Конспект урока по казахскому языку на тему Сан есім (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сан есім. Жаттығу жұмыстары.

Сабақтың мақсаты. оқушылардың сан есім туралы алған білік, білім дағдыларын еске түсіру, шығармашылық ойлау қабілетін граматикалық тапсырмалар арқылы, теориялық ойлауын, тілін дамыту.

Дамытушылық: шығармашылық қабілетін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып білім сапасын арттыру.

Тәрбиелік: сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау, жинақтау.

Сабақтың әдістері: сұрақ- жауап, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, слайдтар.

Сабақтың өту барысы

1.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық

- Балалар, біздің әр өткен сабағымыз- қуаныш. Әр қуанышқа кеңпейіл халқымыз шашу шашады. Шашу- тілек, береке. Көпшілік қауымға бақыт, молшылық тілеп, мен де сіздерге шашу шашайын . Ол жай шашу емес, сұрақ-шашу. Сонымен, дайынбыз ба?.( шашудың сұрақтары)

1. Сан есім дегеніміз не?

- /Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз/

2. Сан есім нешеге бөлінеді?

-/Сан есім мағынасына қарай екіге бөлінеді : есептік және реттік/

-/Сан есім құрамына қарай екіге бөлінеді: Дара және күрделі/

3. Есептік сан есім дегеніміз не?

-(Қанша? Неше? Сұрағына жауап беріп, заттың нақты санын білдіретін сан есімді есептік сан есім деп атаймыз.)

4. Реттік сан есім дегеніміз не?

-(Нешінші сұрағына жауап беріп, заттың саналу ретін білдіретін сан есімді реттік сан есім дейміз.)

5.Реттік сан есім қалай жасалады?( Реттік сан есім Есептік сан есімге -ыншы, -інші, нші, ншы жұрнақтары жалғану арқылы жасалады)

1) Бағалау парағы 2 мин

-Бәріміз тақтаға назар аударайық. Бүгінгі сабақ ерекше.Бізге қонаққа шақыру қағазы келіпті. Қайда барамыз? Оны есеп шығару арқылы білетін боласыңдар.

70 - (99 - 68)

и

(66 - 15) + 12

к

5 2 - 4

ц

95 - (74 - 48)

р

6

59

69

63

ц

и

р

к

* 2) Бағалау парағы (5 мин) Кіріспе әңгіме. Цирк-өнердің ертеден келе жатқан түрі. Ойын -сауық көрсететін орынға тіреу-бағаналар орнатылып, оған брезент шатыр керіледі. Көшпелі цирк қаншама шағын болсада,ойын қоятын аренасы Алматыдағы ең үлкен цирктегідей, диаметрі 13 метр болады.
-Қалай ойлайсыздар не үшін? (аттар мен шабандоздар өнеріне арналады). Атақты Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақ цирк аренасында өнер көрсетті. 1919 жылы Алматыда, 1923 жылы Семейде цирк жұмыс істец бастаған. 1970 жылы тұңғыш профессионал Қазақ циркі шаңырақ көтерді. Қазақстанда небәрі 3 цирк жұмыс істейді. Олардың бірі Алматыда,екіншісі Қарағандыда, үшіншісі Астанада.(суреттерін көрсету)

Жақсылап , жайғасып отырамыз да, мәдениет орталығындағы тәртіп ережелерін есте сақтаймыз.Кәне, цирк әртістерін қарсалуға дайындалып қошемет көрсетіп қояйық

(шапалақтау, музыка ойналады.).

Қаймықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. Ол не? -Цирк аренасына Піл шықты. (Музыка)

Оның тапсырмасы бар: Математикалық диктант жазу:

Дәптерімізді ашып Бүгінгі күн, сынып жұмысын және Көркем жазу сәті: Цц -әрпін жазу

Цирк сөзін жазу.

Математикалық .Диктант:

*метрде неше сантиметр бар?

*78 бен 2 сандарының ҕосындысы нешеге тең?

* 12 мен 50 сандарының ҕосындысына 8 - ді ҕос

*1 минутта неше секунд бар?

* 5 жҥзд. 6онд. 5. Бірл. ҕандай сан?

* 6 алманы 2 тәрелкеге тең бӛліп сал. Әр тәрелкеге неше алмадан салынады?

*1 килограммда неше грамм бар?(1000г)

*1 центнерде ҕанша килогамм бар? 100 кг

*Бір тоннада неше центнер?

*Екі жағы шектелген тҥзу? Кесінді

(жүз, сексен, жетпіс, алпыс, бес жүз алпыс бес, үш, мың, жүз, он, кесінді. )

3) Бағалау парағы (5мин)

Тәтті іздеп жортады Аң бар балды қалаған Үп-үлкен боп қорқады Кіп-кішкентай арадан -Аренаға маймақ аю шықты: (музыка) Оқулықпен жұмыс.

482-жаттығу (ауызша) Мақалдың мағынасын түсіндіру.

Қыңыр -қырсық, қиқар.Қыңыр қарады - жақтырмады.

*Маймақ аюға велосипедпен жүруге көмектесейік.*

Тапсырмасы: Көп нүктенің орнына керекті сан есімдерді қойып, астын сызыңдар.
Керекті сөздер: отыз, үшінші, жетінші, он екінші, төрт, он екі, жиырма төрт, бірінші.

1.Бір жылда ... ай, ... мезгіл бар.

2.Қаңтар-жылдың ... айы.

3.Жылдың ... айы желтоқсан.

4. Бір тәулікте ... сағат бар.

5.Аптаның ... күні - сәрсенбі, ... күні -жексенбі.

6.Бір айда ... күн бар.

Дұрыс жауабы:

1.Бір жылда он екі ай, төрт мезгіл бар. (Тақтаға жазып қою)

2.Қаңтар-жылдың бірінші айы.

3.Жылдың он екінші айы - желтоқсан.

4. Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар.

5. Аптаның үшінші күні - сәрсенбі, жетінші күні -жексенбі.

6. Бір айда отыз күн бар.

4)Бағалау парағы (7 минут)

Антракт та басталды. Көзге жаттығу жасап жіберейік. (Музыка) 1 мин

Цирк аренасында алма домалап шықты. Ол қандай екен? Айтып жіберейік.

-Қызыл, дәмді, тәтті, хош иісті, домалақ. -Артында жазуы бар. Тапсырма жазылған: 3-топқа таратып бер! - депті.

Тапсырма: Қай шығармадан алынған,кейіпкері кім? Сан есімге талдау жасаңыз.

Қай шығармадан алынған, кейіпкері кім? Сан есімге талдау жасаңыз.

1-топқа

-Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім бар.

-Батпағы қандай жұмсақ - нағыз май батпақ, - деді де, ұшып барып шалшықтың екінші жағына қонды.

-Олар он бір жылға он бір жануарлардың атын береді.

-Досын төрт-бес баланың қоршап алғанын көре тұра кетіп қалғаны қалай?

Қай шығармадан алынған, кейіпкері кім? Сан есімге талдау жасаңыз.

2-топқа

Он екінші жылды атамақ болғанда, түйе мен тышқан өз аттарын ұсынып айтыса бастайды.

-Мен қалтамдағы жиырма тиындықты оған ұсындым да: мә, мынаны ал, - дедім.

-Әлгі аталған жеті дәмнің ішіндегі бидайдың орны бөлек.

-Қазақтың батыры Қанжығалы қарт Бөгенбай жасы сексенге келген екен

-Көтеріп көкіректі ырғағанда,

Дауысын шарықтатып, шырқағанда,

Дауысы алты белден естілетін

Құлаштап домбыраны бұлғағанда.

3-топқа

Қай шығармадан алынған, кейіпкері кім? Сан есімге талдау жасаңыз.

-Он төрт жасар баланың өгіз арқалап келгені ауыл адамдарын ерекше таңырқатты.

-Айттым да өтірік өлең айла қылдым,

Кесіп ап бетегені найза қылдым.

Торғайды үш қонаққа сойып беріп,

Жарты етін алып қалып, пайда қылдым.

-Ертеде бір шалдың төрт ұлы болыпты.

-Атажан, үш сом да, қозы да, тоқты да сенікі болсын, маған бір қой бер, - депті.

5) Бағалау парағы 7-8 минут

-Аренаға маймылда келді. Ол Сергіту сәтін бізбен орындағысы келеді. (Музыка)

СЕРГІТУ СӘТІ:

Жолдарыңа үңіліп,

Екі бақа жүгіріп,

Секіреді, бақ-бақ,

Ағаштарды аттап.

Олар ерте тұрады,

Беті-қолын жуады.

Оңға-солға шайқалып,

Бақылдайды ән салып.

Судан шіркей табады,

Өсіп үлкен болады.

Бақ-бақ, нақ-нақ, (1) минут

Біздер айттық тақпақ.

Келесі кейіпкерді қарсы алу үшін баспалдақпен көтерілейік (тақтада ілулі парақтар)

Математикалық мақал - мәтелдер

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім ал)

2. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сына ма, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға - (екі елі қақпақ)

6. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын)

7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

8. Жалқаудың екі досы бар: (бірі - ұйқы, бірі - күлкі)

9. Бес бармақ жиылса, (жұдырық болады)

10. Ер бір рет өледі, (қорқақ мың рет өледі

Циркте жұрт самсаған

Мәз болса деп жан салам.

Ду күлдірсем оларды,

Қуанамын мен соған. Бұл кім, балалар?

- Сайқымазақ. Музыка «клоунада» 6) БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ (7 минут)

Рефлексия:

-Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, сөйлесе де алады. Күлкі біздің сезіміміздің ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл-күйлеріңді сыйлап көріңдерші. Бір-біріңе жымиыңдар, күлкі сыйлаңдар.

-Кәне

-Балалар! Біз қайда болдық?

-Бізге қонаққа кімдер келді?

- Біз олармен бірге не істедік?

483-жаттығу. Дәптерде орындау

Үйге тапсырма: 486-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме жазу.

Міне қоштасатын сәт келді. Кімнің бағалау парағында 5 -қызыл шар алады, кімде төрт - сары шар алады, кімде 3- көк шар алады.



Бағалау парағы

1 тапсырма

2

тапсырма

3

тапсырма

4 тапсырма

5

тапсырма

6

тапсырма

7

тапсырма

Жұмыс түрі

шашу

Сөз құрастыр

Математикалық диктант

Сұрақ-жауап

«Кейіпкерді танып ал»

Математикалық мақал-мәтердер

Қорытынды

баға


Жетекші орта жалпы білім беру мектебі











Сан есім. Жаттығу жұмыстары.

2 сынып

Өткізген: Исабекова Л.Қ.











2014 - 2015 оқу жылы



XXI ғасыр қөшбасшысы атты сайыс сабағы (2 сынып ).

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу, білімді, жан-жақты болуға үйрету, оқушылардың білімін сынау, білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру

-Өз бетінше еркін жұмыс жасап,өзгенің және өзінің білім деңгейін бағалауға жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру, шапшаңдыққа баулу.

Құрал-жабдықтар: Кеспе карточкалар. Қарындаштар, сигналдық таяқша, тапсырма-қағаздар,

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

1 жүргізуші:

Құрметті оқушылар! XXI ғасыр көшбасшысы атты қайталау сайыс сабағына қош келдіңіздер.

2-жүргізуші: Әділ-қазылармен таныстыру сәті:

Сайыс бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен танысайық

Ибраева Гүлназ Сейфулловна

Баубекова Назгүл Туяқбаевна

Камарова Майра Кусаиновна.

1 жүргізуші:

«XXI ғасыр көшбасшысы» сайысының кезеңдері.

1. «Таныстыру сәті»

2. «Бәйге»

3. «Тіл өнер»

4. «Жорға»

2-жүргізуші: Сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Қоржыннан асық алып, өз номерін таңдайды, номер бойынша орнына жайғасады.

1Айтмағамбет Ерасыл

2.Айтмухамбетова Аружан

3,Жумабек Нариман

4.Назар Диас

5.Сағли Тамерлан

1 жүргізуші:

Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса қалт айтпайды,

Әрқашан да нанымды,-дей отырып бірінші кезекті таныстыруға береміз.

1-кезең - Таныстыру. Өзін-өзі таныстыру кезеңі 5 ұпай қойылады

2-жүргізуші:

Ең қиыны жарыстың «Бәйге» келді,

Мықтылары ортаға шықсын енді,

Тез жауап бер, ойланып қалма.

Осы ойыннан көрейін ерен ерді-деп кезекті бәйге сұрақтарына береміз.

Әрбір сұраққа 5 ұпайдан.Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы жауап беруге мүмкіндігі болады.

1.Жылдың бесінші айының аты?-/Мамыр/.
2.21ғасыр қашан басталды? /2000 жылы./
3.9 мамыр қандай мереке? /Жеңіс күні/

4.Қазақ алфавитінде неше дыбыс бар. /40 әріп./
5.Шешендік өнер дегеніміз не? /Шебер, астарлы, әсерлі әрі көркем сөйлеп, жазуға үйрететін ілім./

6. Үй иесі, жолы үлкен адам /Отағасы./
7.Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартуші кім? /Ыбырай Алтынсарин/

8. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңді жазған ұлы жазушы кім? ./Абай/
9.Балаларды қорғау күні қашан? /1 маусым./
10. Дауысты дыбыстар дегеніміз не? /Айтқан кезде созуға келетін, әндетіп айтуға болатын дыбыстар

11.Ұяң дауыссыздарды ата. /б, в, г, ғ, д, ж, з/ дауысты дыбыстар деп аталады/

12. Әріп дегеніміз не? /Дыбыстың таңбасы/

13.Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім? /Тоқтар Аубакиров/

14. Абайдың шын аты кім? /Ибраһим/

15. Алтыбақан деген не? /Қазақтың ұлттық ойыны, бірнеше адам бірге тербелетін әткеншек/

16.Ең үлкен бір таңбалы санды ата . /9/

17.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? /42/

18.Заттың жоғарыдан қарағандағы көрінісі. /план/

19.Бір жылда неше күн бар? /365 күн/

20.Торсық деген не? /Сусын құятын ыдыс. Ол теріден жасалады.Торсыққа шалап, қымыз, шұбат, айран құйып алып жүреді./

21. «Әліппе» оқулығын ойлап шығарған адам кім? /Ахмет Байтұрсынов.

22. Он бірінші айдың қазақша аты? / қараша./

23. Тәуелсіздік алған жыл және күнді атап айт? /1991 жыл. 16 желтоқсан./

24.Ақшақардың атасы? /Аязата/

25. Әдептілік деген не? /адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-түрісінің ережесі/

Жүргізуші: Екінші бөлім. «Тіл - өнер»

Шарты: Мақалдың жалғасын табу немесе жұмбақ шешу. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Осы бөлімнен кейін ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.

1.Тұмсығымен қозғалар,

Артында аппақ із қалар. /бор/

2.Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай. /құмырсқа/

4.Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. /Кітап/

5.Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар. /бидай/

6.Әркімнің өз жері - ... / Мысыр Шаһары./

7. Бақа көлінде патша. Балық сыунда патша....................... /Жігіт елінде патша/

8.Білімдіге дүние жарық,...... /Білімсіздің күні кәріп./

9.Тұйяқ тайға жеткізер, тай құнанға жеткізер.... /Құнан атқа жетқізер, ат мұратқа жеткізер/

10.Сиырлының үйі - айран,... /Сиырсыздың үйі - сырдаң./

11.Бақырауық демесең,... /Бағалы көлік түйе ғой.

/12.Туған жердің күні де ыстық,... /түні де ыстық/

13. Еңбек түбі - береке, ... /көптің түбі - мереке/

14.Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады,... /Еріншек ұйқыдан қирап тұрады/

15.Әдептілік, ар-ұят -... /Адамдықтың белгісі./

16. Адалдан зиян жоқ,... /Арамда иман жоқ./

17.Ағайынның алтын сарайынан ... /Ананың жыртық лашығы артық./

18. «Аласың білім кітаптан» деген ақыл сөз кімнің шығармасында келтірілген? І. Жансугуров, А.Кұнанбаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытотов /І. Жансугуров /

19. Қартқожа қай жазушының кейіпкері? /Ж.Аймауытов/

20. «Алтын ұяң - Отан қымбат» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім? /Қазыбек би/

Жүргізуші: Әділқазылар алқасына сөз береміз.

Жүргізуші: Үшінші бөлім «Жорға» - деп аталады

Шарты.: 4 пәннен 4 сұрақтан барлығы 16 сұрақ. Пәндерді таңдау оқушының өз еркінде. Ойынды ұпайы ең төмен оқушы бастайды. Осы бөлімде ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.

Қазақ тілі.

10. Үнді дауыссыздарды ата ./р, л, м, н, ң, й, у, /

20. «Сарғая» сөзінде неше дыбыс бар? Жеті дыбыс бар, өйткені ,мұнда я ярпі қосарлы дыбыс/

30. У дыбысы қай кезде дауыссыз болады? /Дауыстыдан соң және сөз басында дауытыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз болады: Зәуре, уақыт/

40. Тақырып дегеніміз не? / Тақырып дегеніміз - мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні. Тақырып сөйлемдерді бір-бірімен мағыналық жағынан байланыстырады./

Әдебиеттік оқу

10. Шығарманың аты мен авторын айтып беру керек

... Кімге тұлға болмақсың?

Күні мен түні

Ұшарыңды жел біліп,

Қонарыңды сай біліп,

Сайран салып жүргенің...

Ал біздің жиғанымыз дән, / «Бидай мен Қаңбақ» Асқар Тоқмағамбетов/

10. . Шығарманың аты мен авторын айтып беру керек

...Тілек тілеу әлі де кеш емес. Бар өміріміз алда, асығып қайтеміз? Қолымыздан келетін оңай істі тілеп, кейін өкініп қалмайық.

Жылдар өтіп жатады. Өздері қартайса да, бұрынғыша еңбек етіп, соның жемісін татып, ел қатарлы өмір сүреді.

Ия, жаман заттың адал қолда болғаны жақсы заттың арамза қолға түскенінен әлдеқайда артық қой. / «Сақина» ертегі/

20. . Шығарманың аты мен авторын айтып, сұраққа жауап беру керек.

О, шіркін! Дүниеде менің . . . жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен? Өзі жайлы, өзі биік, өзі жұмсақ, - деді.

Өзі жайлы, өзі биік, өзі жұмсақ ненің мекені? / «Кімнің мекені?» Сәкен Жүнісов./ (құмырсқа мекені өзі жайлы, өзі жұмсақ, өзі биік,)

30. «Отан деген не?» дейтін сұраққа жауап беріп көр.//

40. «Борыш» сөзін басқаша қалай атауға болады? «Асырау» сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

/Ата-ана алдындағы борышың деген сөзді қарызың деп басқаша айтуға болады, ал асырау деген сөз ата-ана балаларын оқытып асырап үлкен азамат болғанда олар қартайған ата-анасының алдында борышын өтеп, асырайды.Осы сөздер туралы Ы. Алтынсариннің «Малды пайдаға жарату» шығармасында жақсы айтылған.

Математика

10. Бір сан екінші саннан қанша артық не кем екенін білу үшін не істеу керек? /Бір сан екінші саннан қанша артық не кем екенін білу үшін үлкен саннан кіші санды азайту керек.

10. Айырманың мәніне азайтқышты қосқанда не шығады?

/ Айырманың мәніне азайтқышты қосқанда азайғыш шығады? Азайтуды қосумен тексеруге болады /

20.Уақыт және оның бірліктерін ата? /секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр/

30.Литрмен нені өлшейді? Килограммен ше? Сантиметрмен ше? Секундпен ше? /литрмен сыйымдылықты, килограммен массаны, секундпен уықытты, сантиметрмен ұзындықты/

Логика әлемі

20. Екінші сынып оқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды. Ал артынан санағанда төртінші болды. Сыныпта қанша оқушы бар?

/ 1=2 =3 =4 =5 =6 =7 = = = = 20 оқушы бар/

10 Маржанның әкесі 40 жаста.Ол Маржаннан 30 жас үлкен.Маржан неше жаста.

/40 - 30 =Маржан 10 жаста/

20. Үстел үстінде 5 майшам жанып тұр. Талғат 1 шамды сөндірді. Неше майшам қалды?

/5 майшам, өйткені Талғат оны тек қана сөндірді/

40. Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

/24 сағаттан кейін түнгі 10 сағаты болады/

Қорытынды

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер. - деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді бағалау үшін сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.

Жүргізуші:

Қазақстан

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп, қуанған,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман! - деп

Тәуелсіздік күніне арналған сайыссымызды аяқтаймыз.




Жетекші орта жалпы білім беру мектебі

Павлодар қаласы

XXI ғасыр қөшбасшысы

Өткізген: Исабекова Л.Қ.

Конспект урока по казахскому языку на тему Сан есім (2 класс)

2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022