Урок на тему: 8 саны мен цифры (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: 8 саны мен цифры.
Сабақтың мақсаты: 8 саны туралы түсінік беру, қосуға кері азайту амалына есепптер шығару, оқушыларды тапқырлыққа, тез ойланып жауап беруге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
  1. Сандардың қатарын, пайда болуын түсінеді.
  2. Өрнектерді оқып, мәнін таба біледі.
  3. 8 санының шығуын, орнын біледі және 8 санын қайдан көргендерін еске түсіреді.
  4. 8 санын білетін сандармен салыстырады.
  5. Геометриялық фигураларды еске түсіреді.
  6. 8 саны туралы білетін жұмбақ санамақтарын айтады.
  7. Кітаппен, дәптермен жұмыс жасай біледі.

Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, кеспе цифрлар, геометриялық фигуралар, сандар тізбегі.
Сабақтың өту әдісі: Дамыта оқыту.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын сұрау: а) «Қалт етпей қағып ал» ойыны.
ә) «Бәйге» ойыны. б) электронды оқулық тапсырмасы: өрнектерді табу. в) «Балапандар қанша?» ойыны.
  1. Жаңа сабақ түсіндіру.


4. Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар орындау:«Ертегілер елінде». а) Электронды оқулықтан тапсырмалар орындау. ә) Салыстыру. б) Теңдік құру. в) Дәптермен жұмыс.
5. Бекіту сұрақтары. 6. Қорытынды.
Психологиялық дайындық: Кел, балалар, келіңдер, Математиканы көріңдер. Қане, қарап шығыңдар, Оқу барда білім бар - шумағын баяу,

шапшаңырақ, өте жылдам 3 рет қайталайды.
Үй тапсырмасын пысықтау. Қызықтыру.
Доппен «Қалт етпей қағып ал» Ойынын ойнату. (Тура, кері санау ). Оқушылар допты ұтып, келесі оқушыға береді.
Бәйге ойыны. Екі топқа бөліп, алма ағашындағы алмаларды себетке жинау. Қай топ бірінші болса, сол топқа бәйге беру.
7 санының құрамын қайталау.
Компъютердегі өрнектерді шығару.
Санауға арналған балапандар арқылы, бір-бірден қосу арқылы келесі санның шығуын түсіндіру. Әо оқушы өз орнында отырып санауға арналған санағыштарды бір-бірлеп қосып, Қандай жұмыс жүргізіп отырғанын түсініп отырады да, 7 санына 1-ді қосқанда 8 санының болатынына көздерін жеткізеді.
7+1=8. Тақтаға кеспе цифр -4 көрсетіледі.
8 санымен таныстыру. Таспа, жазба түрлерін көрсетемін
Жаңа сабақ.
Бүгін біз қазақ ертегісіне саяхат жасаймыз. Балалар бізге қонаққа Алпамыс батыр келіпті. Ел қорғаған батырдың жолында өз жерін қорғау үшін көптеген кедергілер кездеседі. Оның туған жеріне дәу, айдаһар, мыстан кемпір келіп, Халқының берекесін алғаннан кейін, елін қорғау үшін Алпамыс оларға қарсы жорыққа шығыпты. Қане, балалар, Алпамыстың жауларын жеңуіне көмектесеміз. Ол үшін біз тапсырмаларды жақсы орындауымыз керек.
1 тапсырма. Электронды оқулықтан өрнектерді оқып шығару. - Міне, балалар, Алпамыс батырды дәуден құтқардық. Дәу жеңіліп Алпамысқа жол берді. Білімді балалардан дәуде қорқады екен. Кітаппен жұмыс. Алпамыс батыр жолда мыстан кемпірге жолығыпты. Мыстан кемпір алпамысты ұстап алып, жібермейді екен.Егер біз кітаптағы 1-ші тапсырманы орындасақ, Мыстан кемпір Алпамысты жібереді. Қосылғыштың бірі 8 болатынын көрсету. Мәндерін түсіндіру. Сонымен балалар Алпамыс бізге риза болып әрі қарай жолға шықты. Ол енді айдаһарға кезікті.
2 тапсырма. Салыстыру. Бізге бір табақшаға 8 қияр, ал екінші табақшаға 7 қызанақ берілді. 8 > 7 7 < 8 Біз Алпамыспен бірігіп үш басты айдаһарды жеңдік. Алпамыс әрі қарай сапар шекті. Әбден шаршап, шөлдеп келе жатқанында алдынан бір құдық кездесті. Ол құдықтан су ішейін десе құдық суын бермеді. Ол үшін біз келесі тапсырманы орындауымыз керек.
3 тапсырма. Теңдік құру. 6 + 1= 7 7 - 1= 6
Cергіту сәті. Бала, бала, балақан, Қане қайсы алақан. Саусақтарың айбат Былай - былай ойнат. Алақанды ашайық, Бесті - беске қояйық. Нешеу болды барлығы? Жасырып ем бесеуін Қалды енді нешеуі?
Балалар, Алпамыс сусынын қандырып, одан әрі қарай сапар шекті. Ол жеріне, еліне жету үшін үлкен бүркітке кезікті. Бүркіттің өз тапсырмасы бар екен.
4 тапсырма. Салыстыру.
4 + 3 < 5 5 > 7 - 4 3 + 2 < 1 + 5 5 > 4 + 3 7 - 4 < 5 1 + 5 > 3 + 2
Cонымен балалар Алпамыс бүркітке мініп, жауларын жеңіп, өз еліне аман - сау оралыпты.
Дәптермен жұмыс.
Енді Алпамыспен қоштасып санамақ ойынын оқимыз. Бір дегенім - бесік Екі дегенім - есік Үш дегенім - үміт Төрт дегенім - төбе Бес дегенім - белдік Алты дегенім - алма Жеті дегенім - жерім Сегіз дегенім - серке.
Бекіту. Ойын. Балалар қалпақтарын ауыстырып алды. Әрқайсысына қалпағын тауып берейік.
Бағалау. Сабаққа қатысып отырған оқушыларды орнынан тұрғызып мадақтау.


© 2010-2022