К дыбысы мен әрпін қайталау

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпін қайталау

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға К дыбысы мен әрпін қайталау арқылы берілген сөздерді, шағын мәтінді тізбектей оқыту. Сөзбен жұмыс, сөйлеммен жұмыс, байланыстырып сөйлеу. Сөздерді буынға бөлу. Сөзге дыбыстық талдау жасау.

Дамытушылығы: К дыбысы мен әрпін қайталау арқылы оқушылардың ойлау,

есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту. Сауатты көркем жазуға дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды отан сүйгіштікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа,

табиғатты қорғауға, оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектеп оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, буындар, ребустар, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы: 5-слайд

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ә) Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

ІІ. Үй тапсырмасы: К дыбысы мен әрпі 6 -слайд

« Сөз ойла ,тез ойла» ойыны

а) К дыбысынан келетін сөздер айту:

ә) К дыбысынан келетін сөздерді буынға бөлу.

Өр - нек, өр - мек - ші, кілт, өр - ік, кө - лік, кө-ше.

б) К дыбысын барлық балаға тізбектеп оқыту.

ІІІ. Қайталау сабақ. К дыбысы мен әрпі. 7-слайд

  1. Ой қозғау:

а) Дыбыс деген не?

ә) Әріп деген не?

б) Дыбыстар нешеге бөлінеді?

в) К дыбысы қандай дыбыс?

ІV. Оқулықпен жұмыс. Тізбектеп оқыту.

көр мал оқу

көрші малшы оқушы

Мына сөздерден жаңа сөздер шықты.

-Көрші, малшы, оқушы дегендер кімдер?

-Қалай түсінесіңдер? Білетіндерін сұрау.

-Олар қандай қызмет атқарады?

«Көрші» мәтінмен жұмыс.

А) Өзім оқимын.

Ә) Дауыстап тізбектеп оқыту.

Б) Мәтінді талдау. Сұрақтар қою арқылы мәтіннің мазмұнынын айту.

2. «Кім шапшаң?» ойыны. 8-слайд

Буыннан сөз құрау.

Мақсаты: Өткен сабақта алған білімдерін тексеру.

Ойынның шарты:буындардан сөз құрау.

/Оқушыларға жеке -жеке буындар кеспелері таратылады./

Партаның үстіне берілген буындардан сөз құрау.

Жауабы: Сағат, шана, алма, жалау, ағаш, таға.

Тапсырма. 9-слайд

Берілген дыбыстарды суреттерге сәйкес сызық арқылы қос. -Суретте не көріп тұрмыз? - Паравоздың неше вагоны бар? - Вагондарда қандай дыбыстар берілген? -Суреттерде нелер бейнеленген? /Лақ, аққу, қоян, мысық, көбелек, тауық./
3. «Кім тапқыр?» Сөзжұмбақ 10-слайд 1. Нөлден кейінгі сан /Бір/

2. Қозының анасы. /Қой/

3. Мемлекеттік рәміздердің бірі / Ту/

4. Қасиетті тағам. /нан/


1. Түйенің баласы /Бота/

2. Тамақтың дәмін келтіреді /Тұз/

3. Үй құстарының бірі /Қаз/

4. Тәтті жеміс /Алма/

5. Балық аулайтын құрал /Ау/




4. Венн диаграммасы 11-слайд

-Өркеші жоқ

-Мөө -деп мөңірейді.

-Сиыр төлі. Бұл не? (бұзау)

-Өркеші бар

-Бөө дейді

-Түйенің төлі. Бұл не? (бота)

Екеуін бір сөзбен не деп айтамыз? (жануар)

Жаңылтпашты жатқа айту. 12-слайд

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім?

5. «Сиқырлы сандар» ойыны 13-слайд

1 - Төрт түлік малды ата.

3 - Бұзаудың анасы не?

5 - Ботаның анасы не?

7 - Жылқының баласы не?

6- түліктерден қандай өнім

алынады?

6. Сергіту жаттығуы: 14-слайд

Дыбыстарды ажырата білеміз бе?

А, Ә, Л, М, Р, Ш, Ж, Т, С, У, Ы, І, Ғ, Қ, Н, ң, К.

7. «Жоғалған буын» ойыны 15-слайд

Ойын мақсаты: түсіп қалған буындарды қосып сөздерді дұрыс оқу.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Қолды белге қояйық

Бір қадам оңға,

Бір қадам солға.

Бір қадам алға,

Бір адым артқа.

Қолымызды жоғары созамыз.

Аяқтың ұшымен тұрамыз

Қолымызды босатамыз

Орнымызға отырамыз. /2 рет жасаймыз/

V. Дәптермен жұмыс.

А)Ауада жазу.Жазу жолындағы әріптерді жазу. К дыбысының бас әріпін жазу. Балалардың әдемі,таза,сауатты жазуларын қадағалау.Кісі, жер,су аттары бас әріппен жазылатынын айтып кету. Сөйлем бас әріптен басталып жазылатынын айтып кету. Ә) Тақтаға есту арқылы жазу. Сөздерді жазу: көрші, Кәрім. Берілген сөздерден сөйлем құрау. - Неше сөзден құралған сөйлем? Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау. Дауысты дыбыстарды қызыл, дауыссыз дыбыстарды көк дөңгелекпен белгілеп көрсету.

К ә р і м көрші

К дыбысы мен әрпін қайталау
8. Шығармашылық жұмыс. 16-слайд А) «Күз» тақырыбына сурет бойынша сөйлем құра. - Суретте қандай мезгіл бейнеленген? - Кімдерді көріп тұрмыз? - Олар қайда келді? Не істеп тұр? - Құстар қайда ұшып барады? - Суретті «Алтын күз» деп аталу себебі не деп ойлайсыңдар?
Ә) Сурет бойынша екі сөзден құралған сөйлем құрау. 17-слайд Суретте нелер берілген? Бұларды бәрін қосып бір сөзбен не деп айтамыз? (Жиһаздар) Берілген суреттерден екі сөзден құралған сөйлем құраймыз. Жаңа сөре. Биік үстел. Жұмсақ орындық.
Б) Сурет бойынша сөз құрау 18-слайд Айна, Айдос, Айша. Гүлнар, Гүлшат, Гүлсім. -Бұл кімдердің аттары? -Кісі аттары қандай әріптен басталып жазылады.
9. Ой толғанысы: Ребус шешу. 19-слайд Топтастыру стратегиясын қолдану.
Шешуі: тон, қонақ, күш, бесік, сона.
VІ. Сабақты қортындылау: 20-слайд Қандай дыбысты қайталадық? К қандай дыбыс? К дыбысы сөздердің қай жерлерінде жазылады. Сөздің басында, ортасында, аяғында.
VІІІ. Үйге тапсырма: К дыбысын оқу, сөздерді жазу 21-слайд

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтау. 22-слайд

© 2010-2022