Ашық сабақ. Әлеуметтік орта. Қатынас

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Білім беру саласы : Әлеуметтік орта . Қатынас . Оқу іс - әрекеті : Қоршаған ортамен танысу , Жапсыру . Тақырыбы : Жабайы жануарлар . Мақсаты : Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту . Жабайы жануарлардың ( аю , қоян , түлкі , қасқыр) сипаттық белгілерін байқай білуге үйрету арқылы зейіндерін дамыту . Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға тәрбиелеу . Әдіс - тәсілдері : Түсіндіру , көрсету , әңгімелеу , үйрету , ойын , сұрақ - жауап . Көрнекілігі : Жабайы жануарлардың суреттері , үлестірмелі материалдар , үнтаспа . Қажетті құрал - жабдықтар : Түрлі - түсті қағаз , ақ парақ , желім , т.б. Сөздік жұмыс : Орманда тіршілік ететіндер . Биллингвальды компонент : Жабайы жануарлар - дикие животные , аю - медведь , қоян - заяц . Инклюзивті білім беру : Нұрасылға жабайы жануарлардың аттарын дұрыс атауды үйрету . Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті Мотивациялық - қозғаушы

Шаттық шеңбері Балалар , қане шеңберге тұрып , қонақтармен амандасайық . Қорбаңдаған аюдың , Құлпынайы бар екен . Теріп - теріп алайық , Қалтамызға салайық . Балалар бүгін біз жабайы жануарлармен танысамыз .

Балалар шеңберге тұрып қонақтармен амандасады .

Қимыл - қозғалыспен өлеңді айтады . Ұйымдастырушылық - ізденушілік Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын , сендер жауабын тапқан жұмбақтың шешуі болған аңдардың суретін тақтаға ілеміз . Жұмбақ . 1 . Қалқиып ұзын құлағы , Елеңдеп қорқып тұрады . 2 . Өзі айлакер , өзі қу , Жүрген жері айқай шу . 3 . Өзіне болған қорған , Орман ішінде бірақ Етеді қорбаң - қорбаң . Бұлар - жабайы жануарлар , олар орманда , далада , тауда тіршілік етеді және өз қоректерін өздері тауып жейді . Аюды сипаттайық , ол қандай ? Оның басы , денесі , төрт аяғы , екі құлағы бар . Түсі қоңыр . Аюдың баласын қонжық деп атайды . Ол балды жақсы көреді және қыс бойы апанында ұйықтағанды жақсы көреді . Бұл не балалар ? Қоянның ұзын құлақтары , төрт аяғы бар . Ол шөпті , сәбіз жегенді жақсы көреді екен . Қоянның баласын көжек дейміз . Түлкі - сары түсті жабайы аң . Ол орманда мекендейді . Түлкінің ұзын құйрығы бар . Ол өте қу , айлакер болады . Түлкінің баласын жәутік деп атайды . Бұл - қасқыр . Оның да басы , денесі , төрт аяғы бар . Қасқырдың түсі сұр , құйрығы ұзын , тісі өткір . Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды . Биллингвальды компонент : Жабайы жануарлар - дикие животные , аю - медведь , қоян - заяц . Балалар осы аңдардың ішінде қай жануар үлкен ? Ал ең кішкентайы қайсысы ? Психологиялық жаттығу . Балалар қорбаңдаған аюды бейнелейік . Қорқақ қоянды бейнелейік . Тақпақ айту .

















Сергіту сәті : "Қара жорға биі" Балалар енді жапсыру өнер орталығына барып аюды жапсырайық . Түрлі түсті қағаздан қиылған аю пішінін ақ параққа желімдеп жапсырамыз . Балалармен жеке жұмыс жүргізу . "Ішіне - сыртына" ойыны Балаларға үлестірмелі материалдар таратып беремін . Балалар аюды ішіне , қоянды сыртына салу керек .










Қоян



Түлкі



Аю Тыңдап отырады .



Аюдың суретіне қарап оны сипаттайды .

Қоян Қоянды суретіне қарап сипаттайды .

Түлкінің суретіне қарап сипаттайды .

Қасқырды да сипаттайды .



Балалар бірнеше рет қайталап айтады .

Аю Қоян

Аюдың жүрісін салады . Қоянның жүрісін салады .

Ұзын құлақ , сұр қоян , Естіп қалып сыбдырды . Ойлы - қырлы жерлерден , Ытқып - ытқып жүгірді . Мен көкжал қасқырмын , Малшыны састырдым . Аш болсам ұлимын , Ауылды торимын .

Балалар әуенмен билейді , қимылдар жасайды .

Балалар аюды жапсырады .





Балалар картошкаларды алып , ішіне , сыртына салады . Рефлексиялық - түзетушілік Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекетінде алған білімдерін қорытындылау . Балаларды мақтап , мадақтау . Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады .







Күтілетін нәтиже Орындайды : Жабайы жануарлардың белгілерін байқап , оларды сипаттап айтуға арналған тапсырмаларды . Түсінеді : Жабайы жануарлар туралы берілген мәліметтерді . Қолданады : Жабайы жануарлардың жүріс - тұрысын қимылмен келтіре білу дағдыларын және аюдың бейнесін жапсыра біледі .













































Мәңгілік ел . Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі мекемелердің күн санап көбеюін қоғамымыздағы қуанарлық жаңалық деуге болады . Бұл дегеніміз , ертеңгі ұрпағымыздың заман талабына сай , өз жас ерекшелігіне байланысты білім алып , бойына адамгершілік сезімін сіңіріп , Отанға , елге , отбасына , қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке ие болады . Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің "Қазақстан - 2050 : Бір мақсат , бір мүдде , бір болашақ " атты жаңа Жолдауының алтыншы басымдығында мектепке дейінгі білім беруде біз 3 және 6 жасқа дейінгі балаларды жүз пайыз қамтыдық . Сондай - ақ , енді біз бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды толықтай қамтамасыз етуге қол жеткізуіміз керек - деді . Сондай - ақ , жалпы білім беру мектептеріндегі оқытудың деңгейін Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі білім беру деңгейіне жеткізуіміз керек , оларды оқыту нәтижесі саналы ойлау , өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдауды игеруі тиіс , - деп атап көрсетті . Тәрбие мен білімнің бесігі - сәби шақтан , мектепке дейінгі балалардан басталса , оларды бәсекеге қабілетті , еліміздің тізгінін ұстауға лайықты , саналы да білімді етіп тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз . Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Жуалы ауданы Білім бөлімінің қаулысымен Жуалы ауданының Нұрлыкент ауылында №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектеп жанынан 2010 жылы "Айгөлек" шағын орталығы ашылған болатын . Шағын орталық елу балаға арналған , яғни екі топ жұмыс істейді . Ұжымда он қызметкер бар , оның төртеуі тәрбиеші , біреуі әдіскер және музыка жетекшісі , екі тәрбиеші көмекшісі , бір медбике , бір аспазшы және кір жуушы бар . Бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде бізге үлкен жауапкершілік жүктелген . Қай елдің болмасын іргетасы , жарқын болашағы - ұрпағы екені белгілі . Сол себепті еліміздің іргетасын мәңгі берік ұстайтын жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруіміз қажет . Ашылғанына көп уақыт болмасада бірнеше жетістікке жетті . Атап айтқанда 2011 жылы аудандық "Ең үздік шағын орталық" байқауына қатысып екінші орынды жеңіп алса , 2012 жылы аудандық "Ең үздік шағын орталық" байқауынан тағы да екінші орынға ие болды . Көптеген іс - шаралар мен сайыстар , ертеңгіліктер ұйымдастырылады . Мысалы , Тәуелсіздік күні , Республика күні , Жеңіс , Конститутция күні , т. б. күндеріне арнап ашық оқу іс - әрекеттері мен тәрбие сағаттары өткізіледі . Ондағы мақсат балаларға ұлттық тәрбие , Отанды сүюге , елімізді , жерімізді қорғауға және Елбасының кемел саясатын қолдауға бағыт - бағдар беру . Ал енді өзіме келер болсам , мен - анамын , тәрбиеші ұстазбын . Мен өзімді бала тәрбиелеуде ұстамды , сабырлы болуға тәрбиеледім . Өйткені әр балаға жеке тұлға ретінде қарау керек . Балалармен балаша ойнап , бала сияқты ойлану қажет . Тәрбие жұмыстарында , оқу үдерісінде баланың көңіл - күйіне , жан дүниесін түсінуге әрекет жасау керек . Мен шағын орталығымыз ашылған күннен бастап осында бүлдіршіндерге тәлім - тәрбие беріп келемін . Тәрбиеші еңбек жолын тек балаға арнайды , оның жүрегі мейірімділікке , адамгершілікке толы болады . Тәрбиешінің алдына әр түрлі балалар келеді . Әр баланың мінезі әр түрлі болады. Ал тәрбиеші өзінің кәсіби біліктілігінің арқасында әр баланың тілін таба біледі .Мағжан Жұмабаев өзінің бір сөзінде былай депті : "Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай , болашақ заманға лайық қылып шығару керек ". Сондықтан бала тәрбиесі , оны заман талабына сай етіп тәрбиелеу баршамызға ортақ іс . 2011 жылы мектепішілік ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында өткізілген "Пай - пай , қазақтың келіндері - ай ! " атты байқауға қатысып екінші орынды және "Өнерлі келін" номинациясын жеңіп алдым . Ашық сабақ. Әлеуметтік орта . Қатынас . Ашық сабақ. Әлеуметтік орта . Қатынас . Сол жылы ата - аналар арасында "Жыл ата - анасы" байқауын ұйымдастырдым . Бұл сайысты ұйымдастырғандағы мақсатым : Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін , сондай - ақ тәрбиенің жан - жақты , үздіксіз әрі бірізді үрдіс екенін ескере отырып , балабақша жұмысын ата - анамен бірлесіп жоғары деңгейге көтеру. Сайыстың нәтижесінде , бірінші орынға Ілиясова Задагүл , екінші орынға Шемшиева Салиха , үшінші орынға Ажибаева Айман ие болды . 2014 жылы "Қарлығаш" топ балаларының арасында "Жігіт сұлтаны" сайысын ұйымдастырдым , ондағы мақсатым : дарынды балалардың өнерін көрсету , сахнада өзін қалай ұстауды , еркіндікті , батылдықты , сенімділікті үйретіп , ары қарай әртүрлі сайыстарға қатысып , шыңдалып , бейімделуіне жол ашу . Нәтижесінде , бас жүлдеге Әмет Жасұлан , бірінші орынға Айтуаров Береке , екінші орынға Баянбай Әлішер , үшінші орынға Абдижамил Жасұлан мен Аманкелді Нұрахмет ие болды . 2015 жылы "Алтын күз" атты байқауы көрме түрінде ұйымдастырылды . Оған ата - аналарымыз өз балаларымен бірге табиғи материалдардан жасаған бұйымдарымен қатысты . Бірнеше ата - ана мен баласы жүлделерге ие болды.Ашық сабақ. Әлеуметтік орта . Қатынас .

Біз баршамыз бірге Елбасының ұлттық идеясы - жаңа , гүлденген Қазақстанды - "Мәңгілік елді" алға бастыруға бағытталған жоспарын жүзеге асыруға жұмыла атсалысуымыз қажет . "Қазақстан - 2050 " Стратегиясы елдіктің , бірліктің , еңбектің жемісі болмақ . Сол арқылы жетістіктерге жетеміз . Ата - бабаларымыздың арманы Мәңгілік Ел құру болған . Сол арманға біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында қол жеткіздік . Бүгінде ол ақиқатқа айналды . Еңселі еліміз , тұғырлы тәуелсіздігіміз бар . Әсем қала Астана мен Мәңгілік Ел ұлттық идеясын жүзеге асыру мүмкіндігін алдық .

Мен қазақ болып туғаныма , Қазақстанда тұрып , қазақ еліне қызмет етіп , соның ішінде еліміздің ертеңгі болашағы болған жас ұрпаққа тәрбие беріп жатқаныма өте бақыттымын . Еліміз жайнай берсін ! Қазақстанымыз мықты , мәңгілік ел болсын ! Болашақта Қазақстан мәңгілік ел болу үшін заман талабына сай ұрпақты тәрбиелеуде өз үлесімді қосамын . Қазақстан гүлдене берсін , көркейе берсін !













































"Менің педагогикалық философиям" Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің алғашқы баспалдағы балабақша екені белгілі . Жамбыл облысы , Жуалы ауданы , Нұрлыкент ауылында 2010 жылы ашылған "Айгөлек" шағын орталығында "Қарлығаш" , "Балдырған " топтары жұмыс істейді . Онда 2 мен 6 жас аралығындағы балалар тәрбиеленуде . Шағын орталықта барлығы 10 адам , соның ішінде 5 педагог бар . Олардың барлығы жоғары білімді . Шағын орталықта "Алғашқы қадам" , "Зерек бала" , "Біз мектепке барамыз" бағдарламалары бойынша оқу тәрбие жұмыстары жүргізілуде . Заман талабына сай педагогтар кәсіби шеберліктерін көтеру барысында әрдайым өз білімдерін шыңдаумен қатар біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады . Қазіргі таңда тәрбиешіге талап өте үлкен болып отыр . Әрбір елдің бірінші ойлайтыны - өз ұрпағының жайы болмақ . Ертеңгі болашағымыздың тағдыры жас ұрпақтың бүгінгі тәрбиесіне байланысты екені айтпаса да түсінікті . Жан - жақты білім алған , парасатты , саналы азаматты тәрбиелеп шығару , олардың жан дүниесін әлемдік өркениетке сай рухани қазыналармен байыту , халықтық педагогика дәстүрлерінің озық өнегелерін ой - санасына орнықтыру - бүкіл ел жұрт , ауыл - аймақ , отбасы , қоғамдық мекемелер болып бірлесе атқаратын аса жауапты міндет екені де айқын . Тәрбиенің осы бір сан - салалы , күрделі мәселелеріне күнделікті өміріміздегі қарапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол табуға тырысатын алғашқы білім баспалдағы - балабақшалардағы оқу іс - әрекеті болып табылады . Өйткені бала да "ұяда нені көрсе , ұшқанда соны ілетін" балапан сияқты , айналамыздағы әр нәрсенің қыр - сырын білуге табиғатынан ынтызар болып жаратылады . Құнарлы жерде өскен мәуелі ағаш тамыры секілді осы жаста берілген ұлттық тәрбиенің сөлі мен нәрін бойына сіңіріп , қуат алып өскен баланың өмірге деген бейімділігі де , зерделілігі де анағұрлым жоғары тұрмақ . Ал , баланы тәрбиелеу мен оқыту - ұзақ жылдарға созылатын , инемен құдық қазғандай , бейнеті ауыр еңбек екенін ескерсек , бұл орайда , педагог қауымының орны ерекше екеніне дау жоқ . Бүгінде балабақшада білім беру салалары "Денсаулық" , "Қатынас" , "Таным" , "Шығармашылық" , "Әлеуметтік орта " салалары бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде . Тәрбиешілер балалардың еңбек ету туралы ұғымдарын тереңдетіп , олардың шығармашылық ойлау мен қиялын , зейінін дамытты және балалардың танымдық белсенділігін арттыруда . Ұжымымыздың мектепке дейінгі ұйымдар арасында қол жеткізген табыстары да жоқ емес . Атап айсам : 2011 жылы Жуалы аудандық "Ең үздік шағын орталық" атты байқауына тәрбиеші Джалгасова Дина және мен Көптілеуова Кенжетай қатысып екінші орынға ие болдық . 2012 жылы тағы да "Ең үздік шағын орталық" атты байқаудан екінші орынға ие болды . Мектепішілік ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында өткізілген "Пай - пай , қазақтың келіндері - ай !" атты байқауға қатысып екінші орын және өнерлі келін номинациясын жеңіп алдым . Топтар арасында "Жігіт сұлтаны" байқауын ұйымдастырдым , ондағы мақсатым : дарынды балалардың өнерін көрсету , сахнада өзін қалай ұстауды, еркіндікті , батылдықты , сенімділікті үйретіп , ары қарай әртүрлі сайыстарға қатысып , балалардың шыңдалып , бейімделуіне жол ашу . Нәтижесінде Бас жүлдеге Әмет Жасұлан , 1 орынға Айтуаров Береке , 2 орынға Баянбай Әлішер , 3 орынға Абдижамил Жасұлан мен Аманкелді Нұрахмет ие болды . Балалар мен ата - аналар арасында "Алтын күз" байқауы көрме түрінде ұйымдастырылды . Оған көптеген ата - аналар өз балаларымен қатысып белсенділік танытты . Мақсаты : Әр түрлі табиғи материалдарды пайдалана отырып туынды жасап шығару . Нәтижесінде , бас жүлдеге Муханова Аруна мен анасы Зина , 1 орынға Тәжібай Бақдәулет пен анасы Ұлту , 2 орынға Жасанбай Нұралы мен анасы Толғанай , 3орынға Пазылбек Тәңірберген анасы Айымжан ие болды . Сондай - ақ ата - аналар арасында "Жыл ата - анасы" сайысы ұйымдастырылды . Бұл сайысты ұйымдастырғандағы мақсатым : Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін , сондай - ақ тәрбиенің жан - жақты , үздіксіз әрі бірізді үрдіс екенін ескере отырып , балабақша жұмысын ата - анамен бірлесіп жоғары деңгейге көтеру . Сайыстың нәтижесінде , 1 орынға Ілиясова Задагүл , 2 орынға Шемшиева Салиха , 3 орынға Ажибаева Айман ие болды . Ата - аналар балалардың тәрбиелеу үрдісіне қатысуға дайындығын көрсете білді. Қазақстан Республикасы Конституциясында былай делінген : "балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың құқығы әрі міндеті " . Отбасы баланың дамуын анықтайтын ең маңызды орта болып саналады . Балалардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау отбасылық тәрбиенің қателігінің алдын алу және жол бермеу , ата - ананың педагогикалық мәдениетін көтеру . Сол үшін ата - аналармен ай сайын жиналыстар өткізіледі , сауалнамалар , анкеталар толтырылып , баяндамалар оқылып әр түрлі кеңестер беріледі . Біз балабақшаға келген баланың тәрбиесіндегі кемшілік тұстарын жетістіріп , оны дене және ой еңбегіне үйретуге , күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге баулимыз , адал болуға тәрбиелеп , жақсылықты үйретуге , жамандықтан жиренуге үйрету арқылы бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға тырысамыз . Бала тәрбиесі жас шыбық тәрізді , қалай исең , солай қарай иіледі . "Адамды адам ғана тәрбиелей алады" - деген қағида кімге болса да басшы болуы тиіс . Өз басым бала тәрбиелеуде өзімді ұстамды , сабырлы болуға шақырдым . Өйткені әр балаға жеке тұлға ретінде қарау керек . Балалармен балаша ойнап , бала сияқты ойланып , психолог болу қажет . Тәрбие жұмыстарында , оқу үдерісінде баланың көңіл - күйіне , жан дүниесін түсінуге әрекет жасау керек . Тәрбиеші өзін жинақы , тіл байлығы күшті , мәдениетті тұлға ретінде көрсете білсе , бала да балабақшада жақсы тәлім - тәрбие алады . Балабақшадағы бала - ойын баласы . Сол үшін тәрбиеші балаға үйрететін санамақтарды , ойындарды , тақпақтарды , ертегілерді жатқа білуі қажет . Балаға зейін қойып , оны тыңдасаң , бала саған жақын болады . Балаларды жақсы , жаман деп бөлуге болмайды . Әр баланың көрінбейтін бір өнері болады , тек соны біз уақытында көріп , сыртқа көрсете білуіміз керек . Тәрбиеші деген сөз - алдымен баланы тәрбиелейтін адам , сосын білім беретін ұстаз . Мен тағы да тәрбиеші деген - баланың екінші ата - анасы , досы , көмекшісі , үлі тұтар тұлғасы дер едім . Қазіргі таңда жаңа технологияны оқу іс - әрекетінде қолдану балалардың білімдерін жетілдіріп , олардың танымдық дамуын арттырады . Болашақта алдымызға қойған көптеген мақсаттарымызға жетеміз - деп ойлаймын . Менің басты міндетім : тәрбиеленушілерге дұрыс бағыт - бағдар беру . Өзін іс жүзінде көрсете білуге және жасаған жұмысында жетістіктерге жетуін қамтамасыз ету . Балабақша әр үйдің еркесі , әпештеген ұлы мен қызы тәрбиеленетін орын . Мұнда олар таңертең келіп , кешке қайтады . Балалық шақтарын қызықты өткізіп , қазіргі заман баласын тәрбиелеу біздің міндет . Тәрбиеші оқу - тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап , жаңа заман талабына сай , озық дәстүр ұлттық рухында тәрбиелеп сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс - тәсілдерін пайдаланса , игі нәтижеге жетеді . Ел болашағы - білімді ұрпақта . Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де , еліміздің әл - ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар . Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбие мен білім беру мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады . Бала - келешек , бала - үміт , бала - өмірдің жалғасы . Сол себепті балаларды тәрбиелеу - баршаның ісі .

© 2010-2022