Отбасында адамгершілікке тәрбиелеу

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Отбасында адамгершілікке тәрбиелеу.

«Біз қазақ мал баққан елміз. Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз» - деп күрмеуі көп, қиын заманда ел тағдырын жырлап өткен Қаз дауысты Қазбек бидің осы жыры бүгінгі ұрпақты өз жерін жаудан аман сақтап қалуға баулиды, қазақ елін сыртқы жаудан аман сақтап алып қалу үшін жанын аямай күрескен халқымызға бағыт - бағдар беріп отырған. Біз - «қазақ» деген намысшыл, Отаншыл халықтың ұрпағымыз. Біздің бойымызда бостандықты аңсап, елім деп өткен ата - бабаларымыздың қаны бар. Сол арқылы қуат алып, ертеңге деген сенімімізді нығайта түсу - бүгінгі ұрпақ алдында неғұрлым міндет. Ол үшін Отанға, елге деген сүйіспеншілікпен әр адам бойына адамгершілік құндылықтарын жия білуі тиіс. Адамгершілік - ең жоғарғы құндылық. Халқымыздың тұңғыш ағартушысы - Ы.Алтынсарин «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы - еңбек пен ата - ана үлгісі», деп мағыналы айтқан. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, парасаттылық, Отансүйгіштік т.б. қасиеттер болуы керек. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар - ұят, адалдық, руханият, ізгілік мәселелерін қатар қоюмыз керек. Қазіргі таңда «халықтық тәрбие тағылымын игерген, рухани бай, өресі жоғары, білімді, ел болашағын ойлайтын тұлға қалыптастыру» деген қағидамен жұмыс жасалып жатыр. Себебі, ұлы бабамыз Әл - Фараби «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген екен. Біз алдымен таза жанды, иманды, арлы, намысты, ұлты мен ұлттық құндылықтарды сүйетін тұлға тәрбиелеуге ұмтылуымыз керек. Біз тәрбие жұмысы барысында күнделікті өмірде «рухани байлық», «рухани қазына» деген тіркестерді жиі пайдаланамыз. Рух деген не? Хижра сүресінің 29 аятында ұлық Алла «Мен сол адамның денесіне өзімнің рух деген нығыметімді үрледім. Рух - таза және пәк әлемнің тамшысы. Бүгінгі еліміздің ертеңі - жас ұрпақ рухани кемелдену дәрежесіне жету үшін, ұлттық тәрбиенің де алар орны ерекше. Жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс - әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, өзіне - өзі талап қоя білуге тәрбиелеу - адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты. Мектепке дейінгі білім беру саласының мақсаты - балалардың рухани - адамгершілік қасиетін қалыптастыру. Рухани - адамгершілік тұрғыдан білім беру жобасының авторы - Сара Алпысқызы Назарбаева - мектеп жасына дейінгі баланың рухани адамгершілік тәрбиесінің алғашқы негіздерін алуға әрекет етеді.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата - аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым - қатынастарынан көрінеді.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс - тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Ата - аналар жалпы адамгершілік құндылықтары бойынша өз білімдерін толықтырып отыр. Ол өзіне деген қызығушылықты, өзінің ішкі - рухани әлеміне қызығушылығын ояту, балалардың назарын адамгершілік - рухани қасиеттердің негізгі салаларына аударту, рухани адамгершіліктің маңызын түсінуге тәрбиелеу: мейірімділік, сыйласымдық, адалдық , еңбекқорлық, қайырымдылық қасиеттері. Осы қасиеттерді бүлдіршін кезінен игерту балабақшадан бастау алады. Адамгершілікке, имандылық пен өзіне - өзі қызмет етуге, мәдени- гигиеналық машықтарды қалыптастыруға, еңбекке, бауырмалдыққа баулуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға,үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының Отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндеттеріміздің бірі» - деген сөзін басшылыққа ала отырып «Менің Отаным - Қазақстан» деп ойлайтын әрбір азамат ұлттық тәрбие жұмысын жүргізуге міндетті.

© 2010-2022