8 саны мен цифры ( дайындық)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Оқу іс әрекеті : Математика Білім беру саласы: Таным Тақырыбы: 8 саны мен цифры. Сабақтың мақсаты: Балаларды 8 санымен таныстыру. Бірден сегіз санына дейінгі сандарды кері және тура санауға үйрету. Сегіз санына байланысты есептер шығаруға үйрету. Артық, кем белгілерін ойын тәсілі арқылы баланың ой- өрісін ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту

Сабақтың көрнекілігі: Сандар кестесі, слайд

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Айналамыз тағы біз

Алақанды соғамыз

Ашық болсын айымыз

Тату болып халықтар

Аман болсын балалар

Мұғалімнің созі: Б

  • Балалар біздерде бүгін кандай сабақ?

  • Өте жақсы математика

  • Балалар біздің бүгінгі сабағымызда көптеген қонақтар келіп отыр.

Қане ендеше қонақтарға амандасайық.

  • Балаларды сабаққа даярлау

1.Ұйымдастыру кезеңі :


  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?

  • Қыс

  • Қыс мезгілігінің қазір қай айы қонақта?

  • Қаңтар

  • Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

  • Кун суық болады, қар жауады.

Мұғалімнің сөзі: Өткен сабағымызда біз математика сабағынан

нешеге дейінгі сабақты өттік:

7 саны мен таныстық

Қазір осы 7 санына қатысты айырмашылығын тап ойынын ойнаймыз:

Санату: 1 2 3 4 5 6 7

Кері санау: 7 6 5 4 3 2 1

-Балалар сендерге бүгінгі санды өтпес бұрын жұмбақ жасырамын :

Баспайда бар бес іні

Естайда бар үш іні

Үш пен бесті қосқанда

Қанша болар шешуі.

Иә дұрыс бұл 8 саны

8 санын жазып корсету.

-Балалар мына суретте ненің суретін коріп тұрмыз:

-Бауырсақтың.

Тақтада неше бауырсақ тұр.

7- бауырсақ. Оған 1 бауырсақ қосамыз, неше бауырсақ болды?

7+1=8

-Балалар бізге қонаққа Бауырсақ ертегісі қонаққа келіп отыр.

-Балалар енді осы бауырсақтар бізден көмек сұрай келіпті.

Біз енді бауырсақты аман алып қалу үшін осы ертегі кейіпкерлердің тапсырмаларын орындап беруіміз керек.

Олай болса бауырсақ 1 -ші қай аңды кездестіреді?

  • Қоянды?

1.Қоянның тапсырмасы:

-8 санына дейін тура және кері санау. Әр санға байланысты суретті табу ойыны.

2.Қасқырдың тапсырмасы: Логикалық есеп (ауызша)

Қарап алда анап ал

Екі ешкінің аяғы

Қане қанша болды?

(сегіз )

Себетке құлпынай есептеп салу ойыны ( сегіз санына байланысты)

3.Аюдың тапсырмасы: Сегіз таяқшадан балықтың фигурасын жасау /неше үш бұрыш бар? /

4. Түлкінің тапсырмасы : Сегіз санына байланысты есептер шығару /4+4=8. 3+5=8. 6+2=8 кері есеп шығару 8-5=3. 8-6=2. 8-4=4/

Серіту сәтті

-Балалар біз бауырсақ ертегісіндегі кеіпкерлердің барлық тапсырмаларын түгел және дұрыс орындап шықтық па?

Қортындылау: Күтілетін нәтиже. Білу керек, сегіз санын жаза білуі керек. Есеп шығара білу керек.






© 2010-2022