Қосу және азайту (1-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Қосу және азайту (1-сынып)Күні: 13.05.2014 ж Пәні: математика Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту Сабақтың мақсаты: Санау, оқу, жазу және салыстыру ұғымдарын қайталау, фигуралардың білдіру қасиеттерін, ерекшеліктерін түсіндіру. Сабақтың міндеті:
  • Кері есептер, теңдеу шешуді, әріпті өрнектерді салыстыруды қайталау
  • Шапшаң есептеуге, тез ойлануға, ойлау қабілеттерін дамыту
  • Логикалық ой-өрісін дамыту, есепке қызығушылығын арттыру
  • Тәртіпті сақтай білуге, өзара сыйластыққа тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: карточкалар, оқулық, дәптер, презентация, слайд Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың ұраны: «Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық». ІІ.Психологиялық дайындық . «Күлімде, күн, күлімде! Күлсін барлық бала шат! Берекелі бүгіндей Бейбіт болсын болашақ!» Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық . ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру. Жаңа материалды қабылдауға дайындық үстінде 1-10 сандарының құрамы қайталанады; бірліктер, ондықтар, толық ондықтар, жай ондықтар, жүздіктер, 1-2-3 таңбалы сандар, сондай-ақ тапсырмаға 1-10 -ға дейінгі, 10-нан 1-ге дейінгі санауды қосқан пайдалы.

«Доп лақтыру » ойыны

Допты лақтыру арқылы оқушылардың ауызша есептеулерін дамыту.

IV.Жаңа сабақты меңгеру. 1 (сурет бойынша жұмыс) Оқушылардың назарын сабаққа аударамын. Слайдпен жұмыс: №1.
8 - 3 = 5 7 - 2 = 5 5 + 3 = 8 5 + 2 = 7
V.Дәптермен жұмыс. «Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық. Салақтықтан қашайық Әдемі етіп жазайық»
№2. Тиісті таңбаларды қою.
4 * 1 = 5 3 * 1 = 4 40 * 10 = 50 1 * 2 = 3 9 * 1 = 10 40 * 10 = 30 №3. Есептің шартын толықтыр және шығар. Алмада 6 фломастер бар, ал Айшада _____ артық. Айшада неше фломастер бар?
Алмада - 6 ф. Айшада - ? ф. 2 ф. артық Шешуі: 6 + 2 =8 (ф) Жауабы: Айшада 8 фломастер бар.
VI.Сертіту сәті: «Көңілді шырша»
№4. Теңдіктерді толықтыр және есепте. Амалдардың компоненттерін ата.
60 + 20 = 80 40 + 50 = 90 60 + 30 = 20 + 60 = 50 + = 90 + = 80 - 20 = 90 - = 50 - =
№5. Өрнектерді дәптердегі кестеге жаз. Олардың мәнін тап.
10 + 60 = 10 + 20 = 80 - 60 = 80 + 10 = 100 - 40 = 40 + 30 = 10 + 70 = 40 - 10 = 90 - 90 =
VIІ. «Кім тапқыр?» ойыны.

Жұмбақ шешу.

Алма бағы жайнаған. Қызыл алма айналам. Алдым үзіп бесеуін, Тағы да алдым екеуін. Алдым сонда нешеуін? / 7 /

Көлден ұшты жеті қаз, Бес асықтың екеуін, Қайтып қонды екі қаз. Досым сұрап алады. Қонбады оның нешеуі? Айтшы сонда нешеуі, Қане, кім тез шешеді? / 5 қаз/ Өз қолымда қалады? /3

*Саянда болды 8 алма

Сайданға берді 4 алма.

Ойланып, кәне , көрейік -

Саянда қалды қанша алма? 8 -4 =4

*Бәйгеге шықты жануарлар

Алға шықты бесеуі.

Қосылды оған екеуі

Мәреге келді нешеуі? 5 +2=7

*Айманда бюолды бес алмұрт,

Әселге берді екі алмұрт.

Айманның қалды қолында

Неше алмұрт тез ойла? 5-2=3

*Сегіз қияр базардан

Сатып алды Сәлімжан.

Бес қиярды алғанда

Қанша қалды дорбада? 8-5=3
Қорытынды: Сабақты бекіту. Үй тапсырмасын түсіндіру.

© 2010-2022