Тексты на казакском языке Менің Отаным -Қазақстаным

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Менің Отаным -Қазақстан»

Мақсаты:

Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;

Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Тәрбиелік: Оқушылардың ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер,

авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана қалаласына байланысты суреттер.

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік.

Мұғалім:

-Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз

Біз бақытты баламыз,-дей отырып, « Менің Отаным -Қазақстан » атты сабағымызды ашық деп жариялаймыз.

Қазақстан Респуликасының мемлекетік гимні орындалады.

-Балалар ,сендер қандай ән орындадыңдар?

-Қазақстан Республикасының гимн орындадық.

Дұрыс айтасыңдар,балалар .Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін гимні, туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атймыз.Осы рәміздер туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін.

Тексты на казакском языке Менің Отаным -Қазақстаным

-Мынау - біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт ұшып келе жатыр.

-мынау-елтаңбамыз.Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі,бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.

-балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп,гимніміз орындалады.Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал гимнді біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер.Қазақстан республкасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі?

Жанібек:

Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

Аруна.

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Амина:

Елтаңбасы елімнің ,

Қандай әйбат әдемі

Тұнығындай көңілдің ,

Ортада аспан әлемі

Абылай:

Құт береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

-Балалар ,Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?

-Нұрсұлтан Назарбаев атамыз

Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ?

-Балалар ,Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?

-Нұрсұлтан Назарбаев атамыз

Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ?

Даниял :

Шықты тарап ой данадан,

Бер қарады жұлдыз беті,

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар президенті.

-Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?

-Астана қаласы

-Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,

Астанамыз Астана -бас қаламыз.

(Астана қаласының суретін көрсету)

-Жарайсыңдар, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз ,Отанымыз -Қазақстан.Халқымызда « Отан отбасынан басталады» деген мақал бар.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.Отан деген не?

- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау)

- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.

Аружан: ө

Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,

Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.

Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,

Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.

Азамат:

Отан - жерім, Отан - суым,

Отан - қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Елнұр:

Сүйемін мен Отанымды,

Гүл жайнаған жерімді.

Сүйемін мен ата - анамды,

Мені өсірген елімді.

Азамат:

Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан - ана, Отан - пана,

Қазақстан - туған ел.

Анел:

Отанды біз атамекен,

Деп аялап айтамыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

Жанболат:

Отанды жас - кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де,

Туып, өмір сүреміз.

Айқын:

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан!

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің, сен Отан!

Айша: Отан деген менің үйім,туған жерім.

Менің жүрегім Отан деп соғады.

Куштар: Қазақстан - көк байрақты ел едің,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің мақтанышым, тірегім,

Өзің менің қуанышым, бақытым

Алихан:

Азаматқа лайық ,

Отанымның ұлымын.

Отанымды қорғайтын,

Азаматтың бірімін.

-Балалар,өте жақсы.Егеменді елдің басты белгісі-тіл .Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі -біздің ана тіліміз.

Тексты на казакском языке Менің Отаным -Қазақстаным

Аружан:

Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән

Бірлігім бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

Еламан:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

Мұғалім:

Қазақ халқының хандарын білесіңдер ме?
Қандай батырлары бар?
Қазақстандық Ұлы Отан соғысының батырларын , желтоқсан жұлдыздарын білеміз бе?

(Суреттен көрсету)Видео

Мұғалім: Иә, осы хандарымыз, батырларымыз, ерлеріміз туған жерін, елін жауларынан аман алып қалам деп айқасты. Халық бірлігін нығайтты.

Дүркірете елінен жауды қуған батырларымыз: Қабанбай, Бөгенбай, Шағатай, Қарасай, Наурызбай, Райымбек, Махамбет, Исатай т. б. бабаларымыздың ерлігі бізге үлгі - өнеге

Қазақстандық Ұлы Отан соғысының батырлары ,желтоқсан жұлдыздары Алия Молдағұлова , Мәншүк Маметова , Бауыржан Момышұлы және т.б

1986 жылы 16 - желтоқсан оқиғасы Отанын сүйетін, Отаны үшін отқа түсетін жастарымыздың қарға тамған қанымен бірге елімізге егемендік - Тәуелсіздік әкелді.

Айзере : Қазақстан -бабамнан қалған мұра,

Сенбейсіңбе даламнан бар да сұра.

Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған

Батырларым демесем болар күнә.

-Балалар,сендер отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.Енді Отан туралы туған жер туралы мақал-мәтел айтайық.

Тексты на казакском языке Менің Отаным -Қазақстаным

Мұстафа:

Отан -оттанда ыстық.

Отан -елдің анасы,

Ел-ердің анасы.

Балжан:

Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.

Сұлтан; Елімнің атын айтсам- Қазақстан!

Жерімнің атын айтсам - Қазақстан!

Қойнауы қазынағы толған мекен,

Байлығымды айтсам-Қазақстан!

Аружан : Қойнауы мол кенге тұнған

Кең жайлауы малға толған,

Жерұйықтай жері дархан

Жаны жомарт елі дархан

Бәрі: Ол біздің - Қазақстан!

Тексты на казакском языке Менің Отаным -Қазақстаным

Мұғалім:

Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.

-Міне , балалар , өміріміздің жалғасы ,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.

Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта ,бар қалан»деп ,бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен сабағымызды аяқтаймыз.

Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар



© 2010-2022