Математикалық сайыс

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика

А.А.Жалбирова,

Гимназия сыныптары бар М.Әуезов атындағы

№ 20 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

4 «б» сынып оқушыларының

«Кім жүйрік» атты интеллекталдық сайысы

Сабақтың тақырыбы: «Кім жүйрік»

Сабақтың мақсаты: Математика сабағына деген оқушылардың қызығушылығынарттыру.

Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа,өз ойын қорғап

айта білуге, өзін-өзі көрсете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Топтық сайыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер, «Ойлан,тап» - сызбасы, геометриялық фигуралар ,

сұрақ-жайуап карточкалары.

Сабақтың барысы:

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар,

Математикаға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар,

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқытқан шәкірттердің,

Сәті келді сыналар.

1-жүргізуші: Бүгін 4 «б» сыныбыда өтетін «Кім жүйрік» атты математикалық сайысқа қош

келдіңіздер!

2-жүргізуші: Математика - ғылымдардың негізі. Оның кездеспейтін саласы жоқ. Дүниенің

Төрт бұрышын айналсаң да, алдымыздан шығып отырады.

1-жүргізуші: Келесі сөз кезегін сыныптастарымызға береміз.

1-оқушы: Математика сабағын,

Жақсылып ұғып аламын,

Сәулесі де сананың,

Мәнін ой табамын.

2-оқушы: Асылы мен білімнің,

Амалыммен біліндім,

Төрт амалды қолдаған,

Төресімін ғылымның.

3-оқушы: Есеп - істің әр қамы

Есеппен ой артады

Еменшекті іске үндеп

Еріншекті тартады.

4-оқушы: Бересі мен аласы,

Белгілер көп санашы:

ЭВМ мен компьютер

Есеп оның анасы

5-оқушы: Ақыл-ойға тетемін,

Ақиқатқа тетемін.

Есептесе дұрыстап,

Елге қызмет етемін.

2-жүргізуші: Олай болса не тұрыс,

Кешімізді бастайық

Әділ бағаға қалтасы толы

Қазылыр алқасын шақырайық.

1-жүргізуші: Қазылар алқасы:

1-жүргізуші: Енді ортаға бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты шақырайық.

2-жүргізуші: Топ мүшелерін жігерлендіру үшін музыкалық сәлем.

1-жүргізуші: Сөз кезегі сынып жетекшісіне беріледі.

Көңілді тапқыштар, білгіштер,

Бар өнерін алдарына салады.

Кім біледі көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады,-қай топ бастайтынын анықтайық.

1,2- суыру.

1-сайыс. Сәлемдесу.

1-топ: «Құлагер».

Ұран: «Егер жеңгің келсе,ғылымды іздену керек».

Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз.

Жалындаған балдырғанбыз,көктембіз.

Мақсатымыз биіктерден көріну

Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.

Армандарға қол созумен келеміз

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз

Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.

2-топ: «Тайбурыл».

Ұран: «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар».

Құлақ түріп тыңдаңыздар жарандар

Кеудемізде толқындаған жыр-ән бар.

Біз ешкімге қолдан жеңіс бермейміз

Тобымыздың бәрі алғыр,қырандар.

Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз,жеңістерге бастаймыз.

М: Шәкірттердің мыңдаған

Білім ойын шыңдаған

Жорғаға кезек береміз.

2-сайыс: «Жорға». Бұл сайысқа 2 топқа 6-сұрақтан қойылады:

1-топ: 1. 1 тәуліктің 1/6 бөлігі неше сағат?

2. Жылдамдықты қалай табамыз?

3. Р-? Қалай табамыз?

4. Көбейтудің терімділік заңы деген не?

5. Қандай сан «ешқандай» деген мағынаны білдіреді?

6. 53- нешеге тең?

2-топ: 1. Геометриялық фигура S-? Қалай табамыз?

2. Ғасырдың 1/4 бөлігі қандай?

3. Қашықтықты қалай табамыз?

4. Ең кіші және ең үлкен натурал санды ата?

5. Көбейтудің ауыстырымдылық заңы деген не?

6. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандарды қандай сан дейміз?

3-сайыс: «Ойлан тап».

«Сандар сөйлейді».

10

20

30

40

«Ойлаған озар».

10

20

30

40

«Ой сергіту».

10

20

30

40

Кешіміз жалғасады тағаттасақ

Шыңымыз биік болар, білім қусақ

Өмір деген өнермен үйлеспей ме

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ.

Ән:

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім терең ой сыналады.

4-сайыс: «Топ басшыларының сайысы».

Геометриялық фигуралардан «құрақ көрпе» құрастыру.

Өнер білім шыңына

Өрлеп биік шығады.

Оқушылар дарынды

Таңғалтады бәріңді.

5-сайыс: «Бәйге».

2 бірдей тапсырма есеп. (Қай топ бұрын шығарады)

Қорытындылау.

© 2010-2022