.

Шаттық шеңбері.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой!

Ал, қанекей, бәріміз

«Сәлем» дейік үлкенге.

- Сендер жақсы сөздер айтқанды жақсы көресіңдер ме?

Ал енді, бір-бірімізге жақсы сөздер айтайық. (Балалар алақандары арқылы бір-біріне жылы сөздерін жеткізеді.)

Балалар шеңбер бойында тұрады.

- Балалар жарайсыңдар!

- Балалар, сендер балабақшада осы сөздерді күнде айтып жүріңдер.

- Енді орнымызға отырайық. (Балалар орындарына отырады)

- Тәрбиеші: Балалар қане есімізге түсіріп көрейікші, ертегілердің басы қалай басталады?

Балалар: «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте де», «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір тұрыпты», «Ерте-ерте, ертеде кіп-кішкентай маса дүниеге келе салып, өз-өзіне қарап сүйсіне бастайды» және. т. б

- Ал балалар ертегі әлеміне саяхат жасайық.

- Ертегілер әлеміне бару үшін қандай көлікпен барайық?

- Пойызбен барайықшы, тез жетеміз

(пойыздың дауысы естіледі)

- Біз ертегі әлеміне келдік, қане жайғасып отырайық.

Бүгін қандай ертегіні тамашалайтындарыңды білу үшін сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

1. Өзі қу, жүрген жері айқай - шу. (түлкі)

2. Далада жүр шапқылап, керемет тым саққұлақ,

Тек есектен басқа да, оған ұқсар жоқ құлақ. (қоян)

3. Ит сияқты пішіні, ұнатпайды ол кісіні. (қасқыр)

4. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. (аю)

5. Өзі қып-қызыл болып піседі

Күнге ұқсас келеді. (бауырсақ)

- Сонымен балалар, бұл кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі екен?

-Ертегіні орыс тілінде не деп айтамыз?

-Бауырсақты ше?

-Аю ды ше?

Тәрбиеші балаларға

«Бауырсақ»ертегісін еске түсіруін ұсынады.Тәрбиеші ертегіні оқып береді,балалардан сұрап,енді оны қалай өзгертуге болады деп балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға болысады.

-Балалар,ертегіні қалай өзгертуге болады?

-Ертегіміз сәтті,жақсы аяқталу үшін не істеуге болады?

- Қане кім айтады?

-Өте жақсы балалар,сендер ертегіні жақсы өзгертіп,өздеріңнің шығармашылықтарыңды арттырып көрсете білдіңдер.Енді ертегіні сахналап көрсетейік.Ол үшін сахналауды бастамас бұрын шаршағанымызды басып сергітіп алайық.

Сергіту сәті. Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық

Тәрбиеші «Бауырсақ» ертегісін балалардың өздері сахналауын сұрайды.

Автор:Әдемі

Ата: Бекарыс

Әже: Ульяна

Бауырсақ: Елнұр

Қоян: Әділ

Қасқыр:Еркебұлан

Аю: Арнұржомарт

Түлкі: Айым

-Өте тамаша,балалар сендер ертегіні өзгертіп,жақсы сахналап бердіңдер.Енді бақшамызға барып ары қарай жалғастырайық.

Балалар бақшаға қайтады.

Олар топқа келгенде топта әже отырады:

-Ой,балалар сендер қайда жүрсіңдер,мен сендерді бағанадан күтіп отырмын.

Тәрбиеші:

-Қанеки,балалар,айтып берейікші әжеге біз қайда бардық?

-Онда қандай ертегіге саяхат жасадық?

-Ертегімізді қалай өзгерттік?

-Сендерге қандай кейіпкерлер ұнады?

-Бауырсақты кім пысырды?

-Кімге арнап пісірді?

-Бауырсақ қайда домалап кетті?

-Саяхатқа тағы да барамыз ба?

Әже:

-Ой тамаша балалар мен де сендерге бауырсақ пісіріп әкелдім,ас болсын,жейқойыңдар.

Балалар рахметін айтады.

Балалар мадақталып, қонақтармен қоштасады.

Балалар шеңбер бойымен тұрады:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау, саламат болайық!

Балалар шеңбер бойына тұрып орындайды.

Балалар: Сәлеметсіздер ме апайлар!

Иә,жақсы көреміз







Балалар жұмбақтың шешуін шешеді.



«Бауырсақ ертегісі»

Сказка

Колобок

Медведь

Балалар мазмұнын айтып береді

Екеуі дос болады

Түлкі бауырсақты жемейді.



Балалар ертегіні сахналайды







Ертегілер еліне

Бауырсақ ертегісіне

Әже

Атаға арнап

Орманға

Қоян,қасқыр

Күтілетін нәтиже; Сабақ ойдағыдай өтті.

Біледі; Ертегінің мазмұнын біледі

Игерді: Кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасау

Меңгерді: Ертегі желісімен кейіпкерлердің рөліне енеді.



© 2010-2022