Әліппеден сабақ жоспары. Тақырыбы: И дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Әліппе

Сыныбы: 1 « А » сынып

Сабақтың тақырыбы: И дыбысы және әрпі. Сабақтың мақсаты: 1. И дыбысы мен әрпін таныстыру. И дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. 2. Балаларға и дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудара отырып сөздік қорларын байыту. 3. Балаларды таза, ұқыпты жүруге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, сөздік, үйрету, тіл жаттықтыру.

Көрнекіліктер: Суреттер, кеспе әріптер, текшелер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық. -Бүгін қандай күн? -Біз қай елде тұрамыз? -Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? -Тәуелсіз елімізге қанша жыл толады? Еліміздің үлкен мерей тойын бізде жақсы оқуымызбен,үлгілі тәртібімізбен қарсы алайық. Жаңа сабақ. Суретпен жұмыс.Сурет арқылы ой-тұжырым жасау .

  • Суретте не көріп тұрмыз?
  • Ит, кит, шие.
  • Иә, осы ит, кит, шие сөздерінде қайсы дыбыс көп қайталанады?
  • И дыбысы дауысы дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз.
И дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Ойын «Кім зейінді?» Мұғалім өлеңді оқып шығады. Балалар зейін қойып тыңдап отырады. Өлең аяқталғаннан соң и дыбысы кездескен сөзді балалар кезекпен айтады. Ұшып кетті инелік,

Бізден қорқып именіп,

Тікұшаққа ұқсайтын,

Инелікке тимелік,

Мен көп оқып үйренем,

Білім сырын игерем.

Бейне құдық қазғандай

Болса да білім инемен.

  • Инелік, именіп, тимелік, игерем , инемен.
«И» дыбысы мен «й» дыбысының айырмашылығын айту. Балаларға қол шапалақтату арқылы дыбыстату. И-не,и-не-лік,ти-ме-лік,и-тел-гі. Буынға бөлінбейтін «и»дыбысы бар сөздер:ит,кит. Мазмұнды сурет бойынша жұмыс. Мәтін құрау.Тақырыбы «Шие» Болат пен Ислам шие екті.Оны суарды,баптады. Шие жақсы өсті. Ребус шешу. Шешуі : Инелік. Сергіту сәті Мен шиемін, шиемін Күннің көзін сүйемін.

Дәптермен жұмыс. Қолды еркін жазуға жаттықтыру жұмыстарын жүргізу. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау.

А) ауада жазу;

Ә) қиғаштап жазу;

Б) әріп биіктіктерін сақтап жазу;

В) үзбей жазу; Г) әріптер, сөздер арасындағы интервалды сақтап жазу. Ойын: Сөзді есіне сақта. Ойын мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту,ойлау қабілеттерін дамыту. Ойын шарты: жаңа өтілген дыбысқа байланысты сөздерді ретімен айту,сөздерді шатастырмау.Егер шатастырса қолындағы жұлдызшасын ойын бастаушыға береді. Қолындағы жұлдызшасын сақтап көп жинауға тырысу. и не лік кәм пит ки ік ит ки ме шек, - сөзерді буынға бөліп, буын түрлерін ажырату. Исатайдай батыр болам, Иса атамдай ақын болам. Игі істе батыл болам, Игілікке жақын болам. Осы өлең жолдар арқылы сабақты қорытындылау.



© 2010-2022