Сабақтың тақырыбы: «Табиғат-анамыз»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Табиғат- анамыз»

Имантау орта мектебі

Тақырып:

Табиғат -анамыз

Қазақ тілі (8 «б»-сынып)









Мұғалім: Утениязова А.Б.







2013-2014 оқу жылы


Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: модуль бойынша алған білімдерін қандай дәрежеде меңгергенін анықтау,

ә) дамытушылық: сауатты сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру, танымалдылығын арттыру

б) тәрбиелік: ар-ожданы мол, рухани ойлау дәрежесі биік, өз елін, туған жерін сүйетін, табиғатты аялайтын азамат тәрбиелеу

Грамматика: Туынды зат есім

Сабақтың түрі: сыни тұрғыда ойлау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу

Көрнекілігі: тірек сызба, веен диаграммасы, слайд, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу

II Үй жұмысын сұрау

Өткенді пысықтау

III Жаңа сабақ

Сабақты табиғат жайлы бір шумақ өлеңмен бастаймын.

Сүйейік табиғатты аялайық,
Біз одан жақсылықты аямайық.
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша дем алайық!

Тақырыпты төрт бөлімге бөліп алдым.

  1. Әсем табиғат жайлы әңгімелеу

  2. Табиғаттың ластануы

  3. Адам әрекетімен табиғатты қайта қалпына келтіру

  4. Әсем табиғатты аялауға қорғауға баулу

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Ол өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайды қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездері табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр.

Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экалогия мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі-алып зымырандар, атом стансылары, зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта жеңілдете түсу мен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экалогиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптың әсер ете бастауы-олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары.

Жабай табиғатты бағындырып, адамдар өздерін жердің «иесіндей» сезінеді. Бірақ ұқыпты иленуші болу қажет екенін бірден ұғына қоймады. Табиғат байлықтарының шектелуі екенін, табиғаттың байлығын сақтауға, молайтуға қамқорлық қажет екенін түсіну үшін қаншама уақыт өтті. Табиғат ресурстарын қалпына келтірмеу, өсіріп сақтамау табиғи ортаның бұзылуына , ресурстарының сарқылуына әкеліп соғады. Ол-адамдардың өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмай, өмір сүруін тоқтату мүмкін деген сөз. Табиғатты ұқыпты пайдалану адамдардың өздерінің өмір сүру шарты екенін түсінген соң ғана олар табиғатты қаншалықты , қандай шамада пайдалануға болатынын қарастыра баста

Сөздікпен жұмыс жасау. Мәтіннен зат есімді теріп алып СКТ бойынша талдау

Табиғат-анамыз жайлы тірек сызба мен жұмыс жасау

Веен диаграммасы. Табиғи табиғат пен адам әрекетімен жасалған табиғат жайлы жазады.

Мәтінмен жұмыс. Қалып кеткен сөздерді орнына қойып жазады.

Керекті сөздерді орындарына қойып, сөйлемді толықтырып жазыңдар.

Халқымыз ... анаға теңеген. Өйткені табиғатта ... өсіп-өнеді. Олөзіндегі барды ..., жан-жануарға, өсімдікке берген. Бүгінгі таңда адам баласына ... апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Табиғат ресурстарын қалпына келтірмеу ... сарқылуына әкеліп соғады. Адамдар ... қандай шамада пайдалануға болатынын қарастыра бастады.

Керекті сөздер: табиғатты, ресурстардың, экологиялық, табиғатты, тіршілік, адамдарға.

ІV. Сабақты қорытындылау.

Сұрақтар арқылы қорытындылау

-Халқымыз нені анаға теңеген?

-Табиғатта қандай құбылыстар болады?

-Адамдар табиғатты бағындыруда қандай әрекеттер жасады?

- Адам ақыл-ойының нәтижесіндегі жетістіктер қандай қатер туғызды?

-Адам өміріндегі экологиялық зардаптар ненің әсерінен болып жатыр?

-Табиғат ресурстарын қалпына келтірмеу қандай жағдайға әкеліп соқтырады?

-Табиғатты ұқыпты пайдалануда адамдар қандай іс-әрекеттер жасай бастады?


V Үйге тапсырма: Табиғат жайлы эссе жазу

VIБағалау.





© 2010-2022