Щ щ дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: « Щ»дыбысын оқытудағы басты мақсаты осы әріптің рөлін түсіндіру.Оқушыларға Щ щ дыбысы мен әрпін таныту.Оның дауыссыз (қатаң) дыбыс екенін аңғарту.Щ щ дыбысы бар сөздерді сауатты оқуға төселдіру.Мәтіннің мазмұнын түсіндіру.

Логикалық ойлау қабілетін дамыту.Сөздік қорын молайту.Топпен жұмыс істеуге үйрету.Тиянақтылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: Ойын, әңгімелеу, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу.

Сабақ түрі: Ертегі сабақ

Көрнекілігі: Щ щ әрпі, щетка түрлері, щ әрпі бар сөздер, Қазақстан картасы, Шырша безендіру ойыны.

Жүрісі: I. Ұйымдастыру кезеңі:

Бүгінігі сабақ күндегі сабақтан өзгеше болмақ. Өйткені, біз бүгін ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ол үшін ертегі таңдап алуымыз керек. Қандай ертегі түрлерін білеміз? Олай болса, мына кеспе әріптерге назар аударайық. Алдыңғы сабағымызда қай дыбыс әрпімен таныстық? Я Ю Ч Ф Бұл кеспе әріптерінің сыртында « Шалқан» ертегісі берілген екен.

Ч - қандай дыбыс?

Ч - тіл алды қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Орыс тілінен енген сөздер мен халықаралық терминдерде мол ұшырайды.

Шалқанға тоқталайық:

« Шалқан» не? Шалқан - көкөніс

Шалқан - ертегі.

Ол не үшін керек? - ас, тағам әзірлеуге, дәмін келтіруге,

- баланың тілін, ой- өрісін дамыту үшін.

Олай болса ертегімізді бастайық.

Атасы көктем шыға шалқан екпек болады.

-Шалқанды неден егеміз, балалар?

-Тұқымнан.

- Атамызға жарамды, таза тұқым таңдау үшін көмектесейік!

-Атамыз бізге мынадай орталықтарға жолдама беріп отыр.

1- орталық: Ғылыми орталық

2- орталық: Көркем сөз орталығы

3- орталық: Көркем жазу орталығы

-Атамыз тұқымды егіп, күтіп, баптады.

-Тұқымнан не пайда болатын еді, балалар?

- Өскін пайда болады.

-Өскін әрі қарай өсіп өнуі үшін бізге мынадай тапсырма беріп отыр:

2. Өскіннің тапсырмасы: Эпиграф:

Ұқыпты -ұтар,

Іздеген -табар,

Оқыған - озар,

Еріншек -тозар. АБАЙ

Олай болса, бүгінгі сабақта еріншектікке жол бермей, ұқыпты, ізденімпаз, оқымысты оқушы болуымыз керек.

Ертегімізді жалғастырайық. Сөйтіп, өскіннен ерен дәу болып шалқан шықты. Атамыз шалқанның сабағынан ұстап тартып еді жұлынбады. Осы жерде атамызға көмектесуіміз керек.

ІІ.Өткен сабақты қайталау:

3. Атамыздың тапсырмасы:

Әр орталықтарға жеке - жеке тапсырма беріледі.

1-орталық: « Цирк» мәтінін әңгімелеу.

2-орталық: «Болашақ чемпиондар» мәнерлеп оқу.

3-орталық: Ч әрпін тақтаға жазу, чемпион, чек сөздерін жазу.

Атай көмекке әжейді шақырады. Әжей көмекке келеді. Әжей атайға көмектесу үшін бізге мынадай тапсырма ала келіпті.

ІІІ.Жаңа сабақ:

4. Әжейдің тапсырмасы: 1.Жұмбақ шешу.

Жоқ сирағы, мойыны

Бауырында жалы

Ол сүйенсе болды

Кетер киім шаңы

Ол не? (щетка)

2.Щетка суреті көрсетіліп дыбыстық талдау жасау

(щ й о т к а)- щетка - 6 дыбыс, 5 әріп бар, 2 дауысты дыбыс бар, олай болса 2 буынға бөлінеді. щет-ка.

-«Щ»- бәріміз хормен айтайық.

-Қандай дыбыс деп ойлайсындар?

-Щ қатаң дауыссыз дыбыс.

-Щ қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп.

Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында кездеспейді.

Орыс тілінен енген сөздер мен халықаралық терминдерге тән.

3.Сюжетті суретпен жұмыс «Күн тәртібі» тақырып.

-Ұйқыдан тұрғасын ең бірінші не істейміз?

-Әрине,тісімізді тазалап жуынамыз.Суреттегі балаға ат қояйық «Арман» әңгімелету.

-Тіс тазалау тазалықтың белгісі,денсаулықтың кепілі.

Әже атадан,ата - шалқанның сабағынан ұстап тартып еді,жұлынбады.

Әжесі немере қызын шақырады.Немересі көмекке келді.Қыз бізге тапсырма ала келіпті.Қыздың тапсырмасы: «Щ әрпін салу жолы»

-Щ әрпін тақтаға жазып көрсету.

-4 элементтен тұрады Щ щ

-Щ щ ауада жазып көру

-Щ - Ш әрпіне ұқсайды, айырамшылығы Щ - аяғы бар.

Немересі - әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқанның сабағынан ұстап тартып еді,жұлынбады.

-Немересі күшігін көмекке шақырды.Күшігі көмекке келді. Күшік те тапсырма ала келіпті.

Күшіктің тапсырмасы:

Щеткалардың түрлерімен таныстыру.

Олардың орны және пайдасы туралы айту.

Тіс щеткасы

Киім щеткасы

Әк щеткасы

Сыр щеткасы

Аяқ-киім щеткасы.

Бұл щеткалардың барлығы адам өмірінде үлкен еңбек атқарады. Барлық щеткалардың да атқаратын қызметі тазалық.

Күшігі - немересінен, несересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқанның сабағынан ұстап тартып еді, жұлынбады.

-Күшік мысықты көмекке шақырды. Мысық көмекке келді.Мысық тапсырма ала келіпті.Барлығы да шаршады.Біз де оларға көмектесеміз деп шаршаған болармыз. Олай болса,сергіту минутын орындайық.

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бір отырып, бір тұрып

Біз шынығып алайық

Мысық - күшіктен, күшік - немересінен, немересі - әжесінен, әжесі-атасынан.

Атасы шалқанның сабағынан ұстап тартып еді, жұлынбады.

Мысық тышқанды көмекке шақырды. Тышқан көмекке келді.Бізге тышқан тапсырма ала келіпті.

Тышқанның тапсырмасы:

Оқулықпен жұмыс:

-Сөздерді оқып,түсінік беру.

-Мәтіннің тақырыбын ашу:

«Б А Л Қ А Ш»

Б - балық, А-алма,Л-лақ,Қ-қала,А-ай,Ш-шар

-Қазақстан картасын пайдаланып мәтінді оқып,мазмұнын айту.

Балқаш көлі Қазақстанның Оңтүстік Шығысында орналасқан. Көл Батыстан Шығысқа қарай 600 км - ге созылып жатыр.

Ол Қазақстандағы ғана емес, дүниежүзіндегі ірі көлдердің бірі.

-Оқулықтағы мәтінді хормен оқып шығу

-«Щеткалар» өлеңін оқып шығу.

Тышқан - мысықтан, мысық - күшіктен,күшік - немересінен, немересі - әжесінен, әжесі - атасынан, атасы шалқанның сабағынан ұстап тартып еді,шалқанды қопарып жұлып алды.

-Шалқанның жер астынан бізге де тапсырмасы бар.

Шалқанның тапсырмасы:

1-орталық: Мәтінді оқу. Мазмұндау.

2-орталық:Сөйлем жазу.Адасқан сөздерді табу.

3-орталық: «Щетка» өлеңін мәнерлеп оқу.

Барлығымыз бірге дәптермен жұмыс жүргізейік.

Сонымен ертегіде аяқталды.Әбден піскен дәу шалқанды да жұлып алып дәмін таттық.Өте дәмді болыпты.

-Дүниетану пәнінен көкөністерді күзде жинап,қысқа дайындауды оқыдық. Олай болса әжеміз шалқаннан қысқа тағам әзірлеуге кетті.

Шалқанды жұлып алу үшін бізге не қажет болды? Бірлік,күш

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» болады демекші барлығымыз осылай үнемі бірлесіп жұмыс істесек мақсатымызға жетеміз екен.

ІІІ.Қорытынды:

Біз не үйрендік?

Не білеміз?

1.Щ дыбысы мен әрпін

2.Щ қатаң дауыссыз дыбыс

3.Щ дыбысы бар сөздерді

4.Балқаш көлі туралы

5.Щетка түрлері

-Бүгінгі сабақ бәрімізге ұнады ма?

-Олай болса бүгін сабаққа барлығың да жақсы қатыстыңдар.Барлығыңа рахмет айта отырып, шалқан ұсынғым келеді.

Рахмет.Сау болыңыздар.



© 2010-2022