Әдебиеттік оқу 4 сынып Жаралы торғай

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы

Өтебай Тұрмажанов. Жаралы торғай

Мақсаты

Өтебай Тұрманжановтың өмірімен таныстыру. «Жаралы торғай» өлеңінің негізгі идеясын түсіну; ой - пікірлерін еркін жеткізуге дағдыландыру. Жаралы торғайдың іс-әрекетін көз алдарына елестету, топтастыру.

Күтілетін нәтиже

1.Өтебай Тұрманжановтың шығармаларын біледі

2.«Жаралы торғай» өлеңінің идеясын түсінеді;ой-пікірлерін еркін жеткізді;«Жаралы торғайдың» іс-әрекетін көз алдарына елестете алады. 3.Іс-әрекетін, көңіл-күйін топтастырады.

4.Егер «Жаралы торғай» кездесе қалса сен не істер едің?-деген сұраққа жан-жақты жауап іздестіреді.

7 модульдің қолданылуы

АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Миға шабуыл, сұрақ-жауап, топтастыру стратегиясы,Венн диаграммасы

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, компьютер

Ұйымдастыру кезеңі


Сыныптағы оқушыларды 4 топқа бөлу. (1,2,3,4 сандарын таңдау арқылы топқа бөлемін)


Оқушыларды өздері таңдап алған сандарына қарай топқа бөлінеді. 1саны - 1 топты 2саны - 2 топты 3саны - 3 топты білдіреді. 4 саны- 4 топты білдіреді

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім

Қызығушылық

тарын ояту

Миға шабуыл әдісін пайдалану арқылы үй тапсырмасы-на қатысты сұрақтар


1/ М.Хакімжанованың «Көктем жыры» өлеңін жатқа сұрау

2/ Өлеңнің бірінші шумағында не туралы айтылған?

3/ Өлеңнің екінші

шумағында не туралы айтылған?

4/ Өлеңнің үшінші шумағында не туралы айтылған?

5/ Балалар, өлеңде құстардың аты айтылған ба?

6/ Көктемде құстар келгенде әрқайсысының өз тіршілігі бар деген пікірге келісесіңдер ме? Неге?

І топ.Қарлығаш құсы туралы

ІІ топ. Көкек құсы туралы

ІІІ топ торғай құсы туралы

Оқушылар сұраққа жауап береді


«Ой қозғау» стратегиясы.

Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсетемін, оқушылар бейнероликті көріп болған соң, сұрақ-жауап арқылы жаңа тақырыпты ашады.



ІІ.Мағынаны тану

1.Өлеңді мәнерлеп оқу.

2.Диалогтік оқу.

3/Оқушыларға «ашық-жабық» сұрақтарды интербелсенді тақтадан көрсетемін.

а/Торғай неге ән салмады? ә/«Жаралы» деген сөзді қалай түсінесің?

в/Торғайдың көзі неге мұңды болды?

г/«Адамға сенбейді ғой құс баласы,Жақыннан көрсетуге тұла бойын» - дегенді қалай түсінесің? Өз сөзіңмен айтып бер.

ғ/Егер сен «жаралы торғайға» кезіксең не істер едің?

1.Сыныпта оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.

2.Оқушылар ойланып, топпен өлеңнің мазмұнын талдайды, әр топтан оқушылар сұрақтарға жауап береді, бір-бірін толықтырады. Түйінді ой айтады.

Бірін-бірі бағалайды.

Қолдану


Топтық жұмыс

І топ. Автордың айтайын деген негізгі ойын анықтаңдар?

ІІ топ. Торғайға не болды деп ойлайсыңдар? Өз нұсқаларыңды айтыңдар?

ІІІ топ. Төртінші шумақтан теңеу сөздерді тап.

ІҮ топ АКТ-мен жұмыс Өтебай Тұрманжанов туралы мәлімет жинау

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту.Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады, әр топтан оқушы шығып топтың ойын жеткізеді

Сергіту сәті

жаттығу жасау

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

жаттығулар жасайды.

Талдау

«Ойлан, бірік, бөліс

» Жаралы торғай» арқылы тақырыпты талдау

1топ. Сурет салып,торғайдың көніл-күйін анықтау
2топ. Венн диаграммасы арқылы Қ.Аманжоловтың «Көктем » өлеңімен салыстыру
3топ. Торғайға көмек

Топ мүшелері өзара ақылдаса отырып постерді топ болып қорғау

Жинақтау

Эссе жазу арқылы сабақты жинақтайды

Топ бойынша тақырыпты жинақтау үшін тақырыпқа қатысты әңгіме құрастыру арқылы тақырыпты жинақтайды

Әр топ өзара тақырыпқа қатысты қысқаша шағын әнгіме құрастырады ортаға шығып оқиды

Бағалау

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдарша, бағалау парақшалары

Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Өзін өзі топпн бағалайды

Рефлексия

Стикерлерді толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру



© 2010-2022