Әдебиеттік оқу 2-сынып. Тақырыбы: Қыс

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2-сынып әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы: Қыс. Міржақып Дулатов.

Сабақтың мақсаты:

1. Мітін мазмұнын өмірмен байланыстыра түсінуге мүмкіндік беру.

2. Қыс қызығы туралы алғашқы білімдерін толықтыра отырып қысқы даланы қысқы орманды сипаттай білуге көркем сөздер топтамасын жинақтай білуіне жағдай жасау. Қыс тақырыбына байланысты сөз тіркестерін дүрыс қолдана білу дағдыларының дамуына мүмкіндік беру.

3. Табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: жыл мезгілдеріне байланысты суреттер, қыс тақырыбына салынған суреттер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сөздік, көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіре отырып, жыл мезгілдері, қыс туралы түсініктерін тереңдету

2. Үй тапсырмасын тексеру.Тарау бойынша өткен тақырыптарды қайталау.

3. Тақырыпқа көшу кезеңі Өлең қимақағаз түрінде таратылып беріледі немесе тақтаға жазылады:

... ақырды,

Өрнекті қырау сап,

Жер-көкті қатырды.

...-да ақ қарды,

Ақ боран ақтарды.

Жаңа жыл келді деп,

Жалпы жұрт шаттанды.

...-ның бораны,

Ақ қарын борады:

Ақырған аяздың

Ашуы тарады.

-Қалай ойлайсыңдар, әңгіме не туралы болып жатыр?жоғалған сөздерді табуға бола ма? Өлең жолдарын өз сөзіңмен айта аласың ба? Қыс қызығы неде? Қыс қызығы кімдер үшін жайлы кімдер үшін жайсыз?

IҮ. Жаңа материалмен жұмыс.

Кіріспе әңгіме. Міржақып Дулатовтың «Қыс» әңгімесінен оқып білейік.Оқушылар тыңдай отырып бірден сөздік жұмысын жүргізеді.

-Негізгі сұраққа жауап ала алдық па?

-Қыс мезгіліндегі қиындық туғызып жатқан не екен? (Қалың қары, ысқырып соққан аязы, үскірік бораны, күннің қысқалығы, өзен-көлдердің мұз болып қатуы, т.б.)

-Жақсы жағы қандай? (Қыста ғана ойналатын ойын түрлері, қардан кейінгі таза ауасы, Жаңа жыл мерекесі, аязды күндері зиянды микробтардың қырылатыны т.б.)

-Қардың түрлерін айта аласың ба?

Керек дерек. Ғалымдар қаншама ғасыр бойы қардың құпиясын ашуға ұмтылып келеді.қардың түйіршіктерінің 5000 мыңнан астам түрі болады екен. 1 текше метр қарда 350 миллион қар түйіршігі бар деп есептейді ғалымдар. «Қар - қыста жауатын ақ түсті кристалдардан тұратын атмосфералық жауын-шашын»

Қар түрлері:

Ақша қар - жаңа жауған таза қар.

Алақанат қар - бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай, жерге ала түскен қар.

Анжыр - қардың еріп қатуы. Қарғанға аралас қатқан қарлы мұз.

Бозқырау - күзгі күні тоңазудан болатын шық.

Жапалақ қар - ірі түйіршікті қар.

Жылбысқы қар - ери жауған қар.

Көбік қар - беті көпіршіген жұмсақ қар.

Күпсек қар - қалың жауған ұлпа қар.

Күртік қар - беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.

Қасат қар - ұзақ жатқан қалың қар.

Қиыршық қар - жентектелген түйіршік қар.

Қылау - ауадағы су буынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі зат бетіне ағаш бұтақатарына қонатын мұз қабаты.

Қырау - суық күзде тоңазыған дымқыл ауаның бір нәрсеге қар тәрізді ағарып қонған түрі.

Қырбық қар - жұқа жауған қар.

Мұздық қар - үстін мұз торлаған көкшіл түсті беті жылтыр сырғанақ қар.

Омбы қар - ат бауырлайтын қалың қар.

Сонар қар - алғаш жауған қалың қар.

Сүрі қар - ерте түсіп, ерімей, қыс бойы қалыңдаған тозаң топырақ сіңіпбеті күлгін тартқан нығыз қар.

Сіреу қар - ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас көлік жүрісіне бөгеу қалың қатты қар. Ұлпа қар- жеңіл үлпек қар. Үйме қар - боранды жел сырғытып, бір дерге тау- төбе болып үйілген қар. Үрме қар - жел үрлеп жиынтықтанған тығыз қар.

V. Сабақты бекіту.1) Қыс, аяз, қар туралы жұмбақтар шешкізу.2) Оқушыларды III топқа бөліп шығармашылық

тапсырмалар беру. I топ «Көңілді қыс» тақырыбына сурет салады.ІІ топ «Көңілді қыс» тақырыбына шағын әңгіме жазады.

III топқа жұмбақтарды құрастыру немесе өлең шығаруды ұсынуға болады.Дәптермен жұмыс.

ҮІ. Сабақты қорыту. - Қыс мезгілі несімен көрікті?

- Адам қимылына тән суреттелген тұсты тауып оқы.

- Қандай қысқы ойындардың аты аталған?

VIІ. Үйге тапсырма: Қыс тақырыбын әңгімелеу.

VІІІ. Бағалау.Оқушылардың бағаларын күнделіктеріне және журналға қойып шығу.



© 2010-2022