Ашық тәрбие сағаты Тілашар 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тілашар

I - жүргізуші Асалаумағалайкүм, уа халайық

II - жүргізуші Армысыздар ардақты аталар мен аруана апалар!

Мұғалім - Кешегі сәбилеріңіз мектеп табалдырығын аттап отыр.

  • Сәт сапар тілейік білім жолына қадам басқан

бүлдіршіндерге

I - жүргізуші Кешегі сәби балаңыз,

Жарады міне, қараңыз.

Білім, ғылым жолына

Енді қайың саламыз.

II - жүргізуші Қош келдіңдер, балдырғандар,

Қадамдарың құтты болсын

Мектеп мынау, есік ашық

Тек әдебің мықты болсын.

I - жүргізуші Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.

Шашу шашылды (шашу әні айтылды)

  • Қадамдарың құтты болсын!

  • Жақсы оқып, талантты шәкірт болыңдар!

II - жүргізуші Шашу шашты жеңгелер

Сылдырлатып теңгелер

Тілашардың шашуын

Сәт қадамға теңгерер.

I - жүргізуші Уа халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Бүлдіршіннің ортада

Тілашарын тойлайық.

II - жүргізуші Қайсы күйші, - кім биші,

Талабына қарайық,

Кімдер зерек, кім нақыл

Таланттарын табайық.

I - жүргізуші Асқар анау аталар

Салиқалы апалар

Ұрпағың бұл тағы бір,

Бүгін шәкірт аталар!

II - жүргізуші Уа, халайық, халайық

Мектепке бір қарайық

Ыбырай Алтынсаринның

Дидары тұр ғажайып.

Мұғалім Ы.Алтынсарин деген кім?

  • Қазақтың ұлы ағартушысы, алғашқы мұғалім. Ол қазақ

балалары үшін тұңғыш мектеп ашып, оқулық жазған.

  • Ыбырай атаның қандай өсиетін білесіңдер?

Хор Кел, балалар, оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық

Мұғалім Балалар ұлы атамыз Абайдың - бізге қалдырған өсиетін

еске түсіреміз.

Әсемпаз болма әр неге

Өнерпаз болсаң әр қалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан.

Мұғалім Ал балалар мына тұрған зәулім мектепте оқу үшін

оқушыда қандай қасиеттердің болуы қажет?

Балалар Зейінділік, зеректілік, тапқырлық, әдептілік,

қайырымдылық қасиет.

Мұғалім Балалар біздің мектеп кімнің есімімен аталды?

  • Кемел Тоқаев

15-жыл болды мектебім

Кемел ата атында

Құрметтейді мектепті

Жасы, кіші, қарты да.


  • Ондай болса құрметті ата-аналар, ұстаздар. Сіздер бүлдіршіндеріміздің салтанатты түрде ант беру сәтінің куәгері болыңыздар.

  • Қазақ өте шешен халық. Жасөспірімдер шешендікке үйренуде көп тер төгіп, жатпай, тұрмай ізденген. Ал кәнеки кімнің тілі жатық екен, соны сынап көремін. Мен қазір жаңылтпаш айтамын, сендер қайталаңдар, жәрайма?


  1. - Ақ шар бар.

Көк шар бар.

Бес шар бар.

Көп шар бар.


  1. - Сабақты Айдар айтар

Білсе айтар

Білмесе Айдар

Қайдан айтар.


  • Тебеншек ат - шегіншек

Шегіншек ат - тебеншек.


  1. - Кісінің ісі кісіде

Кісінің күші ісінде.

  1. - Көзіңді жұмып-аш

Деді жұмашқа Күләш.

- Бәріміз - бірімізді ойлаймыз.

Біріміз - бәрімізді ойлаймыз.

  1. - Жоғалды бес шыбыш

Жоқ әлі еш сыбыс

Жоқ әлі еш сыбыс

Жоғалды бес шыбыш

Хор: Ән: «Тілашар»

Мұғалім Балалалр тамақтың ең үлкені не?

  • Тамақтың ең үлкені нан. Нанды құрметтеу керек. қарындарың ашқанда ең бірінші іздейтін ас -та нан. Нансыз тіршілік жоқ. Нан қоқымын шашпаңдар.

Хор 1. Ей балалар, балалар

Нан қоқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар 1-2 бала


  1. Нан болмаса бағаңның кетері бар

Нан мен ғана өмірдің өтері бар

Жолда жатса егерде бір үзім нан

Арланбай-ақ сен оны көтеріп ал


  1. Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар.

Нанда адамның еңбегі мен ары бар

Нан өмірдің ана сүті, арқауы

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар


  1. Бір кезде болып нанға зар

Қадірін білмеген адамдар

Әулие тұтып, нанды ұстар

«Нан ұрсын» - деп қарғанар.

Мұғалім Балалар, сендер өтірік өлеңдер айта аласыңдар ма?

Ендеше, мен өтірік өлең айтайын, сендер соның өтірігін

шығарыңдаршы.

  1. Іздеп жүрген қойларым

Су астында жүр екен

Қайдан шошып балықтар

Жағалауда тұр екен


  1. Байлап қойып төрт пілді

Екі маса көп күлді


  1. Көлден балық шықты да

Жан-жағына қарады

Қабағын сәл шытты да

Шашын сәндеп тарады.

Мұғалім Балалар, мен өтірік өлең айттым ал сендер шын өлеңдер айтып

беріңдер.

Жарқ еткендей ақ алмас,

Себелеп нұрын көкте күн

Оянғанда сана алғаш

Шақырдың сен мектебім.

Алдымда бақыт, ырысым

Кеудеде мәңгі көктемім

Біліммен кеңір, тынысым

Ақылшым, досым, мектебім

Ақылшы, досым, мектебім

Кемені мен басқарып

Көк жүзіне самғасам,

Тауды бұзып, тас жарып

Мұхиттарды жалғасам

Таңдандырар бар елде

Ғажап үйлер сала алсам.

Жасартатын әжемді

Дәрі де ойлап таба алсам

Сырлары көп ғылымның

Шешілмеген әлі де

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріне

Сынып жарық, тыныш тым,

Сезілмейді тынысың

Ұстаз шығып алдыға

Бір күлімдеп алды да,

Алғаш сабақ бастады

Аялап, іс басқарды.

Әрбір сөзі - жаңалық

Әсем ойы - даналық

Ұстаз қандай көңілді

Көзінен нұр көрінді

Хор Білім күні - тойымыз

Өсті шаттық ойымыз

Еңбекке кім ерінсе

Кесірленіп кергісе

Айтқан сөзді ұқпаса

Ақылына тұтпаса,

Оған білім қонбайды.

Ол шәкірт боп оңбайды.

Олақ болмай кім де кім

Орындаса міндетін,

Озат болып оқыса,

Ойға білім тоқыса,

Ол оқушы үлгілі -

Ойдың жүйрік дүлдүлі.

Қоңырауын сылдырлап

Шақырасың «Кел, кел!» - деп

Қолында гүл бір бума

Құттықтайды жер мен көк

Сылдырлайды, сыңғырлайды

Мектеп жақта қоңырау

Ұмытпаймыз бұл бір айды

Гүлге толған омырау.

Қадірлі мектеп, бұл мектеп

Оқыған ата-анамыз

Атыңды сенің, құрметтеп

Әрқашан еске аламыз.

Мен кішкентай баламын

Айтқан тілді аламын

Айтқан тілді алмасам

Қайтып адам боламын.

Балапан биі

Хор Ән «Мектебім»

Мұғалім Сөз тізбектерін оқыту

Ма (3) апорт тәтті алма

Ла (3) Асан жақсы бала

Ра (3) бал жинайды ара

Са (3) ызыңдайды маса

Ай (3) жайылып жүр тай

Ой (3) қорада тұр қой

Ыр (3) ырылдайды қасқыр

Ақ (3) ойнақтайды лақ

Ал кәнеки, балалар сендер есепке қандай екендіктеріңді байқап көрелік.

Төрт бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бар алма

Біреуін бер Шынарға

Сонда қалмақ неше алма?

Шығармақ боп кеше есеп

Жиналған да бес есек

Үшеу ұйықтап отырды

Ықтасады неше есек?

Ән «Үйретеді»

Мұғалім Енді сендердің ата-аналарыңның көмегімен бір ойын ойнайық. Мен жан-жануарлар мен құстардың атын айтамын. Ал сендер олардың қалай дауыстайтынын айтып беріңдер!

Әтеш шақырады,

Есек бақырады

Бақа бақылдайды

Шыбын ызыңдайды

Ит ырылдайды

Қаз қаңқылдайды

Жылқы кісінейді

Сиыр мөңірейді.

Ән «Қошақаным»

Қазақ биі «Қара жорға»

Осымен мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

«Күн сөнбесін»


© 2010-2022