Ашық сабақ: Менің күн тәртібім

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Менің күн тәртібім

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың қазіргі кезең балалар әдебиеті бiлiмiн кеңейту.2.Дамытушылық: сөздік қорын молайту. 3. Тәрбиелік: тәрбиелік әңгіме жүргізу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемедесу:Сәлеметсіздер ме? Отырыңыздар.

ә) Түгендеу: Кезекшіге сынып тізімін беріп белгілету.

б) Уақытына қарай қосымша сұрақтар қою.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Бекіту.

IV. Фонетикалық талдау.

Сыныпты үш топқа бөлу. Әр топ өз тапсырмасын алады. Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі. Содан кейін жауап үлгісі бойынша бір-бірінің тапсырмасын тексереді.

I топ: күн тәртібі

ІІ топ: күнтізбе

ІІI топ: мәлімет

Жауап үлгісі

I топ

Күн тәртібі, күн тәр-ті-бі - төрт буынды, 1,2- бітеу буындар 3, 4 - ашық буындар.

к - дауыссыз, қатаң,;

ү - дауысты, еріндік, қисаң, жіңішке;

н - дауыссыз, үнді;

т - дауыссыз, қатаң;

ә - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;

р - дауыссыз, үнді;

б - дауыссыз, ұяң;

і - дауысты, езулік, қисаң, жіңішке.

Сөзде 10 әріп, 10 дыбыс бар.

Жауап үлгісі

ІІ топ

Күнтізбе, күн-тіз-бе - 3 буынды, 1,2-бітеу, 3-ашық буындар.

к - дауыссыз, қатаң;

ү - дауысты, еріндік, қысаң, жіңішке;

н - дауысты, үнді;

т - дауыссыз, қатаң;

і - дауысты, езулік, қисаң, жіңішке;

з - дауыссыз, ұяң;

б - дауыссыз, ұяң;

е - дауысты, езулік, ашық, жіңішке.

Сөзде 8 еріп, 8 дыбыс бар.

Жауап үлгісі

III топ

Мәлімет, мә-лі-мет - 3 буынды, 1,2-ашық, 3-бітеу буындар.

м - дауыссыз, үнді;

ә - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;

л - дауыссыз, үнді;

і - дауысты, езулік, қисаң, жіңішке;

м - дауыссыз, үнді;

е - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;

т - дауыссыз, қатаң.

Сөзде 7 әріп, 7 дыбыс бар.

V. Сөздік жұмыс.

ояну - просыпаться кесте - график

шешіну - раздеваться ауысым - смена

серуендеу - гулять біраз - немного

орындау - выполнять ұйықтар алдында - перед сном

1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

3. Жана сөздерден сөз тіркестерін құрау.

4. Сөйлемдер құрау.

5. Жана сөздерді сездік дәптерге жазу.

VI. Оқулық бойынша жұмыс. «Менің күн тәртібім» мәтінімен жұмыс.

а) Мәтін бойынша «Даналық ағашы» ойыны.

Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы керек. Енді әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап, неғұрлым толық жауап беруі тиіс.

ә) Мәтін бойынша «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойыны.

Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығады. Шеңбер бойымен отырады. Ортада жүргізуші көзін жұмып, кез келген ойыншыға нұсқайды. Мәтінді ойдан жаңғыртуды сол бастайды. Бұдан өрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді.

VII. Сергіту жаттығу.

VIII. Грамматикалық тақырып. Мұғалім оқулықта берілген сызба бойынша грамматикалық тақырыпты еске түсіреді. Оқушылар осы сызбаны дәптерлеріне кешіріп жазады. Мұғалім грамматикалық тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Септіктер

Тәуелдік жалғаудың

I, II жақтарынан кейін

Тәуелдік жалғаудың

III жағынан кейін

А.с.

-

-

I.с.

-ның, -нің

-ның, -нің

Б.с.

-а, -е

-на, -не

Т.с.

-ды, -ді

Ж.с.

-да, -де

-нда, -нде

Ш.с.

-нан, -нен

-нан, -нен

К.с.

-мен

-мен

А.с. күн тәртібім А.с. күн тәртібі

I.с. күн тәртібім+нің I.с. күн тәртібі+нің

Б.с. күн тәртібім+ е Б.с. күн тәртібі+ не

Т.с. күн тәртібім+ ді Т.с. күн тәртібі+ н

Ж.с. күн тәртібім+ де Ж.с. күн тәртібі+ нде

Ш.с. күн тәртібім+ нен Ш.с. күн тәртібі+ нен

К.с. күн тәртібім+ мен К.с. күн тәртібі+ мен

IX. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру. Әр оқушы өз орнында отырып, өз бетінше жұмыс істейді. Дайындыққа 3 минут уақыт беріледі. Бірнеше оқушының жауабын тыңдау.

Үлгі: Таңертең мен сағат жетіде оянамын,

X. Бекіту. Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.

1. Сен нешеде оянасың?

2. Таңертеңгі асты нешеде ішесің?

3. Мектепке дейін немен барасың?

4. Мектепте сабақ нешеде бітеді?

5. Қай уақытта үйге келесің?

6. Қанша уақыт үй тапсырмасын орындайсың?

XI. 5-тапсырма. Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

XII. Үй тапсырмасы 4-тапсырма.

© 2010-2022