Конспект-планирование Великолепная семерка (начальный класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Таңғажайып жетілік

Мақсаты:Білімділік.Сабақтың мазмұнын түсіндіре отырып

оқушылардың қызығушылығын ояту,шыншылдыққа, елін сүйіп,

еңбек етуге, ұйымшылдыққа үйрету.

Тәрбиелік.Оқушыларды адамгершілікке, ізденімпаздыққа, ұлттық

дәстүр рухында тәрбиелеу.

Дамытушылық.Тапсырмаларды орындай отырып сын тұрғысынан

ойларын дамыту, тілін ширатып ,қиялын дамыту.

Сабақтың түрі:Кіріктірілген сабақ. Білімді жүйелеу

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап , жарыс

Көрнекілігі: Суреттер, мақал-мәтелдер

Сабақтың жоспары .

I.Ұйымдастыру кезеңі -3 минут

а \сабақтың ерекшелігін таныстыру

II.Негізгі бөлім -35 минут

а\Тарау материалдары бойынша түрлі тапсырмалар жазылған карточкалармен жұмыс

III.Бекіту кезеңі -2 минут

а\Мақал -мәтел арқылы сабақты бекіту

IY.Қорытынды -5 минут

а\ оқушылардың білімдерін бағалау

ә\жалпы сыныптың білімін бағалау

Балалар міне, біз үшін тағы бір күн парағы басталды.Бүгінгі күнде жылылық пен сәттілік тілеп сабағымызды бастайық.

Әр топ мүшелері амандасады.

I топ«Біз барлық елге тыныштық» тілейміз

II топ «Біз өзімізге және барлық адамдарға бақыт ,денсаулық тілейміз»

Мұғалім: Ал,балалар мен сіздерге сәттілік тілеймін.

Сабақтың басты ерекшкелігімен таныстыру,

Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтеді, екі топтың арасында

Екі топтағы оқушыларға тапсырмалар беріледі, әр тапсырманың жауабы бір ұпай.

Бекіту кезеңі «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» мақалы бойынша сабақты қорытындылау. Ұпай сандарын анықтау

Қорытындылау а\Білімдерін бағалау. Жеке-жеке бағалау

ә\Жалпы сыныпты бағалау

Кіріспе: Қазақтың ерте заманнан бері уақыт есебін жүргізуде қалыптасқан жүйелерінің бірі сандар қатары.Сол сандар қатарына көз салатын болсақ кейбір сандарымыз қазақ ұғымына қасиетті, киелі деп саналады екен.Енді сол сандарға тоқталып көрейік.

3 киелі сан, 7 киелі сан, 9 киелі сан ,40 киелі сан

7 саны сөйлейді

Қазақ халқында жеті саны ерекше сан болып есептеледі. Атап айтар болсақ Наурыз көжені түрлі тамақтың қоспасынан жасайды екен.Атап айтқанда 7 күн,7 қазына,7 ата, қайтыс болған адамның жетісіне ас беру,

7 шелпек пісіру, нәрестенің шілдеханасын жетінші күні беру.Киіз үйдің құрамында қасиетті 7 бау бар екен.Сол сандардыңішінде біздер бүгін 7 санына тоқталамыз.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Таңғажайып жетілік» деп аталады.Жеті түрлі пән бойынша білімдерімізді жүйелеп ортаға саламыз.

Қазақ тілі

  1. Мәтін дегеніміз не?

  2. Мәтін түрлерін ат?

  3. Бастауыш деп нені айтамыз?

  4. Баяндауыш деп не айтамыз?

  5. Бастауыш пен баяндауыштың ортасына қай кезде сызықша қойылады?

  6. Жай сөйлем нешеге бөлінеді?

  7. Сөз құрамы нешеге бөлінеді?

Жауаптары:

1.Мәтін -мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.Мәтінге ат қойылады.

2.Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіні.

3.Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін бастауыш дейміз.

4.Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз.

Не істеді ? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап береді.

5.Бастауышта, баяндауышта зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады?

6.Жай сөйлем: жалаң жайылма сөйлем болып екіге бөлінеді. Бастауышпен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем деймізБастауыш пен баяндауыш басқа тұраусыз мүшелері бар сөйлемді жайлма сөйлем дейміз.

7.Сөз құрамы екіге бөлінеді.түбір және қосымша.қосымша екіге бөлінеді жұрнақ және жалғау

Ана тілі

\Жеті санына байланысты мақал-мәтелдер айту \

1.Жетіге келгенше жерден аяқ жейді

2.Жеті атасын білмеген жетесіз

3.Жеті рет өлшеп бір рет кес

4.Жетелі ұл,жеті жұрттың қамын жер

5.Жеті жұрттың тілін біл ,жеті түрлі білім біл.

6.Жел сөз жеті рулы елге тарайды

7.Жігітке жеті өнер де аз

Математика

Карточкаларға жазылған жеті түрлі тапсырмалар беріледі.

Дүниетану

1.Пайдалы қазбалардың түрлері ?

2.Топырақ деп нені айтамыз топырақтың тау жыныстарынан айырмашылығы неде?

3.Топырақтың түрлері?

4.Тығыз тау жыныстарына не жатады ?

5.Майда тау жыныстарына не жатады?

6.Географиялық карта дегеніміз не ?

7.Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?

Жауаптары:

1.Жаңғыш, кен, кенге жатпайтын паййдалы қазбалар .

2.Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты топырақ деп аталады.Топырақтың тау жыныстарынан басты айырмашылығы-құнарлығы.

3.Бозғыл, сор ,тұзды топырақ

4.Тығыз тау жыныстары: гранит ,мәрмәр, құмтас, тас көмір

5.Майда тау жыныстарына: құм, саз

6.Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп салынған бейнесін географиялық карта дейді.

7.Табиғаттағы өзгерістердің барлығы табиғат құбылыстары деп аталады. Өсімдіктердің өсуі ,көбеюі, күннің батуы ,шығуы, бұлт торлау ,жауын-шашын.

Ән -күй

1.Нәресте дүниеге келгенде жасалатын той? \шілдехана\

2.Баланың ең алғаш қадам басқан тойы? \тұсаукесер\

3.Әнді шығарушы адам? \композитор\

4.Күй қандай аспапта орындалады?\домбыра\

5.Қорқыт атаның күй тартатын музыкалық аспабы? \қобыз \

6.Айтыс қандай өнер?

7.Әнді айтқанда қалай отырамыз?

Бейнелеу

1.Мына сурет бейнелеу өнерінің қай түріне жатады?

Натюрморт дегеніміз не?

2.Мына сурет бейнелеу өнерінің қай түріне жатады?

3.Табғат аясында жүріп сурет салуды не деп атаймыз ?

4.Еңбек сабағының құрал саймандарын ата?

5.Жамау деген не ?

6.Еңбек сабағының қауіпсізідік ережесін айт ?

7.Монотипия дегеніміз не?

Жауаптары

Натюрморт заттар мен әр түрлі бұйымдардан үйлесімді құралған көркем шығарма. Сәулет өнеріне. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі. Табиғат сұлулығын бейнелеу үшін табиғат аясында сурет слуға шығу плэнэр деп аталады. Жамау-бұйымның жыртылған,сөгілген жерін бүтіндеу. Монотипия дегеніміз бір рет басып шығару .

Дене тәрбиесі

1.Спорт элементтері бар гимнастиканың бір түрі қалай аталады ?

2.Секіру жаттығулары неше түрлі болады ?

3.Жеңіл атлетика түрлерін айт?

4.Лақтыру жаттығуларынің түрлері ?

5.Жекпе-жек спорт түрлерін айт?

6.Шығыс халықтарының жекпе-жек спорт түрлері ?

7Спорттық ойындар ?







© 2010-2022