Cөз таптары 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 2-сынып

Сабақтың тақырыбы:Сөз таптары

Сабақтың мақсаты: 1.Сөз таптары туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату, ойындарды ойната отырып, оқушылардың танымдылық білімін арттыру, ой-өрісін жан-жақты жетілдіру және шығармашылығын арттыру.

2.Мейірімді, адал болуға, шыншылдыққа тәрбиелеу.

3.Таза жазу, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі : Десант сабақ

Сабақтың көрнекілігі:Плакат, тест тапсырмалар, ойын элементтері, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеу.

II.Үй тапсырмасын тексеру. 6-жаттығуды тексеремін. Жұрнақ пен жалғау туралы түсініктерін тексеремін.

Сұрақтар:а)Қосымшалар нешеге бөлінеді?

ә)жұрнақ дегеніміз не?

б)жалғау дегеніміз не?

Мысал келтір.

III .Жаңа сабақ. Сөз таптары

Көркем жазу минуты.

Т т Тіліңмен жүгірме,

Біліммен жүгір.

1.Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын. Жаңа тақырып сөз таптары . Оқушылардан заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойыллатынын сұраймын.(1сыныптағы білімдеріне сүйене отырып).

Тақтадағы тірек сызбасын пайдаланып, ережесін айтып беремін. 2-3 оқушыға қайталатамын.

2. Түсінігін практикалық іс-әрекет арқылы көрсетеді.

3.Оқулықпен жұмыс.

312-жаттығу.

Сөздерді оқып, заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерді тиісті сұрақтарының астына жаздырамын.

4. Дәптермен жұмыс.

313-жаттығу.Жұмбақтарды оқып, жатқа жаздырып, шешуін таптырамын. Заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздерді таптырамын.

314-жаттығу. Ребусты шешу, шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрату.

5. Топтық жұмыс. Бірінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың сынын, екінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың қимылын, үшінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың санын білдіретін сөздер тауып жаздыру. 315-жаттығу.

6. Жаттығу орындатып болғаннан кейін «Орнына қой» ойынын ойнатамын. Ойынның шарты:Берілген сөздердің қай сөз табы екенін тауып, орнына қойдыру.

7.Сергіту сәті.Қарлығаш биі.

Әрқайсысымыз бір қарлығашбыз.

Неше қарлығаш ? Алты

Алты сөзі қай сөз табы? Сан есім.

Қарлығаш қай сөз табы? (зат есім)

Қарлығаш не істейді? Ұшады.

Қай сөз табы ? (Етістік)

Қарлығаш қандай құс? Адал, әдемі.

Құйрығы қандай? Айыр .

Адал, әдемі, айыр сөздері қай сөз табы? Сын есім.

8.Сергітіп алғаннан кейін, «Жалғасын тап» ойынын ойнатамын.

Мақал -мәтелдердің жалғасын табады. Олардың ішінен сөз таптарын табады.

Әдепті бала- ..............(арлы бала)

Әдепсіз бала-................(сорлы бала)

Сөз сүйектен ..............(өтеді)

Таяқ еттен .................(өтеді)

Өнер алды ...................тіл( қызыл)

9.Сабақты бекіту.

Оқушылардың жаңа сабақ туралы білімдерін тиянақтау үшін тесттік тапсырма беремін.

10. Сабақты қорытындылау.Балалар бүгін біз не үйрендік?

Сөз таптары нешеге бөлінеді?

Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?

Қандай? сұрағын қай сөз табына қоямыз?

Заттың қимылын қай сөз табы білдіреді?

Сан есімнің сұрақтары қандай?

11.Үйге тапсырма :316-жаттығу. «Байқоңыр-ғарыш айлағы» тақырыбына мәтін құрау.

12. Оқушыларды бағалау.



© 2010-2022