Бірлік бар жерде, бақыт бар

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: «Бірлік бар жерде бақыт бар» Мақсаты:
  1. Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы - еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге үйрету.


  1. Оқушыларды сөздерді, сөз-тіркестерді және сөйлемдерді мәнерлеп, көңіл-күймен бір тыныста айтқызып дағдыландыру. Орфоэпия ережелерін сақтау. Дауыс ырғағымен, деммен жұмыс істеу.



  1. Тиянақтылыққа, ұжымшылдыққа, ауызбіршілікке, адал дос бола білуге баулу, этикалық, эстетикалық тәрбие беру;

Көрнекілігі: шаңырақ, плакат, нақыл сөздер, еліміздің рәміздері, шарлар, гүлдер.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ән айту, би билеу, мадақтау, жігерлендіру.

Таңертеңгіліктің барысы:

Залға әуенмен алты ұлттың өкілдері шығады.

Амандасып, шаңырақтың айналасына қазақ, орыс, өзбек, татар, украин, түрік ұлт өкілдері лентаны ұстайды.
Жүргізуші:

  • Құрметті қонақтар, мұғалімдер! Бүгінгі «Бірлік бар жерде бақыт бар» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Осы ұлт бірлігіне, достығына байланысты тілектеріңізді білдіріңіздер. Кәне, соны тыңдайық.
(қазақ, орыс, өзбек, татар, украин, түрік ұлт өкілдері лебіздерін білдіреді.)
/Украин халқының лебізі/ Тілегі бір, Жүрегі бір. Достармен біз біргеміз. Туыс барда құрыштан да, Берік біздің іргеміз!
/Татар халқының құттықтауы/ Жақсылыққа, бақытқа, Талпынған әр уақытқа. Бала біткен дос-бауыр, Болмасын еш тосқауыл!
/Өзбек халқының құттықтауы/
Ән-жыр десе көмейі бүлкілдеген,
Ақ маржандай көңілі үлпілдеген,
Өзбек менің өз ағам - дейді қазақ,
Дастарханнан дәм-тұзы бөлінбеген.
/Түрік халқының құттықтауы/
Барлық елдің бөбегі,
Бір-бірімен туысқан,
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағым күміс таң.
/Орыс халқының құттықтауы/

Дружба народов - не просто слова,

Дружба народов навеки жива.

Дружба народов - счастливые дети,

Колос на ниве и сила в расцвете.


/Қазақ халқының құттықтауы/

Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден.
Достығымыз ғасырларға жарасқан,
Туған елім,шарықтай бер кемелден!


Жүргізуші:

  • Балалар, әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына
байланысты рәміздері бар.
  • Біздің мемлекеттік рәміздерді кім айтады?
  • Біздің мемлекеттік рәміздер әнұран, ту, елтаңба.
  • Біз қай мемлекеттің азаматымыз?
  • Қазақстан Республикасының азаматымыз.
  • Тәуелсіздік деген не ?
  • Тәуелсіздік деген - жалпы халықтың өзара татулығына қол жеткізу.
  • Тәуелсіздікті қай жылы алдық ?
  • 1991 жылы.
  • Ел ордасы-қай қала?
  • Ел ордасы-Астана қаласы.


Жүргізуші: -«Өзбек өз ағам» - дейді қазақ, өзбек биін тамашалайық! Өзбек биі. Жүргізуші:

  • Ал, балалар, сөзжұмбақты шешейік.

Сөзжұмбақ


1 Қ

2

А

3

З

4

А

5Қ

6

С

7Т

8

А

9

Н



1. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі?

2. Қазақстанның ел ордасы қай қала?

3. Қазақстанның елбасы кім?

4. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?

5 Қазақстанның көршілерінің бірі?

6. Қазақстанның рухани астанасы қай қала?

7. Қазақстанның ұлттық валютасы не?

8. Қазақстан неге бай?

9. Біз Қазақстанның қай қаласында тұрып жатырмыз?

Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар! Балалар, Қазақстан туралы тақпақ білесіңдер ме?

1-оқушы: Қазақстан туған елім,

Алтын бесік-Ақ ордам.

Даңқың сенің арта берсін,

Елім менің жаңарған.

2-оқушы: Қазақстан!

Сені айтамыз ән қылып,

Тарқамасын көкжиектен таңғы үміт.

Еліміздің татулығы - мәңгілік!

3-оқушы: Уа, елім!

Уа, жерім!

Сырласым!

Сені бүкіл халық тыңдасын!

4-оқушы: Қазақстан! Достық жыры, Халықтар үні Тұтасқан Ұлттардың бәрі Жарасқан жаны!


Жүргізуші: - Балалар, енді сендердің ақындық шеберліктеріңді байқайық. Тиісті сөздерді өлеңді ұйқастырып қойыңдар. «Жаттығу - ойлану». Берілген сөздерді пайдаланып достық, бірлік тақырыбына өлең құрау.
Менің елім ------------ ---------- - жарасқан. Ту ғып ұстап --------------- ------- ------- әрқашан. (Қазақстан, татулығы, бірлікті, тату болған)

Жүргізуші: -Ал енді, балалар, ағылшын тілін білу заман талабы болып отыр. Ағылшын әнін тыңдайық.

Ағылшынша ән.

Жүргізуші:

- Балалар, енді сендермен бірге мына ребусты шешейік. Бірінші суреттерді атайық.

4''' ' Бірлік бар жерде, бақыт бар. '' Ғ Бірлік бар жерде, бақыт бар.'' 7'' Р

(Туған жер)

Жүргізуші:

  • Қазір, балалар, біз әр халық ұлттық тағамдарын ала келеді. Ал, ондай болса, әр елдің ұлттық тағамдарынан ауыз тиейік.

Орыс ұлттық бәліш алып шығады.

Жүргізуші: - Сіз қандай тағам пісіріп келдіңіз?

Орыс ұлты: - Мен, пирожки пісіріп ала келдім.

Татар ұлты: - Мен, чак чак алып кедім.

Украин ұлты: - Мен, ватрушки алып келдім.

Өзбек ұлты: - Мен, самса алып келдім.

Түрік ұлты: - Мен, пахлава алып келдім.

Қазақ ұлты: - Мен, бауырсақ пен шелпек алып кедім.

Жүргізуші:

-Ал, енді біздің балаларымыздың бірлікке арналған өлеңдері бар. Кәне, соны тыңдайық. Речетативті ән.

Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

Жүргізуші:

- Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болсын. Бірлігімізді ардақтай білейік!!! Балаларымыздың орындауында «Мекенім Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар!

«Мекенім Қазақстан» әнімен таңертеңгілікті аяқтау.






© 2010-2022