- Преподавателю
- Начальные классы
- Ғафу Қайырбеков. «Ана тілі»
Ғафу Қайырбеков. «Ана тілі»
Раздел | Начальные классы |
Класс | - |
Тип | Рабочие программы |
Автор | Райымкулова А.К. |
Дата | 15.12.2014 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Поделитесь с коллегами:
Cабақтың тақырыбы: Ғафу Қайырбеков. «Ана тілі» Cабақтың мақсаты: 1. Ғафу Қайырбековтің өмірбаяны мен шығармашылығынан қысқаша мағлұмат беру. Ана тілі өлеңінің мазмұнын түсіндіріп, идеясын ашу. 2. Шығармашылық тапсырмалар арқылы ой- өрісін, тіл байлығын дамыту 3. Туған жерін, тілін құрметтеуге баули отырып, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың типі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: Ғ.Қайырбековтің портреті, бейнетаспа, карта, үлестірмелі материалдар. Сабақтың барысы: 1). Ұйымдастыру кезеңі. 2). Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау. 3). Жаңа сабақ: Ғ.Қайырбеков. Ана тілі.
- Ой қозғау. Ана тілі тақырыпты ашу ( ар, намыс, ақыл, тіл, ілім, л дыбысы, білім).
- Әдептілік , ар-ұят
- Ар сөзінің синонимі-намыс
- Ақыл-тозбайтын тон,
- Адам қатынасының құралы не Тіл
- Сіздерге әкеп шашуға
- Біреуі белде, біреуі көлде. Л әрпі
- Ақыл-ойдың шырағы, биігіне бойлаған,
Ана тілі сөзі шығады.
- Ой шақыру.
- Ана тілі сөзін естігенде қандай сезімде боласың
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл
- Неліктен қазақ тілін ана тілі деп атаймыз
- Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне қашан ие болды.
Ғ.Қайырбеков туралы мағлұмат беру. Ғ.Қайырбеков - қазақтың көрнекті ақыны. Ғ.Қайырбеков (1928-1994ж.) қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында туылған. "Сарыарқа", "Дала қоңырауы ", "Алтын бесік" т.б. көптеген өлең жинақтары бар. 3. Оқулықпен жұмыс. а). "Ана тілі "өлеңін мәнерлеп оқу; ә). Мазмұнын түсіндіру; 3. Сөздік жұмысы ( түртіп алу әдісі) Таныс емес сөздерді, сөз тіркестерін белгілеу;
- Мәтінмен жұмыс.
III. Ой толғау. 1.Ғ.Қайырбеков кім? 2.Ақын не жазады 3.Суретші не салады -Олай болса, "Ана тілі " өлеңінің мазмұны бойынша қандай сурет салар едің
- Теледидар арқылы бейнетаспадан (Туған ел, туған жер) тамашалау.
- "Ана тілі " Эссе жазу.
IY .Жаңа сабақты қорытындылау. а). Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңдер ә). Өлеңде не туралы айтылған б). М.Мақатаев. "Үш бақытым"мәнерлеп оқу. Y. Оқушы білімін бағалау. YI. Үйге тапсырма: Ана тілі, мәнерлеп оқу. №1,2 тапсырманы орындау.