- Преподавателю
- Начальные классы
- «Бірлік - менің таңдауым» тәрбие сағаты
«Бірлік - менің таңдауым» тәрбие сағаты
Раздел | Начальные классы |
Класс | 2 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Керимбаева Ш.О. |
Дата | 14.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Сабақтың тақырыбы | «Бірлік - менің таңдауым» тәрбие сағаты | ||
Сілтеме | Слайд, интернет материалдары | ||
Мақсаты
| Бірлік пен қоғамдық келісімді қалыптастырудың өзегі болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуын, іргелі институттың бірлік пен келісімнің, ауызбіршіліктің қозғаушы күшіне айналғаны туралы түсініктері қалыптасады. | ||
Күтілетін нәтижелер
|
| ||
Түйінді идея
| "Ауызбіршілік жоқ жерде ешқашан да ұлттық идеялар жүзеге асқан емес, жаулықтың ең үлкені, ең қиыны - ынтымақ үшін ымыраға бара алмау" Н.Ә.Назарбаев | ||
Сабақтың дәйексөзі | Ынтымақ барда қара суда қаймақ татыр. | ||
Керекті жабдықтар | интербелсенді тақта, постер, маркерлер, түрлі түсті қағаздар,стикерлер | ||
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті | |||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Оқушы- ларға психология- лық ахуал туғызу | Балалармен амандасу.
Берілген мақал- мәтелдердің түсіп қалған сөзін тап. ... (Бейбіт) елде береке бар. ... (Бірлік) болмай, тірлік болмас. Бірлігі жоқ ... (ел) тозар, Бірлігі күшті ...( ел) озар. | Балалар бір - біріне бүгінгі күнге сәттілік тілейді. Түсірілген сөздерді тауып атау арқылы 3 топқа бөлінеді. (бейбіт, бірлік, ел). | |
«Ой қозғау» | -Биылғы жыл елімізде қандай жыл болып белгіленіп отыр? -Сонымен қатар Ассамблея жылында тағы қандай айрықша мәнге ие тарихи мерейтойлар өтетін болады? -Өз өлкемізге байланысты қандай шараларды атай аласыз? | Оқушылар биылғы жылдың елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы (20 жыл) екенін айтады. ҚР Конституциясына 20 жыл, Қазақ хандығы құрылғанына 550 жыл, Жеңістің 70 жылдығы тойланатынын да атайды.
| |
Мағынаны тану
| Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, негізгі мақсат, міндеттері, құрылымы, парламенттік өкілдігі туралы мәлімет беру (слайд көрсетіледі). Қазақстан халқы Ассамблеясының 2015 жылға арналған логотипіне назар аударту. | Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, мақсаты, негізгі міндеттері, құрылымы, парламенттік өкілдігі туралы біледі, білетіндерін толықтырады. Қазақстан халқы Ассамблея- сының 2015 жылға арналған логотипін жан-жақты талдайды. | |
Толғаныс | «Біз өз - өзімізбен және өзгемен бейбітшілік өмір сүреміз» тақыры- бында шығармашылық жұмыс. І топ: Плакат шығару. ІІ топ: Хат жазу( шетелдегі досына, өзге ұлт өкіліне, т.б). ІІІ топ: Сыйлық әзірлеу. Сыйлыққа қойылатын талаптар: Жеңіл, ықшам. Бұзылмайтын. Ұлттық нақыш. Құнды. Әдемі. Қолданылатын. | Тақырып бойынша сын тұрғысы- нан ойлау арқылы талдау жасап, жан-жақты ашады. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. | |
Қорытын- ды
| «Бүгінгі күннің тілегі». Күн суретінің айналасына өз арман -тілектерін жазып жапсыру. | Оқушылар мен қатысушы қонақтар стикерлер арқылы күн бейнесінің айналасына өз арман-тілектерін жазып жапсырады.
|