Ашық сабақ: Лепті сөйлем (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сугралиева Гулбагида Таубаевна,

А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы,

ІІІ деңгей бойынша сертификатталған,

І санатты бастауыш сынып мұғалімі

БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылы

Сабақтың атауы

Лепті сөйлем

Мақсаты

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға лепті сөйлемнің мағынасын түсіндіру,
көңіл - күйді, сезімді білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеті:
1. Лепті сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттықтыру;
лепті сөйлемнің қандай мағына білдіріп тұрғанын анықтату.
2. Өз бетімен жұмыс жасай білуін және өзін бағалай білуге үйрету,
байланыстырып сөйлеуін, жазба тілін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
3. Ұйымшыл болуға, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: Б. Блум таксономиясы, түсіндіру, сұрақ - жауап, тест, көрнекі.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек - сызба, кестелер

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Өзімізге: Сәттілік, қуаныш!
Қонағымызға: Жақсы көңіл - күй!
Елімізге: Ашық аспан, молшылық!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Топқа бөлу. Сөйлем. Хабарлы сөйлем. Сұраулы сөйлем.

Білім
Мақсаты: өтілген материалдар бойынша алған білімдерін тексеру
Тапсырма: Сөйлем туралы не білеміз? Белгіленген уақыт ішінде әр топ өз топаттарына постер қорғау.
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
Жауап парағы арқылы тексеріп, соған сай ұпай қойып бағалау парағына қойып отыру.
Бейбітшілік жасасын!
Көйлегім қандай әдемі!
Отан сүйер ұлан бол!
Жүйрік тұлпарым болса ғой!
Сөйлемдерді мәнерлеп, дауыс мәнерін келтіріп оқу. Оқушыларға осы сөйлемдерге қатысты сұрақтар қою арқылы ереже шығару.
1. Әр сөйлем қалай оқылды?
2. Сөйлемдегі ой қандай көңіл - күйде айтылып тұр?

Түсінік
Мақсаты: Лепті сөйлем туралы түсінік беру. Слайд.

Оқулықпен жұмыс

185-жаттығу ауызша.

186-жаттығу лепті сөйлемге айналдырып жазу.

187-188 жаттығу топпен орындау

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Шығармашылық тапсырма

Дәптермен жұмыс

Ашық сабақ: Лепті сөйлем (2 класс)

Суретпен жұмыс

Сергіту сәті

Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

Ой толғаныс

Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.
Лепті сөйлем көтеріңкі дауыспен айтылады.
Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады. (Слайд. Кестемен жұмыс)
Ойын «Сәйкестендір»
Өкіну --- Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!
Армандау --- Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным - ай!
Бұйрық ---- Қане, күнделігіңді берші!
Ұрандату ----- Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

«Бағдаршам» арқылы

Жұлдызшаны өзі қалаған түске жабыстырады











© 2010-2022