Қазақ тілі, 3 - сынып Э дыбысы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:12/09/15 Сыныбы: 3 «В» № 5 Пәні: қазақ тілі Тақырыбы: «Э дыбысы». Мақсаты:1)Оқушыларға э дыбысы туралы түсінік беріп, оның жазуда қолданылуы, және ережесімен таныстыру;

2)Оқушылардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін дамыту;

3) Сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ меңгерту

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу,

Көрнекілігі: тақта, бор, оқулық, тақырыпқа байланысты суреттер

Кезеңдері

Өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі: -Сәлеметсіздер ме, балалар! -Көңіл-күйлерің қалай?

Психологиялық дайындық

-Бүгінгі сабағымызды көңілді өткізу үшін сендермен біраз сергіп алайық.

Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.

Жарайсыңдар! - Отырыңдар.

Үй жұмысын тексеру


Оқушылар үй жұмысына қандай тапсырма берілді? Яғни үйге барлық ережелерді қайталап келуге, сонымен қатар а, ә, б дыбыстарының емлесін жазып келуге берген болатынмын.Оқушылар үй тапсырмасына барлығымыз дайындалып келдік пе?Жарайсыңдар! Барлығымыз қайталап келген екенбіз.Ендеше тексерейік.

Өткен сабақты қайталау:


Оқушылар жаңа сабағымызды бастамас бұрын осы күнге дейінгі тақырыптарымызды бір қайталап өтсек өтейік.Оқушылар қазақ тілінде неше әріп бар?Оқушылар біз өткен сабақта у әрпінің жазылуы мен дыбысталуын өткен болатынбыз.Ал, ендеше у әрпі қандай дыбыс?У дыбысы қай кезде дауысты, ал қай кезде дауыссыз?У әрпі кездесетін қандай сөздерді білеміз?Егер у әрпіне аяқталған сөздерге ы, і әріптері қосылса у әрпі жазыла ма? Жарайсыңдар!

Жаңа сабақ:


Оқушылар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Э дыбысы».Оқушылар біз бірінші сыныпта э дыбысының жазылуымен мен оқылуын өткен болатынбыз.Э- дауысты дыбыс,себебі өкпеден шыққан дыбыс ешқандай кедергіге ұшырамай шығады.Тілдің қатысына қарай Э дыбысы жіңішке, жақтың қатысына қарай ашық, Еріннің қатысына қарай езулік.

Дәптермен жұмыс: Оқушылар енді дәптеріміздің бетін ашып бүгінгі күнді, сынып жұмысын және бүгінгі тақырыбымызды жазып қояйық.

Оқулықпен жұмыс: Оқушылар енді оқулығымыздың 16-17 бетін ашып, бүгінгі тақырыбымызға байланысты берілген жаттығуларды орындайық.

Дәптерге, ауызша жаттығулар орындау: 1-жаттығу.Бос торкөздерді э дыбысынан басталатын сөздермен толықтыр. Эссе, экран, электр, экипаж, элеватор, электровоз. Жарайсыңдар!

2-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз.Э және е дыбысы бар сөздержің астын сыз.Бұл дыбыстардың айтылуын өзара салыстыр.Электр қуатының адам өмірінде алатын орны қандай деп ойлайсыңдар. Өте жақсы! 3- жаттығу.Берілген сөздердегі көп нүктенің орнына э, е әріптерінің тиістісін қойып, бояу реңі бойынша сөйлемдер құрап айт. Көшеде электр шамы жарқырайды.Ұшақ экипажсыз орнынан қозғалмайды.Балалар экран кинотеатрына билет алды.Бәрінен де қызық эстафета ойнау болды. Өте жақсы!

Сергіту жаттығуы: Жаздық, жаздық өзіміз Талып қалды қолымыз 1,2,3 Демаламыз жинап күш Кілең 5 - тік аламыз Үйге қуанып барамыз

Дәптерге, ауызша жаттығулар орындау: 5-жаттығу.Жұмбақтың шешуін тап Жарайсыңдар!

6-жаттығу.Эстрада әндерін немесе халық әндерін айтатын әншілер туралы білетініңді әңгімелеп жаз. Өте жақсы!

7-жаттығу.Электр шамы туралы жұмбақ құрастыр. Жарайсыңдар!

8-жаттығу.Суреттегі заттардың алғашқы әріптерінен сөз құрап оқы.Шыққан сөзге әңгіме құрап айт.

Сергіту жаттығуы: Өзен жағасында, Ара тістеп алды, Аюдың мұрнынан, Ой - ой - ойбай Айғайлады Жылап отырып, Өлең айтты Парам - парейром - хей Парам - парейром -хей Хей - хей - хей

Үйге тапсырма: Оқушылар енді күнделігімізді ашып үйге тапсырма жазайық, үйге:4-жаттығу, 17-бет.

Бағалау: Оқушылар біз бүгін барлығымыз жақсы жұмыс істедік ендеше бағалайық «өте жақсы», «жақсы», «қанағат».

Бекіту: Сонымен балалар біз сендермен бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?Сабақ ұнады ма?

Қорытындылау: Оқушылар э әрпі қалай жазылады?Оқушылар э қандай дыбыс? -Осымен бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды,қазақ тілдерінді жинап келесі сабаққа дайындалып үзіліске шығып келіңдер.


© 2010-2022