4 санымен таныстыру

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: "4 санымен таныстыру."

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қарапайым матиматикалық ұғымдарды қалыптастыру,тіл дамыту, көркем әдебиет, құрастыру, орыс тілі

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

1. 4 санының пайда болуы және 4-ке дейін санауға үйрету.

2. Геометриялық пішіндерді:шеңбер, шаршы және үшбұрышты ажырата білуге жаттықтыру. Балалардың ойлау қабілетін арттыру.

3. Дидактикалық ойындар арқылы ұқыптылыққа шапшандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас, компьютер арқылы жаңа тақырыпты меңгеру, машықтық.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын, тірек карта арқылы оқыту

Сабақтың өтілу әдісі: түсіндермелі-иллюстративтик, жартылай ізденіс, машықтық.

Оқыту құралдары: компьютермен жұмыс, ой қозғау, логикалық ойындар,

Демонстрациялық материал: 2 жолақшасы бар карточка, ойыншықтар (3 аю, 3 тиін, 3 жаңғақ);

Үлестірмелі материал: әр балаға 2 жолақшасы бар карточка, 2 шаршы, 3 үшбұрыш, 4 шеңбер.

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың қызметі

Мотивациялық қозғаушы

Матиматика сабағына дайындалайық.

1-ші бөлімі: Үшке дейін санау және 4 санының пайда болуы

2-ші бөлімі: Үлестірмелі матералмен жұмыс. Геометриялық фигураларды ажыратуға жаттықтыру.

3-ші бөлімі: Дидактикалық ойын. Сабақты қорытындылау.

- Балалар,бәріміз шеңбер құрайық. Бір-бірімізге жақсы сөздер айтып амандасайық.

Сабағымыз сәтті болсын

Құзыретті маман болайық

Деніміз сау болсын

Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жетейік

Таңғажайып сәт

Балалар, бүгінгі сабағымызға қуыршақ Айсұлу сиқырлы қоржынымен қонаққа келді. Амандасайық. Ол маған санауға үйренгім келеді деп айтты. Айсұлумен бірге санауға үйренейік, бәріміз бірге санайық. Бүгін 4 санының пайда болуы мен танысамыз. Балалар Айсұлудың сиқырлы қоржыныңда ойыншықтар көп, сол ойыншықтарды санайық

Сабаққа дайындалады.



-Сәлеметсің бе, Кәмила, сен сүйкімдісің.

-Сәлеметсің бе, Аэлита, сен қайырымдысың.

-Сәлеметсің бе, Ербол, сен ақылдысың.

-Сәлеметсің бе, Ерназар, сен сабырлысың

-Сәлеметсің бе, Нұрлы, сен мейірімдісің.

Іздену ұйымдастырушы

1 - і бөлімі: 3-ке дейін санау және 4 санының пайда болуы:

Айсұлудың ойыншықтарын санайық.Төменгі жолақшаға 3 аю орналастырылған, ал жоғарғы жолақшаға - 2 тиін. Балалар ойыншықтарды санайық. Қанша аю? Қанша тиін? Кімдер көп (аз): аюлар ма немесе тиіндер ме? Қай сан көп: 3 немесе 2? Қай сан аз: 2 немесе 3? Аюлармен тиіндер тең болу үшін не істеу керек?

Біз 1 тиінді қосамыз деп шешім қабылдадық. Тиіндер қанша болды? 3 тиін калай пайда болды? Тиіндер мен аюлар қаншадан болды?

3. Тиіндер мен аюлар қаншадан болды? Енді тиіндер мен аюлар тен: 3 тиін және 3 аю».

Қуыршақ Айсұлу сұрайды: Егер тағыда 1 аю келсе, онда оны қай жолақшаға орналастырамыз? Аюлар көп пе аз ба? Олардың саны қанша болды? Дауыспен 4 санан интонация арқылы көрсетіп ауада жазады.

4-ке дейін санау және 4 санының таныстыру.

Айсұлудың сиқырлы қоржыныңда жаңғақ ойыншықтар бар екен. Төменгі жолақшаға 4 тиін, ал жоғарғы жолақшаға - 3 жаңғақ орналастырайық. Ойыншықтарды санандар. Қанша тиін? Қанша жаңғақ? Кімдер көп (аз): тиіндерме немесе жаңғақтар ма? Қай сан көп: 4 немесе 3? Қай сан аз: 3 немесе 4? Тиіндермен жаңғақтардың саны тең болу үшін не жасау керек?

Дәптермен жұмыс

Жұмыс дәптерімізді ашайық.

1 тапсырма: 4 цифрын бастырып жаз.

2 тапсырма: Сол жақтағы дөңгелектерді сана. Оң жаққа 1 дөңгелекті артық сал.

3 тапсырма: Көбелектің қанатындағы 4 цифрымен белгіленген бөліктерін тап. Оларды қызыл қарындашпен боя.

Сергіту сәті:

(іс-әрекет арқылы)

Мен қанатты жазамын

Суға сүңгіп аламын

Суда жүріп жүземін

Оң қанатты бір қағып

Сол қанатты бір қағып

Қанатымды қатайтып

Мен анамдай боламын

2 - і бөлімі: Үлестірмеле материалмен жұмыс:

Шаршыны және үшбұрышты ажыратуға жаттықтыру тапсырма:

Балалар жоғарғы жолақшаға үшбұрыштарды орналастырады , ал төтеңғі жолақшаға - шаршыларды. Фигураларды санап санын салыстырады.

Үшбұрышты және шеңберді ажыратуға жаттықтыру тапсырма:

Балалар жоғарғы жолақшаға үшбұрыштарды орналастырады , ал төтеңғі жолақшаға -шеңберлерді, фигураларды санап санын салыстырады.

3 - і бөлімі: Дидактикалық ойын «Кім ұқыпты?.»:

3 аққалалардың бір-бірінен қанша айырмашылығы бар? Сонша өз қалауымен бір түспен шеңберлерді боя.

-3 аю

-2 тиін

-Аюлар көп, тиіндер аз.

-3 саны көп 2 аз.

-Аюлармен тиіндер тең болу үшін

тағы 1 тиінді қосамыз, немесе 1 аюды алап тастаймыз.

Тиіндер 3 болды. 2 тиінға бір тиін қосу арқылы пайда болды. Тиіндер мен аюлар тең: 3 тиін және 3 аю.

1 аюды төменгі жолақшаға орналастырамыз.Аюлар көп. Аюларды санайды: 1,2,3,4. барлығы 4 аю болды.

3 жаңғақ 3тиін. Екеуі тең. 4 саны көп 3 саны аз. 1 тиінді қосамыз, немесе 1тиінді алап тастаймыз, немесе 1 жаңғақты алып тастап бұрыңғы 3 санға кайтып ораламыз.

Берілген тапсырмаларды орындайды.



(іс-әрекет арқылы)

Мен қанатты жазамын

Суға сүңгіп аламын

Суда жүріп жүземін

Оң қанатты бір қағып

Сол қанатты бір қағып

Қанатымды қатайтып

Мен анамдай боламын

Фигураларды санап санын салыстырады және орналастырады.

Фигураларды санап санын салыстырады және орналастырады.

Аққаланың айырмашылықтарын тауып, бояйды.

Рефлексивті коррекциялаушы

Дидактикалық ойын «Артық фигураны тап »

Слайдта неше түрлі фигуралар беріледі. Сәйкес келмейін фигураларды табады.

Менің достарым сендерге көп рахмет! Сендердің арқаларында 4 санымен танысып, 4-ке дейін санауды үйрендім. Сендерге сиқырлы қоржынымнан мына гүл шоқтарын тарту еткім келеді.

Қарапайым матиматикалық ұғымдарды қалыптастыру сабағы аяқталды демалуға,келесі сабаққа дайындалуға рұқсат.

Оқушылар қонырауға шығады

Күтілетін нәтиже: Күтілетін нәтиже: 4 санының пайда болуы және 4-ке дейін санауға үйренді. Геометриялық пішіндерді:шеңбер, шаршы және үшбұрышты ажырата біліп, балалардың ойлау қабілетін одан әріге жетілді. Дидактикалық ойындар арқылы ұқыптылыққа шапшандылыққа тәрбиеленді. Түсінді: Бастаған нәрсені ақтауға еңбекті бағалауға, адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын түсінді.

Үйренді: 4-ке дейін санауға, өз білімдерін ортаға сала отырып, жолдастарына көмектесуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйренді



Айтиев бастауыш мектебі











Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті

Даярлық тобы

Тақырыбы: "4 санымен таныстыру."

(Қарапайым матиматикалық ұғымдарды қалыптастыру)



Тәрбиеші: Бақтиярова Б.Б

2012-2013 оқу жылы

© 2010-2022