Қазақстан -ұлттар шаңырағы (Бастауыш сыныпқа арналған сынып сағаты)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

142 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Сейсенбаева Кульшат Нургалиевна

Тақырыбы: Қазақстан- ұлттар шаңырағы

Мақсаты: 1. Оқушыларға Қазақстан жерін мекендеген ұлттардың тағдыры туралы түсінік беріп, ынтымағы жарасқан Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген жетістіктерімен таныстыру.

2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайту.

Мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру

3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» атты композиция

Оқушылар түрлі ұлттардың костюмдерін киеді

Сабақтың барысы:

Ән: «Жаса, Қазақ елі»

1- оқушы:

Ей, такаппар, дүние

Маған да бір қарашы.

Танимысың сен, мені,

Мен қазақтың баласы

2-оқушы:

Қазақ баласы ұлан-асыр Қазақстан жерін мекендейді

3- оқушы

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін

1-оқушы:

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

2- оқушы

Бұл далаға жылап келіп, уанғам

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам

Бұл далада өскен жанда жоқ арман

1- оқушы

Қазақ жері- қонақжай, төрлер жері

Қазақ жері- қас сақтай ерлер жері.

Елі кедей болмаған ,жері байтақ

Едігедей, Бабырдай шерлер жері

3- оқушы

Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ жері өнерлі, өсиетті.

Египетті билеген Бейбарыстай,

Елі текті, киелі, қасиетті

2- оқушы

Біз осындай жері байтақ, елі жомарт Қазақстан атты елдің ұландарымыз. Туған еліміз, Отанымыз жайлы сіздер не айта аласыздар?

1- оқушы

Қазақстан қандай мемлекет?

3- оқушы

Сондай-ақ, Қазақстан өз шаңырағының астына жүзден аса ұлттар мен ұлыстарды сыйғызған дархан да қонақжай мемлекет

2- оқушы

Бүгінгі сынып сағатымыз «Қазақстан- ұлттар шаңырағы » деп аталады

Біздің кең байтақ, әрі бай жеріміз өз құшағына әртүрлі ұлт өкілдерін сыйғызып, панасызға пана болып, қорғансызға қамқорлық танытқан киелі де, қасиетті жер .

1- оқушы

Қазақтың о шеті мен бұ шетіне ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы шағылған байтақ жеріне мұнша ұлт қайдан келген, оларды қандай тағдыр айдап әкелген?

3- оқушы

Онда тарихқа аздап тоқталайық...

(Ортаға әр ұлттың киімін киген оқушылар шығады)

Қазақстан -ұлттар шаңырағы (Бастауыш сыныпқа арналған сынып сағаты)

Орыс:

Өткен мыңжылдықтың он тоғызыншы және жиырмасыншы ғасырларында Қазақстан аумағына әр түрлі себептермен бес жарым миллионнан астам адам сыртан келіп қоныстанды

Украин:

Ресей патшалығының отаршылдығы кезінде өз жерінде күнін көре алмаған орыстар босып келіп, тұрақтап қалды

Осы кезде Украина мен Белорссия шаруалары да тұрмыстарын жақсарту ниетімен қазақ жеріне келіп қоныстанып жатты.

Ұйғыр:

Он тоғызыншы ғасырдың 70-90 жылдарында Шығыс Түркістаннан Ұйғырлар мен дүнгендер Қазақ жеріне қоныс аударды.

Революция және азаматтық соғыс жылдарындағы шығын ,бала тууының сиреуіне байланысты , қазақ халқының өсімі тежелді.

Өзбек:

Қазақстан жеріндегі 31-32 жылдардағы аштықта 1миллион 700 мың қазақ қырылып, 1 миллионға жуық қазақ Қытай, Иран, Ауғанстан, Монғолия сияқты шет елдерге қоныс аударды.

Кәріс:

Бос қалған қазақ жеріне орыстарды айтпағанда 1937 жылы Қиыр Шығыстан 100 мың кәріс көшіріліп әкелінді

Ұлы Отан соғысының алдында, соғыс жылдарында Қазақстанға батыс шекарадан бес жүз отыз екі мың алты жүз адам эвакуацияланды

Олардың ішінде татарлар, башқұрттар, шешендер, қарашайлар тағы басқалар болды.

Неміс:

103 мың поляк, 361 мың неміс халқы жер аударылып, қазақ топырағына әкелінді.

507 мың шешен, қырым татарлары, түрік, грек сияқты ұлттар репрессияланды.

Белорус:

Ұлы Отан соғысы жылдарында репрессияға ұшыраған Еділ бойының немістерін, Кавказ сырты халықтарының өкілдерін вагон-вагон етіп Қазақ жеріне жеткізіп жатты.

Орыстарды, еврейлерді, поляктарды, латыштарды, кәрістерді, курдтарды қазақтар өз жеріне қабылдап, басындағы баспанасымен, қолындағы бір үзім нанымен бөлісті.

Литвалық:

Сталиндік репрессия кезінде өз еріктерінен тыс татарлар, түріктер, грек, қалмақ тағы басқа ұлт өкілдері Қазақстанға көшіріліп әкелінді.

Кеңес дәуірі кезіндегі «тың көтеру» жылдары Қазақстанға орыстар мен украиндар, латыштар мен эстондар, молдавандар мен белорустар, тәжіктер мен түркімендер, қырғыздар мен өзбектер, грузин, армян, әзербайжандар көптеп келіп, тұрақтап қалды.

Олар осы жерде өз Отандарына келгендей сезімге бөленді.

Қазақстан олардың екінші Отанына айналды.

Ән: Отан

Грузин:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен,

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең- байтақ Астананы,

Жасыл жайлау, жасыл жол , жас қаланы,

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ , өз үйіңнен басталады.

Қазақстанға келген әрбір ұлт өкілі жеке отбасын құрып, осы елде өсіп- өніп жатты.

Қазақ:

Мақтанам- Қазақстан Отаныма,

Сан ұлтпен тату- тәтті тұрғаныма.

Мақтанам- Қазақстан Отаныма,

Тәуелсіздік ғасырын құрғаныма

Қазақстан жерін мекендеген әр ұлт өзінің өнерін, мәдениетін, әдебиетін ала келді. Қазақ халқы олармен біте қайнасып, салт- дәстүрін, тілін, дінін құрметтеді.

Енді сіздерді ұлттық мерекелермен таныстырайық

  • Корей халқында сәби бір жасқа толғанда Төл мерекесін өткіз әдеті бар.Қонақтар мол сыйлық әкеледі. Бәрі жиналғанда кішкене столға символ-заттар: кітап, қалам, қайшы, ақша, жеміс, күріш қойылады. Сәбиді столға отырғызып, қай затқа қол созатынын бақылайды. Сәби қолына қай затты алса, сол бойынша бейімділігі мен келешек өміріне болжау айтылады.

  • Можанна деп поляктар қысты бейнелейтін қуыршақты атайды.Бұл бұрыннан келе жатқан көне әдет. Балалар 21 наурыз күні өзенге барады да, қыс қарақшысын суға батырады. Осы күн көктемнің алғашқы күні деп есептеледі.

Сіздерді Эстон халқының ұлттық ойынымен таныстырамын. Ойын «Күн мен түн» деп аталады. Ойыншылар екі топқа бөлініп,Бір-біріне теріс қарап тұрады. Жүргізуші қай топтың атын атаса, сол топ қашып, екінші топ қуалайды.ұсталған балалар ойыннан шығарылады.

Осылайша әр ұлт өз ойынын әкеліп, қазақ балалары ойынға кенелді

«Ықыласпен берсең, қара су да қаймақтай болады» дегендей келесі кезекті Ұлттық тағамдарға берейік


  • Винегрет

  • Самса

  • Палау

  • Хачапури

Келесі кезек: «Қане, тапшы, әңгіме қай халық туралы болып тұр?» айдарына беріледі.

  • Бұл халықтың өкілдері өздерін «Коре елінің адамдары » деп атайды. Баланың бір жасқа толуынан бастап өмір жасы басталады. Сол сәттен бастап сәби адам деп санала бастайды. Егер бір жасқа толғаны атап өтілмесе, алпыс жасы да аталып өтпейді.

(корей халқы)

  • Өте ертеден -ақ Кавказда тұратын халық. Бұл халықтың дәстүрлі тұрғын-жайы қорғаныс мұнараларына ұқсас.Олар кера деп аталып, бабалардың отбасы бірлігін білдіреді.

(грузиндер)

  • Бұл халықтың дәстүрлі киім-кешегінде ақ түс мол келеді. , сондықтан да халықтың қазіргі атауы сол түске байланысты. Тағы бір белгісі- бұл ұлттың мерекелік дастарханының сәні -картофель

(белорустар)

Әр ұлт өзінің өнерімен өркенді. Ендігі кезек ұлттық өнерде

  • Өзбек биі

  • Жапонның халық әні : «Шие гүлдегенде»

  • Орыс әні:

1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы жарияланды.

Бұл- еліміздің ешкімге тәуелсіз, дербес мемлекет екендігін дүние жүзіне әйгілігін аса қасиетті құжат.

Осы күннен бастап еліміз ешкімге жалтақтамай, өз бетінше өмір сүріп келеді

1 Мамыр Қазақстан халықтарының Бірлігі мен ынтымақтастығы күні деп атап өтіледі. Мемлекетің күші оны мекендейтін халықтардың бірлігінде.

Мен қазақпын- тәуелсіз жап-жас жаны

Емес пе еді арманым әу бастағы

Жас та болсам теңесем биіктермен

Аман болсын елімнің тау-тастары

Мен қазақпын қойнауым кенге толған,

Байлығын таратпайтын «желге» қолдан.

Ғарыштың айлағы бар, ғарышкер бар

Жеріміз гүлдейді әлі кеше солған

Қазақ боп туғаныма қуанамын,

Жыласам тек қазақша уанамын

Мен дағы біліміммен, тәрбиеммен

Жақсылардың жолдарын қуа аламын

Жиырма жыл, болғалы ел егемен

Тәуелсіздік жалауы желбіреген.

Еркіндіктің жаршысы қыран құс боп

Шарықтаймын, самғаймын көгімде мен

Ел тарихы , жер тарихы өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз

Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз

Ақ, қараны тілеп тұрса сөзіміз

Өзіңдікі жерің де,

Өзіңдікі елің де

Өзіңді өзің еткен де

Тәуелсіздік төрінде

Егемен болмай ел болмас,

Етек- жеңі кең болмас

Терезесі тең болмас,

Енді қазақ кем болмас

Қазақстан- жүз ұлттың Отаны де,

Боздамайды боз інген боталы де

Тілі,діні, салты бар, дәстүрі бар

Еңбек сүйген ұлдары жоталы де

Қазақ атты береке, бірлік дер ем

Қазақ осы бірлікті тірлік деген

Сахараның төріне шықты қазақ

Тәуелсіз бір тағалы жүйрікпенен

Бәріміз бір адамның түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

Бірлік барда тірлік бар деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз

Біздің Отан кең-байтақ,

Көп ұлттың мекені

Біз құшақты кең жайсақ

Әлем сиып кетеді

Тату елміз табысқан

Қазақстан - бақстан

Ән: «Достық»







© 2010-2022