Құстар - біздің досымыз! 2-3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Құстар - біздің досымыз.

Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағұлмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әсем құстармен таныстыру. Көктемде құстардың оралуын, олардың азайып бара жатқанын хабардар ету. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.

Көрнекілігі: құстар суреті, қанатты сөздер, гүл, шар, көктем көрінісі.

  1. Кіріспе сөз. Құрметті қонақтар, оқушылар және ұстаздар! Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймыз. Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құстар мерекесі. Жер бетінде 8600 - ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500 - дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ: аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз.

Ал құрметті халайық,

Мерекені бастайык.

Жұмбақ шешімін тапсаңдар,

Құстарды қарсы алайық.

  1. Жұмбақ шешу.

Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды

Көктем жұлдыз қаққандай. ( қарлығаш)

Тоқылдатып, мазаны ап.

Тұмсығымен шоқып қап,

Ағаштарды емдейді

Емші атанған ..... ( тоқылдақ)

(құстар кіреді)

  1. Қарлығашпын мен

Адамның тұрағымын

Мекен етіп тұрамын

Тазалаймын үй ішін

Ел аузында мақтаулы

Тазалықшымын төселген.

Мен қараторғаймын

Шегірткедей жұртыңды

Қырғи болып қиямын

Егістікке жайылымға

Қорғаушы боп тұрамын

Жәндіктерді зиянды

Құртатұғын батырмын

Дайындайтын ұямды

Достарға келе жатырмын

Құс сұлуы аққумын

Табиғат көркін сыйлаған

Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көзі қимаған

Сұлулықты паш етіп

Жырлаған талай ақындар

Нәзік үнді, көл көркі

Құс патшасы мен болам.

Жаршысымын көктемнің

Көкек дейді мені жұрт

Өз атын айтар құс менмін

Көктемді күтсең мені күт

Мен еркін бақытты бұлбұлмын

Бұлағын тасытқан ән-жырдың

Тамаша тамылжып шырқаймын

Шаттығын тауыса алмай әр күннің

Құртты іздеп ініне

Қарағайды үңгіген

Тоқылдақ құс дәрігер

Қашан да ол әбігер.

1 - оқушы: Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік. Мысалы: қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар. әні құлаққа жағымды. Қарлығаш адамға саулық тілеп жүретін және қауып қатерден қорғап жүреді. Уй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.

2 - оқушы: Қараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып, шырқаған.

3 - оқушы: Аққу - 30 - 40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.

4- оқушы: Халық көктем келсе көкек келді дейді. Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен. Не деген ғажап, көкек деген. Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады. Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.

5 - оқушы: Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт - құмырсқадан тазартады.

6 - оқушы: Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл - күйін көтереді.


  1. «Құстарды құрастыру» ойыны. (4 түрлі құстың суреті)


  1. «Ұяға жұмыртқа толтыру» ойыны. ( сұрақ - жауап)

1 Көктем айларын ата?(наурыз, сәуір, мамыр)

2 құстар балапандарын қайда өсіреді?(ұяда)

3 Орман дәрігері?(тоқылдақ)

4 Сөйлейтін құс?(тотықұс)

5 Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?(бүркіт)

6 Қандай құс хат тасушы атанған?(көгершін)

7 Қандай құста мүлде ұя болмайды?(көкек)

8 Жыл құстары дегеніміз?(салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар)

9 Киелі құс?(аққу)

10 Қандай құстың құйрығы айыр?(қарлығаш )


  1. Сөзжұмбақ шешу

  2. Ал, балалар құстарға байланысты қандай халық болжамдарын білесіңдер?

  3. Құс жүнін үрпитсе - жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

Сары шымшық ысқырса - шынымен күз болғаны.

Шымшық ұя салса - қыс қатты болғаны.

Қарға қарқылдаса - қар жауады.

Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.

Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыныболады.

Шағала келсе сең бұзылады.

Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.

Құстар - біздің досымыз,

Шырқап әнге қосамыз.

Құстар - біздің дасымыз,

Көктем сайын тосамыз. (тақпақ айтқан оқушылар айтады хормен)

Қымбатты балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық. Оларға қамқор болайық. Ұясындағы жұмыртқаларға тиіспейік.

Оянып бар табиғат ұйқысынан,

Жадырап құтылғандай құс қамынан

Көктемді шуға бөлеп әнге ораған,

Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.



© 2010-2022