Реттік сан есім

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың мақсаты: реттік сан есімдердің өзіне ғана тән грамматикалық көрсеткіштері бар екенін, яғни -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтарының жалғану жолын түсіндіру.

Сабақтың барысы:

  1. Өткен сабақты еске түсіру.

- Сан есім дегеніміз не?

- Сан есімдерге қандай сұрақтар қойылады?

- Сан есімнің қандай түрлерін білесіңдер?

- Реттік сан есім қалай жасалады?

2) Жаңа сабақ.

Тақтаға төмендегі үлгідегідей плакат ілінеді. Оқушылар маркер немесе фломастермер түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды сызып қосады.


алты

-інші

жүз

-нші

жеті

-ыншы

тоғыз

-ншы

Жаңа сабақты түсіндіру барысында оқушыларға басқа сөз таптарынан реттік сан есім жасалмайтыны, негізгі сан есімдерге ғана қосылын түрленетіні меңгертіледі. Оқушылар қай кезде -ыншы, -інші жұрнақтары, қай кезде -інші, -нші жұрнақтары жалғанатынын айтады.

1-жаттығу. Сан есімдерді көшіріп жазып, оларды сөз құрамына талдайды. Осы сан есімдерді қатыстырып, екі сөйлем құрастырып жазады.

Ереже талданады.

2-жаттығуда берілген есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жазады.

3-жаттығу бойынша мәтінді көшіріп жазады. Мәтіннен реттік сан есімдерді тауып, олардың астын сызады.

5-жаттығу. Шешуі: Ел құлағы - елу.

Қай сөз табына жатады? Сұрақ қойыңдар.

Сан есімнің қай түріне жатады?

3) Реттік сан есімге айналдырыңдар (мысалы, елуінші).

3. Сабақты қорытындылау

Оқушыларға тест тапсырмалары жазылған парақтар таратылып беріледі.

Мысалы:

1) Заттың санын, ретін білдіретін сөз табы.

а)Зат есім
ә) Сын есім

б) Сан есім

в) Етістік

2) Сан есімнің сұрақтарын белгіле.

а)қандай? қай?
ә) кім? не?

б) қанша? қашан? қандай?

в) қанша? неше? нешінші?

3) Реттік сан есім тудыратын жұрнақтарды көрсет.

а)- ға, ыншы

ә)-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер

б) -ыншы, -інші, -ншы, -нші

в) -мыз, - міз

4) Реттік сан есімдерді белгіле.

а) тоғызыншы, жетінші, алтыншы
ә) жүз, алты, бірнеше

б)бес, жеті, сегіз
в) екі, үш

4. Үйге тапсырма. Үиге 4-жаттығу беріледі.


© 2010-2022