Ашық сабақ Анатілі 4сынып

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға әңгіменің мазмұны арқылы адамгершілік құндылықтар жайлы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде адамгершілік қасиеттерді тануға, қабылдауға үйрету;
Тәрбиелік: Мәтіндегі негізгі ой арқылы ізгілікке, өзгенің құқығын құрметтеуге тәрбиелеу
Түйінді идеялар: түрлі тапсырмалар орындауда топтық жұмысқа қалыптастыру, еркіндік атмосферасын құру, оқытудың жаңа тәсілдерін оқыту үдерісінің тәжірибесіне енгізу.
Сабақтың көрнекілігі: Көрнекі, көркем суреттер, үлестірмелі материалдар, бағалау фишкалары, PowerPoint таныстырылымы
Күтілетін нәтиже: топтық жұмысқа қалыптаса бастайды, өздерін еркін сезіне бастайды, өзін өзі бағалауға төселе бастайды, мәтіндегі негізгі ой арқылы өздеріне қажетті қасиеттердің керегін өз бойларынан өткізеді.

Сабақтың мазмұны
1. Кіріспе (тұлғааралық байланыс)
«Шаттық шеңбері»
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Ынтымақтастық атмосферасы (оқушылар бір - біріне бүгінгі сабақ сәтті өтуіне екі жақсы сөз бен бір тілек айтады)
2. Оқушыларды топқа бөлу, бүгінгі топтық жұмысқа даярлау

І модуль
Оқушыларға суреттер таратылып, суреттер топтастыру арқылы топқа бөлу
3. Сыныптың білім деңгейін анықтау. Өткенді қайталау
Балалар, өткен сабақта біз қандай ертегі өтіп едік? Ендеше, осы мәтін бойынша екеуіне мінездеме береміз. Оны Венн диаграммасына саламыз.

ІІ модуль Сыни ойлау
«Венн диаграммасы»
«Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру»
Оқушылар қарлығаш пен торғайды салыстырып, диаграммаға салады.
Жауапты түгел тыңдау, оқушыны бөлмеу, жауапты мақтау, жауапты түзету, одан әрі түсініктеме іздеуге ынталандыру, оқушылардың назарын ең маңыздысына аудару

Тұсаукесер Мотивациялық кезең.
Сабақтың мақсат - міндетімен таныстыру
1. Бүгін біз халық ауыз әдебиетінің бір түрі - аңыз әңгімелермен танысамыз.
2. Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
3. Оның ертегіден айырмасы қандай?
4. Қандай аңыз әңгімелердің кейіпкерлерін білесіңдер?

«Диалогтық оқыту»
«Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру»
Оқушылардың жауаптарын тыңдау барысында сыныптағы енжар балалардың әрекеттерін бақылау
Негізгі бөлім Миға шабуыл
1. Суретпен жұмыс
Суретке қарап бүгінгі өтетін мәтін не туралы екенін айта аласыздар ма?
Кімде қандай ой туды?
Кішкене ой шақырып алайық.
Ой шақыру
Оқушылардың ойына қозғау жасау,
Өздерінің ерін ойлауларын, қиялдарының дамуына ықпал ету
Жауапты түгел тыңдау, оқушыны бөлмеу, жауапты мақтау, жауапты түзету, одан әрі түсініктеме іздеуге ынталандыру, оқушылардың назарын ең маңыздысына аудару

2. Оқулықпен жұмыс
Джигсо - 1
Топта нөмірлену 1, 2, 3, 4
Ой ашар
Сараптама тобына бару
Үй тобына тапсырманы дұрыс айтып бару
Джигсо - 1 стратегиясы
Талантты, дарынды балалармен жұмыс бұл жерде оқушылардың мәтіннің мазмұнын түсініп, білуіне мүмкіндік туады.
Оқушылар топтағы номерлері бойынша мәтіннің бөлігін оқиды, талдайды, өз тобына түсіндіреді.

3. Сергіту сәті
«Ине мен жіп»
Оқушылардың көңіл - күйін реттеу, демалдыру.
Оқушылар шеңберге тұрады. Топтың басындағы оқушы ине, қалғандары инеге өткізілген жіп болады. Ине шеңберді айналғанда жіп үзілмеу керек.
Қорытындылау: Біз не білдік?
(жеке, жұптық, топтық жұмыс)
1. Осы мәтіннен не ұқтыңдар?
2. Қожанасырдың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?
3. Асхана иесі қандай адам? Қысқаша мінездеме беріңдер. «Диалогтық оқыту»
«Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру»
Оқушылардың бірлесе талқылауы, ой бөлісу

Рефлексия
Сөз тапқанға қолқа жоқ. Өзінің ойын бөлісу
Үйге тапсырма:
Мәтінді оқып, түсінік айтуға дайындалып келу; Дербес оқу Дербес оқуға жаттықтыру
Бағалау
Формативті бағалау: өзін - өзі, бірін - бірі бағалау Өзара бағалауға, өзін - өзі бағалауға үйрету

© 2010-2022