Әдебиеттік оқу. Ашық сабақ. Тақырыбы: Дос сөзi. Н. Ғабдуллин. 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу. Ашық сабақ. Тақырыбы: Дос сөзi. Н. Ғабдуллин. 3 сыныпӘдебиеттік оқу. Ашық сабақ. Тақырыбы: Дос сөзi. Н. Ғабдуллин. 3 сыныпӘдебиеттік оқу. Ашық сабақ. Тақырыбы: Дос сөзi. Н. Ғабдуллин. 3 сыныпПәні: Әдебиеттік оқу

Күні: 25.09.2015ж

Тақырыбы Н. Ғабдуллин. Дос сөзi

Мақсаты

Дос сөзінің негізгі идеясын ашу.Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Күтілетін нәтиже

Топпен жұмыс жасай отырып өз ойын тұжырымдап қорытынды шығарады.

Өзін және өзгелерді қорғауға үйренеді.

7 модульдің қолданылуы

АКТ, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқытуды басқару және көшбасшылық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Диалог, топтық жұмыс, INSERT, Венн диаграммасы, Уақыт шеңбері, Миға шабуыл,

Қолданылатын ресурстар

Слайд көрсетілімі, маркерлер, стикерлер, плакаттар

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин



Топқа бөлу кезеңі

Шаттық шеберін жасайды

«Ақ тілек. Әсем күлкі»

-Көңіл күйлерің қалай?

-Керемет! (қолдарын көтереді).

-Сабаққа дайындықтарың қалай?

-Тамаша! (алақандарын шапалақтайды).

-Ынталарың қалай?

-Ғажап! (аяқтарын тарсылдатады).

-Ендеше сабағымызды бастайық!

-О, о, о (бас бармақтарын көтереді)

Жасырын тұрған жазуы бар қағаздардарды алып, жазылған сөздері бойынша топқа бөлінеді.

I топ «Оқушы» II топ «Ұстаз» III топ «Мектеп» IV топ «Достық»

Оқушылардың мұндағы мақсаты төртке дейін санау арқылы өз жұптарын тауып, топ болып құралу

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім

Қызығушылық

тарын ояту

5 мин


«Уақыт шеңбері» ойыны арқылы

Сұрақ- жауапты пайдалану

1 мин

Үй тапсырмасы

Төрт топқа конверттер таратылады. Әр топ конверттегі берілген тапсырма бойынша жауап береді.

1.Қадыр Мырза Әлидің «Мұғалима» өлеңін жатқа айту;

2.Ұзтаз жайлы жазған эсселерін оқу;

3.Ұстаз туралы шығарған өлеңдерін оқу

4. Ұстаз туралы мақал- мәтелдер айту.

1.Білім ордасы не?

2.Мектеп десе есімізге не түседі?

3.Мектепке не үшін келесіндер?

4.Мектепте кімдер жұмыс істейді?

5.Мектепте кімдер білім алады?

6. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында қандай қарым- қатынас болады?

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру.

Топпен жұмыс жасау, жарыс арқылы сабаққа деген ынталары артады

Түсіну

«Мақалды жалғастыр» ойыны

3 мин

Интербелсенді тақтаға бірнеше мақалдар жазылады. Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақалды толықтырады.

1.Досы жоқ адам-(тұзы жоқ) тағам.

2.Ағаш тамырымен мықты-

(адам досымен) мықты.

3 Дос жылатып айтады,
(Дұшпан) күлдіріп айтады..

4.100 сомың болғанша,

(жүз досың) болсын.

Мақалдарға ортақ тақырып қояды, дос, достық туралы ой қозғау, топтастыру.

- Сендердің достарың бар ма?

-Олармен қатынастарың қандай?

-Шын дос қандай болады деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу, өткен сабақтарды қайталау

Топпен жұмыс жасау

Қолдану

Топтық әңгіме» «ЖИГСО», «Түртіп алу» әдісі арқылы түсінбеген сөздерін меңгерту

15 мин

Оқулықпен жұмыс,

Таныстырылым бойынша Нығмет Ғабдуллин өмірі мен шығармалары туралы таныстыру. «Дос сөзі» мәтінінің авторы екенін айту.Мәтінді түртіп алу әдісі бойынша оқыту, сөздіктермен жұмыс жүргізу. Әр топ өздерінің оқыған бөлімдері бойынша

бір-біріне түсіндіреді, білгендерімен бөліседі. Нәуетек- болбыр,еш нәрсеге икемі жоқ дәптеріне жазып алады.

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.

Сергіту сәті

«Аяқпенен топ-топ-топ» жаттығу жасау

1 мин

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Оқушылар әуенге қосыла өлең айтып, жаттығулар жасайды.

Талдау

«Миға шабуыл» әдісі Топтық жұмыс арқылы жалыпы бүгінгі сабақты меңгерту іс-әрекетіне балайнысты сабақты талдау

10 мин

Топтық тапсырмалар беру

І топ :«Мінездеме беруші»Мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме береді.

ІІ топ :«Сілтеме табушы» ВЕНН диаграммасын толтырады .

ІІІ топ: «Бояушы» Әсет пен Нұрлан бейнесіндегі күнді бояйды. ІҮ топ: «Із қуушы» Мәтінді өз сөздерімен жалғастырып айтады.

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, өзара пікір алмасады, топпен, жеке дара тапсырмаларды орындайды, нәтижесінде топтаса отырып ортақ жауап табу керек

Жинақтау

«INSERT» әдісі бойынша жаңа сабақты қорыту

5 мин

Мәтіндегі кейіпкерлердің бойындағы жағымды және жағымсыз әрекеттерін стикерге жазып ілу.

Ішіне «Жағымды», Сыртына «Жағымсыз» қылықтарын жазап, іледі.

Әр оқушы өз пікірлерін жазады.


Үйге тапсырма

(1 мин)

Н. Ғабдуллин. "Дос сөзi" мәтінін оқу, мазмұндау
Тақырыпқа байланысты эссе жазу

Бағалау

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдаршам, бағалау парақшалары

Бағалау парақшасы мен бағдаршам көздерін тарату

Өзін- өзі топты және бірін -бірі бағалайды

Рефлексия




© 2010-2022