Ашық сабақ Қысқа дайындық

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Қысқа дайындықАшық сабақ Қысқа дайындықАшық сабақ Қысқа дайындықАшық сабақ Қысқа дайындықАшық сабақ Қысқа дайындықАшық сабақ Қысқа дайындықАшық сабақ Қысқа дайындықАшық сабақ Қысқа дайындықАшық сабақ Қысқа дайындықАшық сабақ Қысқа дайындықАшық сабақ Қысқа дайындықАшық сабақ Қысқа дайындықҚысқа дайындық.

1-сынып

Сарсембаева . Шолпан. К.

Исаев ауылындағы бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жылдың төрт мезгілі туралы түсінік беру.Қыс мезгіліндегі табиғатта болатын ерекшеліктер туралы түсіндіре отырып,адамның қысқы еңбегі жайлы білімдерін толықтыру.

Дамытушылығы : оқушылардың сөздік қорларын, оқу техникасын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі : Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Қыс мезгіліндегі табиғат көріністерінің суреттері, жануарлар суреті, сөз жұмбақ.Бейнекамера.

Түрі: Аралас сабақ.

Әдісі : әңгімелеу,сұрақ-жауап, пікір айту, проблемалық ізденушілік әдісі.

Пәнаралық байланыс : дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі.

Сабақтың барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылардың оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру.

2.Үй тапсырмасын сұрау :

--- Балалар, бүгінгі ауа-райын бақылап шартты белгілермен жазайық.

А. Аспанның күйі ( қардың белгісі )

Ә. Ауа температурасы : - 5 С.

Б. Бүгінгі ауа-райы ( ашық немесе бұлтты белгісі )

---Ауылда қысқа дайындық жұмыстары қалай жүргізіледі? ( Күздік бидай егіледі. Егін жиналып,қамбаға құйылады.Малға жем- шөп дайындап түсіреді).

--- Ал енді, қалада қысқа қандай дайындық жұмыстары жүргізіледі ? ( Қалада жылу қазандықтарын жөндейді,жеміс жидектен тосап қайнатылады, көкеністерді тұздап қысқа дайындалады ).

---Дұрыс , балалар « Қыстың қамын- жазда ойла» дегендей, осындай дайындықпен келсек, қыстан қиналмай шығамыз. Бейнекамерамен қыс көрінісін,жыл мезгілдерін корсету.

3.Жаңа сабақты түсіндіру. Аққала жасау ойыны арқылы жылдың төрт мезгіліне жауаптар алу. Қыстап қалатын құстар туралы сұрау.Табиғатта болатын өзгерістерді сұрау.

4.Оқулықпен жұмыс. « Қыс»өлеңін оқып, талдау жасау.

---Қыс туралы тағы қандай өлеңдер білесіңдер ? Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңін еске түсіріп, талдайық.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Қ

Ы

Р

А

У

Ш

Ы

Р

Ш

А

Қ

Ұ

С

Сөзжұмбақ шешу.


Терезеге аяз салатын өрнек.

Жаңа жыл сәні.

Қанатты тірі табиғат иесі.

Дәптермен жұмыс : Қарағай,ағаш,бұта,арша сөздерін жазу.Шана,шаңғы сөздерін қатыстырып сөйлем құрау.

5.Сабақты бекіту : Тест сұрақтарын тарату.

1.Қысы-жазы жасыл болып тұратын ағаш

А. емен ә. Қарағай б. Қайың в. Шырша

2.Қыстап қалатын құс

А. қарлығаш ә.қарға б.тырна в. Сауысқан

3.Қыс мезгілінде істелінетін жұмыс түрі

А.егін егу ә. Қар тоқтату б.жеміс жинау в.шөп шабу

4.Қыста ұйқыға кететін аң

А.қоян ә.аю б.қасқыр в.түлкі

Күн суытады

Қ

Ы

С

Т

А6.Сабақты қорытындылау : Қыстың ерекшелігі не ? Тірек сызбамен жұмыс.

Қар жауады

Аяз болады

Мұз қатады

Оқушылар сызбадағы бос орынға сөйлем құрастырып жазады.

Карточкалар тарату арқылы қыстағы адам еңбегі туралы өз ойларын айтқызу. Мысалы( қар тоқтату,егіс жұмысына дайындық, трактор машиналарды жөндеу, күнделікті ауланың қарын тазарту)

7.Үйге тапсырма : Қысқа дайындық мәтінін оқу, мазмұндау. «Қыс»тақырыбына сурет салу.

Жеке оқушыларға озық тапсырма беру Қыс тақырыбына шығарма жаздыру.

Алматы облысы,Қарасай ауданы,Исаев ауылындағы бастауыш мектебі.

© 2010-2022