Математика 1 - сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 1 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: Кестелік қосу және азайту тәсілдерін орындауға машықтандыру, берілген санды 1-ге арттыру және 1-ге кемітуге, сандарды өсу және кему ретімен санауға, жазуға дағдыландыру, 1санын қосқанда сол саннан кейінгі, азайтқанда сол санның алдындағы сан шығатынын түсіндіру. 2. Ұқыптылыққа баулу, өз бетінше тез есептеуге дағдыландыру, логикалық ой - өрісін, 1-10 нумерациясы бойынша балалардың алған білімін арттыру, тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа, шапшаңдылыққа, ұйымшылдыққа, достыққа, ұжыммен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: 1-ді қосу, азайту кестесі, кеспе цифрлар, үлестірмелер, слайдтар, суреттер.

Оқыту әдісі: 1 мен 10 ға дейінгі сандар қатары, көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, ой-қозғау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Жаңа сабақ: - Балалар өздерің білесіңдер, өткен аптадан бері мектебімізде бастауыш сыныптар арасында «Нұрлы жол - нұрлы болашақ бастауы» атты апталық өтуде, апталықтың алңһғашқы күні, «Нұрлы Атамекенім» атты сурет көрмесімен басталды, осының барлығы сендер үшін, сендер біздің Нұрлы болшақ балаларысыңдар, сол үшінде қалай оқу керек. Ендеше біз де бүгінгі сабағымызды осы апталық негізінде өткелі отырмыз. Барлықтарың өз мүмкіндіктеріңмен білімдеріңнің көп екенін көрсетіп сабаққа жақсы қатысады деп ойлаймын. Сонымен біз математикадан бірден онға дейінгі сандарды, 0 санын оқып үйрендік.Ол сандардың әрқайсысын қалай шығарып алатынын білеміз. Ендеше әдеттегідей, «Қай қатар тауға бірінші шығып туын тігеді?» көрейік ,балалармен жаңылтпаш айту: Тау бар, тау, тауда бау бар, бауда ара бар, ара бар да бал бар, жейсіңдер балалар. Біз тауды білеміз бе? Ол қандай? Оған шығу үшін де күш керек, ендеше біз күшімізді білімімізбен көрсетейік. Ол үшін әрқайсың мына үлестірмелердегі тапсырмаларды тез орындауларың керек. Қай қатар балалары тез және дұрыс орындас, сол қатар бірінші тауға ту тігеді. 3 пен 10 - ға дейінгі сан құрамы мен өз беттерінше өрнек немесе теңсіздіктер құрату, жеңімпаз қатарды мадақтау, дұрыс есептеген балаларға, кеспе ойыншықтар беру. Сонымен балалар, біз сендермен 10 - ға дейінгі сандарды оқып, жаза аламыз.

- Қане кім айтады, біз қандай сандармен таныстық?

- Бірліктер яғни бір таңбалы сандар, ондықтар олар екі таңбалы сандар, сандарды тура және кері санату.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Сандар қатары бойынша, жұп және тақ сандарға ажыраттыру.

  • Бұларды біз қандай сандар дейміз (натурал сандар яғни 1 - ден 9 - ға дейінгі сандар қатары)

  • Ал 10 ше? Оның 1 мен қандай ұқсастық және айырмашылығы бар?

  • 1 ондық неше бірлікті құрайды?

  • 1 дециметрде неше сантиметр бар?

Сергіту. «Санамақ» қимыл бойынша айту

Жаңа сабақ

Балалар бүгін біз 1 ді қосу және азайтумен танысамыз, бізге бұл еш қиын емес шығар? Себебі біз бұған дейін де сандарды қосу және азайтулармен танысқанбыз. Қане 1 саны бар қандай мақал - мәтел немесе жұмбақ, жаңылтпаш білеміз, кім айтады? Білетіндерін айтқызу. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады». Тағы басқа

Оқулықпен жұмыс. Сурет бойынша есеп құрату
1. Балалардың назарын суретке аударып, сурет бойынша қосынды және айырма құру.  Суретте қай мезгіл?
 Қыс.
 Балалар не істеп жүр? Сендер қандай қысқы ойын түрін ұнатасыңдар? Барлық бала нешеу? Қане, санайықшы. Сырғанақ тебуге шанасымен тағы 1бала келсе, сонда төбеде қанша бала болады? (сұрақ-жауап)
 Ендеше, балаларды санап, ауызша қосынды мен айырмаға есеп құрастырайық. 5 - 1 = 4 5 + 1 = 6

Балар біз бүгін 1санын қосу және азайту кестесін құрамыз және санға 1 санын қосу мен азайтуды үйренеміз. Тақтаға кесте құрату

1 + 1 = 2 5 + 1 = 6 10 - 1 = 9 5 - 1 = 4

2 + 1 = 3 6 + 1 = 7 9 - 1 = 8 4 - 1 = 3

3 +1 = 4 7 + 1 = 8 8 - 1 = 7 3 - 1 = 2

4 + 1 =5 8 + 1 = 9 7 - 1 = 6 2 - 1 = 1

0 + 1 = 1 9 + 1 = 10 6 - 1 = 5 1 - 1 = 0

Демек, 1-ді қосқанда келесі санды, азайтқанда сол санның алдындағы санды шығарып аламыз.

№ 3 сандар тізбегін 1 - ден 10 ға дейін тура және кері санату «Орнын тап» ойыны бойынша ауызша

№ 4 0 2 4 0 3 5 1 3 5 1 4 7 10 8 6 10 7 4 9 7 5 9 6 3

Дәптерлері бойынша жұмыс

Логикалық есептер шығарту

Табақта 7 өрік, қолымда 2 өрік 2. Бір топ үйрек ұшып келеді, барлығы бесеу.

Қосқанда болады неше өрік? Аңшы біреуін атып түсірді, неше үйрек

Сөредегі сегіз ыдыстың қалды? ( 1 үйрек қалды)

Біреуін алды Ырысты 3. Көлден ұшты 7 қаз, қайтып қонды 2 қаз

Тауып көрші сөреде Қонбады оның нешеуі, қане, кім тез

Қалды екен нешеуі? Шешеді?

Жұмбақ

Бір қораға қамалғандар, жану үшін жаралғандар (сіріңке)

Мақал: Бірдің кесірі мыңға тиеді

Ү. Жаңа білімді бекіту. «Сиқырлы фигуралар» фигура құрастыру және ондағы тесті шешу Үлестірмелер бойынша топтық жұмыс

А) 8- + 1 = 7 а) 9 - 1 = 3 а) 10 - 1 = 6 а) 7 - 1 = 5

Ә) 8 + 1 = 6 ә) 9 - 1 = 8 ә) 10 - 1 = 5 ә) 7 - 1 = 6

Б) 8 + 1 = 9 Б) 9 - 1 = 7 б) 10 - 1 = 9 б) 7 - 1 = 8

Шығармашылық жаттығу 3 + 2 > 4

ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Біз бүгінгі сабақта нені білдік?


© 2010-2022