Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

16.03.2015

Тақырыбы:

Болымды және болымсыз етістік

Мақсаты:


Етістік туралы білімдерін пысықтау, оның болымды, болымсыз түрлерімен таныстыру; Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қасиеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту;

Оқушылардың ана тілдерін құрметтеуге, бір-бірін сыйлауға, тыңдауға тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

Етістік туралы білімдерін пысықтайды, оның болымды, болымсыз түрлерімен танысады:

Әдісі:

Түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі

Оқулық, дәптер

Барысы:

Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І.Кіріспе

Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Амандасады, құрал жабдықтарын шығарып, жаңа сабаққа дайындалады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

47- жаттығу. Суретке қара. Сурет мазмұны бойынша шағын әңгіме құрастыр.

Құрастырып келген әңгімелерін оқиды.

ІІІ. Негізгі бөлім

Мағынаны тану


49- жаттығу. Жұмбақтың шешуін тап.Жұмбақты көшіріп жазып, болымсыз етістіктердің астын сыз.

50-жаттығу. Берілген етістіктерді болымсыз етістікке айналдырып, көп нүктенің орнына жаз.

51-жаттығу. Мақалдарды жатқа жаз.Болымсыз етісіктердің астын сыз.

52-жаттығу. Суретке қара. «Анама сыйлық» тақырыбына мәтін құрастыр.Мәтінде қолданған етістіктерді ата.

Қазақ тілі.Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

53-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті етістікті қойып, өлеңді көшіріп жаз.

Қаңқылдап, қарқылдап, сымпылдап, шаңқылдап.

54-жаттығу. Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады.

Қазақ тілі.Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік


49- жаттығу

Көзге көрінбейді

Қолға ілінбейді.

Кейде сипап өтер

Кейде ұйпап кетер.

(жел)

50-жаттығу

Бар-барма

Кел- келме

Кес-кеспе

Аш-ашпа

Жон-жонба

Үз-үзбе

51-жаттығу

  1. Өзіңді зор тұтпа

Өзгені қор тұтпа.

  1. Еңбек етпесең, елге өкпелеме,

Егін екпесең, жерге өкпелеме.

52-жаттығу.

«Анама сыйлық» тақырыбында мәтін құрастырады.



53-жаттығу.

Құстар қалай ұшады?

Қарға ұшар қарқылдап,

Шағала ұшар шаңқылдап.

Үйрек ұшар сымпылдап.

Қаз ұшады қаңқылдап.

54-жаттығу

Малыңа сүйенбе,

Арыңа сүйен.

Бағалау

ІV. Үйге тапсырма

Оқушыларға тиісті бағаларын қояды.

55- жаттығу. Батаны жаттап келу.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.



© 2010-2022